Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Тамыздың 24-30 аралығында Астанадағы «Алау» мұз айдынында дзюдодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

2016 жылғы Рио Олимпиадасына жолдама беретін Әлем чемпионатына әр  елдің үздік спортшылары келмек.

Елімізде өтетін маңызды спорттық шарадан «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» толыққанды ақпарат таратып, 24-30 тамыз аралығында тікелей эфирді назарларыңызға ұсынбақ.

Сонымен қатар, көрсетілім барысында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арнасы Қазақстанның және әлемнің танымал спортшыларымен, бапкерлерінен, спорт мамандарынан сұхбаттасып, арнайы репортаж ұсынады.

0
0
257

«Бордо» — «Қайрат» матчы 1:0 есебімен аяқталды

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойын аяқталды. Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында өткен ойында «Бордо» командасы 1:0 себімен жеңіске жетті. Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе-Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Осыдан кейін «Бордо» шабуыларды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады. Екінші таймда да шабуылдар толастамады. Алайда ойыншылардың біраз шаршап қалғаны байқалды. Осылайша өте тартысты өткен матч 1:0 есе…

0
0
339

Темекіге қанша қаражат жұмсайсыз?

Әлем бойынша әр 6 секунд сайын бір адам темекінің салдарынан өмірден өтеді. Біздің елде де 4 миллионнан аса адам шылым шегеді деген мәлімет бар. Ал, сіз темекіге қанша ақша кететінін және қанша уақытыңызды жоғалтатыныңызды білесіз бе? Бүгінде темекінің бір қорапшасы орта есеппен алғанда 300 теңге. Бір күнде бір қорап темекі шегетін адам бір айда тапқан қаражатының 9000 теңгесін никотинге жұмсайды. Демек, бір жылда 108 мың теңге улы түтінмен бірге желге ұшады. Егер адам 20 жыл темекі тартса, 2,500 000 миллион қаржыны тек темекіге жаратады екен. Оған шылым бағасының жыл сайын қымбаттап жатқанын қосыңыз. Ал, бұл арадағы уақыт шығын бөлек әңгіме. Бір тал шылымды шегіп болғанша, орта есеппен 5 минут уақыт кетеді. Сонда бір күнде 1 сағат 40 минут уақыт зиянды іске арналады. Ал, 1 айда 60 сағат…

0
0
587

Қазақтан шыққан әр саланың тұңғыштары

Тұңғыш қазақ профессоры Санжар Асфендияров болса, Ата Заңның алғашқы жобасын жасаған қазақ – Барлыбек Сыртанов. Қазақтың мәдени-руһани дамуына тұңғыш болып үлес қосқан жандар туралы не білеміз? Қазақтан шыққан тұңғыш профессор – Санжар Асфендияров. 1927 жылы ол Нариманов атындағы шығыстану институтының директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, сол жылы оған Мәскеу университетінің профессоры атағы қоса берілді. Бірінші Ата Заңның жобасын жасаған қазақ кім? Ол – Барлыбек Сыртанов. Қазақ зиялы қауымы арасында тұңғыш рет «Қазақ елінің уставы» атты еңбек жазды. 1911 жылы шыққан жинақта сот билігінің тәуелсіздігі туралы мәселе қозғады. Білім беру саласында Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақстандық – Рафиха Бекенқызы Нұртазина. Сабақ беру әдістемесі бойынша 200-ден астам еңбектің авт…

0
0
2023

Джордж Крол: Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздері ерекше ұнайды

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Крол «Таңшолпанға» сұхбат берді. Елші «Таңшолпан» тілшілерін ерекше тосынсыймен қарсы алды. Қазақтың киіз үйінде ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынған Джордж Крол таңғы аста шұбат ішкенді тәуір көретінін айтады. «Сіздермен сұхбаттасу мен үшін зор мәртебе», деп сөзін қазақ тілінде бастаған Елші: «Қазақ тілі – өте әдемі. Маған тілді толық меңгеру үшін әлі көп оқып, тәжірибе жинақтау керек. Қазақ тілі – күрделі грамматикасы бар, логикасы бай тіл. Қазақ тілі – мен үшін әуен, музыка сияқты. Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздерінің мағынасы тереңде. Осы сөздер ерекше ұнайды»,-дейді. АҚШ елшілігінің ауласына киіз үй тіккен Джордж Крол: «Қазақтың киіз үйін көрген сайын қызығатынмын. Бұл – қазақ халқының…

0
0
578

Ринат Елубаев – импрессионистік модерн бағытында еңбектеніп жүрген суретші

Оның еңбектері елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаға ие болған. Импрессионизм – француз тілінен аударғанда «серпілік, еркіндік, бір сәттік әсер» деген ұғымдарды береді. Жанрдың басты идеясы академиялық бағыттан, яғни реализмнен алшақтау. Бір сәттік әсер арқылы ойды жеткізу. Жанрдың бастауында Мане, Вангог, Писара секілді қылқалам өнерінің әлемдік классиктері тұр. Бүгінде бұл жанр біздің елде де кең қанат жаюда. Ринат Елубаев импрессионистік модерн бағытында еңбектеніп жүрген суретші. «Сурет салу – көңіл күйіме байланысты. Қазақ болғандықтан ұлттық нақыштағы дүниелерді көп салуға тырысамын. Себебі, ұлттық құндылықты насихаттауымыз керек»,-дейді суретші. Табиғат аясында сурет салу – суретшінің басты кредосы. Ринат Елубаев көбінесе абстракциялық бағытта қалам тербейді. Оның еңбекте…

0
0
838

Астанада өтіп жатқан велотректен Әлем чемпионатында төрт Әлем рекорды орнатылды

Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Велотректен жастар арасындағы Әлем чемпионатында спринттік жарыста германиялық қыздар 33.962 нәтиже көрсетіп, 2012 жылы Ресей құрамасы орнатқан Әлем рекордын жаңартты. Ал, финалдық жарыста германиялық қыздар өздері орнатқан рекордтық көрсеткішті 33.899 нәтижемен тағы жаңартты.

Командалық жарыста британиялықтар 2013 жылы 4.36 нәтижемен рекорд орнатқан болса, Жаңа Зеландиялық спортшылар Астанада 4.35 көрсеткішпен жаңа рекордты тіркеді.

Ерлер арасындағы командалық спринтте Ресей құрамасы 44.825 нәтиже көрсетіп, Әлем рекордың жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекорды Жаңа Зеландияға тиесілі болатын. Олардың нәтижесі – 60.312.

Айта кетейік, Әлем біріншілігін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

0
0
205

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын бүгін (жұма күнге қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.

Ал, «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те ойналады.

Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

0
0
244

Азамат Болатұлы: Жеңіске бір себеп – мықты қолдау

Үндістаннан жүлделі оралған кикбоксинг бойынша Азия чемпионы Азамат Болатұлы «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жеңіске бір себеп – мықты қолдау. Бапкерлеріміздің «Намысты қолдан берме!» деген сөзінен кейін, сенімнен шығуға тырысасың. Оған қоса, елден барған жанкүйерлердің де болысуы жанға демеу екен»,-дейді жеңімпаз. Кез келген сайысқа жан-жақты дайындалатынына тоқталған Азамат Болатұлы: «Жарысқа физикалық бағытта дайындалу өз алдына, психологиялық дайықдық аса қажет»,-дейді.

Спортшы сонымен қатар, таңғы бағдарламада  кикбоксингпен айналысатындардың тамақтану режимі, бос уақытын қалай өткізетіндерімен де бөлісті.

0
0
294

Мәдина Сәдуақасова: Маған дауысы «құлақтан кіріп, бойды алатын» әнші керек!

Әнші өзіне қажетті дауыс иесіне қояр талабын ашық айтты.

«Мен үшін ең алдымен қатысушы – мықты вокалист болуы керек. Дауысы керемет кең диапазонды болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар дауыс болса.

Бір естігенде елең еткізетін, тыңдағанда құлағыңнан кетпейтін, әнді орындағанда «құлақтан кіріп, бойды алатын» әнші керек».

0
0
506