Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және шетел мемлекеттерінің тәжірибелері

Сыбайлас жемқорлықпен күресу біздің қоғамымыздың және мемлекетіміздің өміріндегі көкейтестісі проблема болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау – Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы ең басымдысы. Қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2014 жылдың 26 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияда жүргізуші рөл болдырмау сипатындағы шараларға берілген, нақтырақ айтқанда сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту алғышарттарына зейін қойылған.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана қалыптастырудағы шетелдік тәжірибені зерделеу мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық жағдайын жасайтын нысандардың мүмкіндіктері, қандай әдістер, құралдар пайдалану туралы ақпараттар алудағы ең маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Сонымен, мысалы ХХ ғасырдың басына дейін Швеция елі сыбайлас жемқорлықпен түгел зақымданған мемлекет болып саналған. Бірақ мемлекет басшыларының мемлекеттті толық модернизациялау туралы стратегиялық шешімі қабылданғаннан кейін онда шенеуліктердің ұсақ пайдакүнемшілік ұғымдарын толық жоюға бағытталған кешенді шаралар әзірленді және орындала бастады. Мемлекеттік реттеу адал және жауапкершілікпен басқаруды – билік органдарынан алынатын тыйымдар мен рұқсаттардың көмегімен емес, ал салық, жеңілдіктер және жәрдем беру арқылы ынталандыруға негізделді. Азаматтар үшін мемлекетті басқару ішкі құжаттарына рұқсат ашылды, ол барлық қызығушылық танытқандарға мемлекеттің қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік берді, ең бастысы – тәулсіз және тиімді сот төрелегінің жүйесі құрылды.

Келесі көрсеткіш мысал – Сингапур. 1965 жылы тәуелсіздік алған уақытта Сингапур өте жоғарғы сыбайлас жемқорлық деңгейлі мемлекет болған. 1959 жылы Сингапурдың Премьер-министрі Ли Куан Ю ащы су мен құрылыс құмына дейін әкелінетін порттық қаладан Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы және сауда орталығын жасау шешімін қабылдады. Ол үшін сыбайлас жемқорлықтың деңгейін елеулі өзгерту қажет болды. Оны төмендету стратегиясы кешенді болды. Шенеуліктердің әрекеттері регламенттелді, барлық заңдардағы екі мағыналық жойылды, көптеген рұқсаттар және лицензиялау күшін жойды, заң үстемдігі және заң алдында барлығының теңдігі принципі мүлтіксіз және сабақтастықпен сақталды, билік органдарының қызметіндегі тәртіптер оңайлатылды, этикалық стандарттарды сақтауға қатаң көңіл бөлінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания басталғанда сыбайлас жемқорлыққа арсы әрекеттер бойынша арнайы Бюро тіпті Ли Куан Ю үкімет министрлеріне және оның туыстарына қарсы тергеуді бастамашылады. Және сыбайлас жемқорлықтары   ашылған кейбір министрлердің нақты мерзімдеріне тұтқындау үкімдері шығарылды. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендете Ли Куан Ю сингапурлықтарға жігерлі және білікті еңбек әрқашан жоғарғы төлемге және өмірдің жоғарғы деңгейіне әкелетінін көрсете білді.   Сингапурдың мемлекет ретінде сыбайлас жемқорлықтан қауіпсіз және азатшыл бейнесін құру экономикаға ішкі және сыртқы инвестицияларды тартты, мемлекеттің жылдам экономикалық өсуіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтары сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау және оны анағұрлым жасағандардың жауапкершіліктен кету мүмкіндіктерін қысқарту мақсатында тұрақты түрде қайта қаралып отырғанын да атап өткен жөн. Осымен бірге сот жүйесі нығайтылды, судьяларға артықшылық мәртебесінен басқа жоғарғы ақы берілді. Парақорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеулерден бас тарту үшін қатаң экономикалық санкциялар да енгізілді. Біртекті емес акцияларда қолданды, тіпті кеден және басқа да сыбайлас жемқорланған мемлекеттік қызметтердің жұмыскерлерін жаппай жұмыстан шығаруға дейін жетті. Бүгін Сингапур сыбайлас жемқорлық жоқ, экономикасы еркін және дамыған мемлекеттердің ішінде жетекші орын алады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесін зерделеумен айналысқанда мысал ретінде Қытайды тыс қалдыруға болмайды. Қытайда жеке меншік билік органдарымен қорғалады. Заңды кәсіпкершіліктің меншігіне қылмыстық қол сұғудың әрқайсысы бұл мемлекетте өте ауыр мемлекеттік қылмыс есебінде қарастырылады.   

Жеке меншік құқығы сонымен қатар нормалардың ойпатылығымен және мемлекеттің және   жеке тұлғалар арасындағы келісім-шарттардың жүзеге асу мерзімі көмегімен қорғалады. Мемлекеттің билік органдары осындай келісім-шарттардың ережелерін, уақыт өте қандайда бір экономикалық қызметтің шарттары немесе саяси жағдайлар өзгерген сәттерде де   ешқашан өзгертпейді.

Адал жұмыс істейтін шенеуліктер көптеген жеңілдіктерге және қоғамның сыйына ие болады. Олардың өмір сүру деңгейі қызмет барысында тұрақты өзара әрекет ететін бизнесмендердің өмірінің деңгейінен айырмашылығы аз, оларда пәтерді қосқанда, кәрілік бойынша лайықты зейнетақы, Қытайда өте жоғары бағаланатын балалардың тегін білім алуы, және тегін медициналық қызмет көрсету сияқты жақсы әлеуметтік қамтамасыз етулер беріледі. Сондықтан барлық қытайлық шенеуліктер экономиканың өсуіне және мемлекет басшылығымен дайындалған экономикалық қызмет стратегиясын қатаң орындауға аса қызығушылық танытады.

Қытайда мемлекеттік қызметкерлердің жоғарғы моральдық және адамгершілік принциптерін қалыптастыруға, сонымен қатар олардың борышкерлік және өздерінің қызметтеріне жауапкершілік сезіміне көп көңіл бөлінеді. Осы мақсаттар үшін Ху Цзиньтао әзірленген Қытай азаматтары үшін «сегіз принциптен тұратын моральді кодекс» қолданылады.

         Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, оны еңсеруде нақты жетістіктерге қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық таныту біздің жалпы ұлттық мәдинетінің бөлігі болуын қалыптастыру қажеттілігін ескерген дұрыс. Бұл міндет кешенді түрде, сондай-ақ тұрмыстық тұрғыдан шешілуі қажет.

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және шетел мемлекеттерінің тәжірибелері - Yvision.kz