Мазмұнға өту
Yesken08

УГД Жамбыл

@Yesken08

Сайтта 2018 ж. 29 маусымКазахстан, Тараз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

104

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

240

Сыбайлас жемқорлық «Кеселдің алдын алу»

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап,бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» № 1550 Жарлығын іске асыру мақсатын…

0
0
438

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұр…

0
0
518

Жалақының салық пен зейнетақыға аударылатын мөлшерін қалай есептейді

Міндетті зейнетақы жарнасы "Зейнетақымен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалдамалы еңбек шартымен жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жалақысынан 10 пайызы ұсталады. Жұмыс беруші бұл ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы тиіс. Бұл орындалмаса салық комитетінің өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сүйене отырып айыппұл салуы мүмкін. Сондай-ақ кез келген жеке тұлға өзінің зейнетақыдағы қорындағы аударымдарын жеткіліксіз деп санаса, онда ол қосымша аударым жасай алады", - дейді экономист маман. Маманның сөзінше, салымшылардың жинағы "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында" шоғырланады. Қордағы ақша пайда табу мақсатында айналымға түседі. Яғни қордағы қаржының кірісін арттыру үшін олар әртүрлі қаржылық құралдарға инвестицияланады. Егер де әртүрлі себептерге байланысты…

0
0
143

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт ел…

0
0
176

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Баспасөз анонсы2019 жылғы 26 маусымда сағат 15-00-де Нұр-сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша орналасқан «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.Сұрақтарды [email protected] электрондық мекен-жайына жіберуге болады.Кері байланыс үшін өз мәліметтеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.Сіздің сұрақтарыныздың жауабы ҚР Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz сайтында халықпен кездесу өткізілгеннен кейін орналастырылады.Call center: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-55.ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіПресс-анонс26 июня 2019 года в 15-00 в Казахском национальном университете искусств «Шабыт» по адресу: г. Нур-Султан, п…

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және шетел мемлекеттерінің тәжірибелері

Сыбайлас жемқорлықпен күресу біздің қоғамымыздың және мемлекетіміздің өміріндегі көкейтестісі проблема болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау – Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы ең басымдысы. Қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2014 жылдың 26 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияда жүргізуші рөл болдырмау сипатындағы шараларға берілген, нақтырақ айтқанда сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту алғышарттарына зейін қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана қалыптастырудағы шетелдік тәжірибені зерделеу мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық жағдайын жасайтын нысандардың мүмкіндіктері, қ…

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы

«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің…

50 елдің қатарына қосылу стратегиясы

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап…

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрестің бұрынғы үлгілерін жетілдіруге тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда. Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан…

"Нөлдік төзбеушілік" принципі бойынша

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілерінің бірі болып тәртіпсіздікке нөлдік төзбеушілік принципі белгіленді, құқық бұзушыларға мемлекеттің кез келген тәртіпсіздіктің жолы кесілетінін жеткізу үшін, ең ұсақ құқық бұзушылыққа қатаң жаза көзделген. Осы принцип қоғамдық қауіпсіздіктің және қылмыспен күрестің маңызды қадамы болуы тиіс. Мүлдем төзбеушілік - бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтарға шыдауды қаламау. Бұған ең ұсақ бұзақылық, қоқыс лақтыру да жатады, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол…