Қызық кітап
Сәлем достар, сіздермен бірге Ерлан Байжан, және оқып отырғандарыңыз «қызық кітап» атты блог жобамның бірінші нұсқасы. Айта кетейін, бұл жоба өзім оқып танысқан кітаптарға шолу болып табылады. Қазіргі таңда жазылып жатқан кітаптар өте көп, сол сан түрлі кітаптың арасынан, ойға ақыл салып өз пікірімізді қалыптастыратын әдебиеттерді табу мақсатында жасалып шыққан кішігірім шығармам. Бұған не түрткі болғанын айтып өткен де жөн, ол Бауыржан Бұқарбайдын «күміс кітап» атты еңбегі. Бауыржан Бұқарбай дегеніміз кім? Ол ҚазҰУ-ның түлегі, жазушы, саясаткер жасы небәрі 28-де болсада төрт кітаптың шығарылуына ат салысқан және бір кітапты өзі жазып шыққан. Ал, қазір сол Бәкеңнің туындысымен танысамыз. Бәкең не демиді, бірақ оның қам жеп отырғаны қазақ жастарының кітапты оқу тұрмақ, бір екі сөзге көз жү…