Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Он алты қыз» әні қалай пайда болды?

Әнді алғаш халыққа жеткізген Әли Құрманов. Атақты «Он алты қыз» әнін «Дос-Мұқасан» ансамблінің төлқұжаты десе де болады. Әзіл-қалжыңы араласқан туындыны бүгінде күллі қазақ жатқа біледі. Соңғы кездері музыка зерттеушілері «Он алты қызды» XX ғасырдың басында өмір сүрген әнші, композитор Шынтас Қаратаевтың әні деп жүр. Ал, шығарманың шығу тарихы мынадай. Бірде Орал қаласына көрші Ресейден қонақтар келеді. Олардың ішінде Рая деген әйел де болған. Қазақша білмейтін қонақтарға сөз түсінікті болуы үшін Шынтас Қаратаев арқаланып, бірнеше қыздың атын әнге қосып, соңында «Я тебя люблю, Рая» деп қайырады. Ал, кейін әнді халыққа жеткізген Әли Құрманов. «Он алты қызды» әр әнші өзінің орындау мәнеріне икемдеп, лирикалық немесе юморлық қылып шырқап жүр. Десек те, шығарманың құрылымы батыс өлкесінің дәс…

0
0
2187

Солақайлықтың сыры неде?

Әлемде әрбір жетінші адамда кездесетін солақайлық қасиет туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» ой қозғайды. Солақай – оң қолынан гөрі, сол қолымен жазуға, әрекет етуге ыңғайланған адам. Жалпы, солақайлар тумысынан дарынды келеді дейді ғалымдар. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін қандай да қиыншылыққа көнуге даяр. Солақайлық жұмыр басты пенденің кез келгеніне бұйыра бермейтін қасиет. Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызын солақайлар құрайды. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйелдерден гөрі ерлер қатарында солақайлар көп.  Сондай-ақ, Жер шарының оңтүстігінде тұратын халықтарда солақайлық өте жиі кездеседі, дейді мамандар. Бұл нендей құбылыс? Артықшылық па, кемшілік пе? Ауытқушылық па, әлде ерекше қабілет пе?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

0
0
875

Сағат әженің 58 немересі, 70 шөбересі және 4 шөпшегі бар

Тұрар Рысқұлов ауданында 103 жастағы әжей тұрады. Сағат Қалқабаева әжеміз жастайынан еңбекпен шыңдалған. Күні бүгінге дейін дәрігерге қаралмаған. Сау саламат. Бос уақытысында қолөнермен айналысады. Талайды таңғалдырып келген әженің бүгінгі қажырлы қайратына біздің тілшілеріміз де тәнті болып қайтты. Сағат әже өмірінде оразасын бұзбаған, намазын қаза қылмаған жан. Биыл да жылдағы қалпынан талмай ауыз бекітті. Соған қарамастан қария қол қусырып қарап отыруды жөн санамайды. Күні кешке дейін үй тірлігіне араласып кетеді. Жастайынан қолөнерді серік еткен ол бүгінде сол өнерге немере, шөберелерін баулуда. Қимылы ширақ, денсаулығы сыр бермеген Сағат әжені сырттай бақылап, 103-ке келді деуге ауыз бармайды. Сағат ҚАЛҚАБАЕВА 103 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ /Дағдыма білмеймін. Жас кезімнен осы қолөнермен айналысып…

0
0
503

«КAZsport» телеарнасы «Ордабасы» клубымен иерусалимдік «Бейтар» арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ спорт жанкүйерлеріне қуаныш сыйлауды жалғастырмақ. Еуропа Лигасында доп тебетін клубтардың ойындарын тікелей эфирде көрсету үшін шетелдік әріптестермен келісімге келді. «Бейтар» (Израиль) мен «Ордабасы» (Қазақстан) клубтары арасында өтетін ойынды тікелей эфирде 9 шілдеде Астана уақыты бойынша 23:00-де «КAZsport» телеарнасы көрсетеді. Ал, ойынды тікелей эфирден көре алмаған жанкүйерлер қайталауын 10 шілдеде сағат 10:00 және 22:00-де тамашалай алады.

Еске сала кетейік, «Ордабасы» және «Бейтар» арасындағы 2 шілдеде өткен алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталған.

0
0
211

Жанболат пен Жазира: Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана

ҚР Мәдениет қайраткерлері, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Отбасылық құндылықтар туралы ой өрбіткен Жазира Байырбекова: «Отбасының беріктігі кешірімділікпен сақталады. Ер мынадай, әйел мынадай болуы керек деп, кесіп айту қиын. Себебі, әр адамның мінезі әр түрлі»,-дейді. Ал, Жанболат Ербатыров: «Отбасылық өмірге қадам баспас бұрын әр адам өзіне үлкен жауапкершілік алғаны дұрыс»,-деген пікірде. Жазира Байырбекованың орындауындағы соңғы әннің бірі «Майлықожаның термесіне» тоқталған әнші: «Халық әндеріне аз да болса, үлес қосайық деген ниетпен осы туындыға бейнебаян түсірдік. Біздің жасап жатқан еңбегіміз теңізге тамған тамшыдай ғана. Әзірге жастарға ұнап жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
312

Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ

Битбоксшы, «Астанаға арнаймын» байқауының үздік қатысушысы Жұматай Ахметхан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Оқып жүрген кезімде осы өнермен айналысатын бала болды. Соған қызығып жүріп, үйреніп алдым. Жалпы, битбокс – биттан тұрады. Шетелде жақсы дамыған. Сонау 1990-шы жылдары пайда болған өнер біздің елде енді өріс алып келеді. Жастар ерекше қызығады. Бағалап та жатыр. Дамуы әлі алда»,-дейді Жұматай Ахметхан. «Күнделікті тұрмыста, жұмыс істеп жатқанда, оқуға барарда музыка тыңдап отырып, әннің ырғағына қосылып жасаймын. Жүре дамитын өнер. Арнаулы ән керек емес, бастысы – ырғақ болса жетеді. Әншілермен бірігіп ән айтуға әлі ерте. Себебі, менің тәжірибем аз». «Менің бұл өнермен айналысып жүргеніме екі ай ғана болды. Негізі битбоксты толық меңгеру үшін бір жылдай уақыт керек». Толығырақ…

0
0
386

«Қазақ аруы»

«Қазақ аруы» байқауының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» біле аласыздар. Ширек ғасыр қазақ қызының әсемдігі мен ақылдылығына таразы болып келген «Қазақ аруы» байқауы бүгінде кең өріс алып келеді.  Мұны қазіргі таңда жиі ұйымдастырылатын мектепаралық, аудан, облысаралық арулар байқауынан көруге болады. Құртқа мен Гүлбаршын секілді ақылына көркі сай қазақ сұлуларының бүгінгі сіңлілері қандай? Олардың ізбасарлары кімдер? «Қазақ аруы» қазақ аруы деген мәртебелі есімге лайықты бола алып жүр ме? Алғашқы «Қазақ аруы» кім? Қазір қайда? Немен айналысады?

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

0
0
208

Астана – арман қала

«Әйел бақыты» хабарында 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде болған өзгерістер мен жаңалықтар туралы сөз қозғалмақ. Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Күні кеше ғана Астана тұрғындары мен қонақтары, тұтас Қазақстан халқы қала күнін қуанышпен қарсы алды. 17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде де біршама өзгерістер болды. Шетелдік компаниялармен бір­лескен отандық кәсіпорындардың эко­номикалық ынтымақтастығы нәтижесінде қала экономикасына инвестиция тартуға мүмкіндік туды. Өткен жылдар ішінде шетелдік инвесторлар Халықаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, дипломатия­лық қалашық объектілері, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлт­тық кітапхана, «Хан Шатыр» сау­да-ойын-сауық орталығы және т.б. маңызды нысандар құрылысына айтарлықтай қар…

0
0
214

«Жігіттер» квартеті — «Таңшолпан» студиясында қонақта

Елордада өткен «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесінде «Жігіттер квартеті» «Ең үздік жігіттер тобы» аталымы бойынша жеңіске жетті.

«Бұл марапат Астана күні қарсаңында біз үшін өте керемет сый болды. Еңбектің еленгені қуаныш сыйлайды», дейді әншілер.   Топ алдағы уақытта елордада ән кешін өткізбек. «Қазіргі уақытта жаңа әндер жазу үстіндеміз. Астанада жеке концерт берсек деген жоспарымыз бар. Бұл - Алматыда өткен «Құстармен сырласу» атты кешіміздің жалғасы. Тыңдармандарымызға үнтаспаларымызға енген, бірақ, сахнада, концерттерде орындалмай қалған әндерді ұсынатын боламыз», дейді топ мүшелері.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
604

«Елбасы жолы: от- өзен» драмасын көріңіз

Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Арынбасарова, Жан Байжанбаев, Нұрлан Әлімжанов ойнаған фильмді бүгін 22:50-де тамашалай аласыздар.


Режиссер Рүстем  Әбдірашевтің «Елбасы жолы» киноэпопеясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады. Кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанына оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды.

0
0
916