Қызық кітап
Сәлем достар, сіздермен бірге Ерлан Байжан, және оқып отырғандарыңыз «қызық кітап» атты блог жобамның бірінші нұсқасы. Айта кетейін, бұл жоба өзім оқып танысқан кітаптарға шолу болып табылады. Қазіргі таңда жазылып жатқан кітаптар өте көп, сол сан түрлі кітаптың арасынан, ойға ақыл салып өз пікірімізді қалыптастыратын әдебиеттерді табу мақсатында жасалып шыққан кішігірім шығармам.
Бұған не түрткі болғанын айтып өткен де жөн, ол Бауыржан Бұқарбайдын «күміс кітап» атты еңбегі. Бауыржан Бұқарбай дегеніміз кім? Ол ҚазҰУ-ның түлегі, жазушы, саясаткер жасы небәрі 28-де болсада төрт кітаптың шығарылуына ат салысқан және бір кітапты өзі жазып шыққан. Ал, қазір сол Бәкеңнің туындысымен танысамыз. Бәкең не демиді, бірақ оның қам жеп отырғаны қазақ жастарының кітапты оқу тұрмақ, бір екі сөзге көз жүгіртіп шығуға да ынтасының жоқтығы. Оған дәлелі кітабында көрсетілген статистикасы болып отыр. Статистикаға жүгінсек жастардың 80%-ға жуығы кітаптың бетін ашпайды. Яғни келешек ұрпақ сана-сезімі төмен, өзінің ойлау қабілеті жоқ зомбилеге толы болмақ. Соның алдын алу мақсатында жазған еңбегіғой. Тағы бір айта кететін жәйіт, бұл шығарманы оқып отырған адамдардың 90%-ы немесе оданда көбі кітапты оқығанды жақсы көреді деп ойлаймын, сондықтан сіздердің кішігірім кітапханаларыңыз да болуы мүмкін. Ал кітапхана болғансоң оны қызық көріп сұрайтын да адамдар бар. Енді ең маңыздысы кітаптің қадірін кетіруге болмайды дейді Бәкең және мен онымен толықтай келісемін, өйткені сізден кітапты алған адам дәл өзіңіздей кітапты жақсы көрмеуіде мүмкін, Бақытжан былай дейді «сол кітаптарыңа бір көз жүгіртіп, менде оқи аламын дегендей біреуін сұрап алады, оны алған соң оқу тұрмақ бетінде ашпайды, балаларына беріп олар беттерін жыртып»- масқара болып аяқталады. Кітапты бермеген жөн, бергің келсе сыйға тарт. Тағы бір тарауында кітапты таңдауды үйрен делінген, егер таңдай алмасаң ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын оқы дейді. Өзі он мың тұлғанын өмірбаянын оқыпты. Бұл ойыменде толықтай келісемін.
Өзім талай ұсқынсыз жазылған кітаптарды сатып алып амалсыз оқығаным да бар. Енді бір тарауында балаңа кітап оқы дей тұра өзің қалтафонды шұқылап отырсаң, балаң қайдан кітап оқысын дит. Онысы рас кіші үлкенге қарап өседі, кішіге ақыл айтпас бұрын оны өзіңіз істеген болсаңыз сол абзал. Өздеріңізде байқайтын шығарсыздар бүлдіршіндердің айтқаныңды қайталап көргенін істеп жататынын. Негізі «күміс кітаптың» бас кейіпкері Бауыржан, кейіпкері Бауыржан болған себепті де оны ары оқыған қызықтай түседі, өйткені өмірдің қай жерде қалай өзгеретінін білмейміз, Бәкеңнің бастан кешкенін оқып шығуға шақырамын!
Келесі жүздескенше аман болайық. Кітап оқыңыздар!
