Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Айгөлектің» жаңа маусымы жылдағыдан ерекше

Жуырда «Айгөлек» жобасының жаңа маусымы көрермендер назарына ұсынылады. Биылғы маусым жылдағыдан ерекше.

Бұл жолы балалар сайысқа түспейді. Тек үлкен сахнада ән айтып, өнерлерін ортаға салады.

Сазды жобаға «Айгөлек» жеңімпаздары мен еліміздегі және түрлі халықаралық байқаулардан үздік шыққан балалар қатысады.

Сондай-ақ, балақайлармен бірге эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

0
0
483

«KAZsport» телеарнасы Роман Жайлауовтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

19 қыркүйекте Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов бірінші орта салмақ дәрежесінде (15-0, 9 КО) жергілікті Томпсон Мокванамен (20-10-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. «KAZsport» телеарнасы кездесуді Астана уақыты бойынша сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді. Екі боксшы 3 минуттық 8 раундқа шығады. Ал, егер Роман осы жекпе-жекте жеңіске жететін болса 2015 жылдың қараша айында WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атағы үшін сынға түсе алады. WorldBoxingNews.net басылымына берген сұхбатында Р.Жайлауов пен оның бапкері Гарольд Вольбрехт жекпе-жекке дайындық барысы туралы айтты. «Ол нағыз талант. Жаттығу кезінде қай тілде сөйлеймін десең, өз еркің. Себебі бокс – ұлтаралық тіл. Сондықтан спортшылар көп нәрсені сөзсіз түсінеді», - деді…

0
0
260

Нұрлан мен Мұрат тобы қайта бірікпек

Нұрлан Бөлекбайұлы мен Мұрат Қожа бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Көпшіліктің сұрауы бойынша топты қайта құруды жөн көрдік. Нұрлан мен Мұрат халықтың есінде жақсы қалған. Себебі, мені жеке Мұрат Қожа немесе «Каспийдегі» Мұрат десе тани қоймайды. Бәрі Нұрлан мен Мұраттағы Мұрат деп біледі. Сол себепті, топты жаңғыртуды қолға алғалы отырмыз. Оның үстіне келер жылы Нұрлан мен Мұраттың құрылғанына 20 жыл толады. Сол жиырма жылдыққа дайындалып жүрміз. Қазір ән таңдау үстіндеміз. Кешті әдеттегідей емес, ерекше шоу ретінде ұйымдастырмақпыз»,-дейдіМұрат Қожа. «Шәкірт тәрбиелеуге әлі дайын емеспіз. Себебі, әрқайсымыздың өз шығармашылығымыз бар. Мысалы, Мұраттың дәстүрлі ән айтатынын халық біле бермейді. Қазір ол осы бағытта жұмыс істеп жатыр.…

0
0
640

«Таңшолпанда» — Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай

Ауыр атлетикадан ҚР ерлер құрама командасының аға бапкері Ержас Бекназарұлы, Азия чемпиондары Ермек Өміртай және Рүстем Сыбай бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Ауыр атлетикадан Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль алған Ермек Өміртай: «Жарыс жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы да керемет. Жеңіске деген сенім болды. Дегенмен, Қытай және Корея спортшыларынан күдіктендім. Олар біздің бұрыннан келе жатқан қарсыластырамыз»,-дейді. Ал, Рүстем Сыбай: «Дайындық жақсы болды. Қарсыластарым – Иран және Корея елдерінің спортшылары. Олар да мықты. Қиын болды, бірақ, өзімді жинақтап, жеңісті ғана ойладым»,-дейді. «Әр салмақта бәсеке мықты болды. Біз «бірінші үштік мықты, қалғандары бостау болады»,-деп күткен едік. Жоқ, олай болмады. Бірінші мен сегізінші орын арасындағы спортшылардың әр…

0
0
263

«Мен – астаналықпын!» айдарының бүгінгі кейіпкері – Бақыт Исабекова

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы елорданың әрбір жеткен жетістіктеріне қуанады. Ол театр әлеміне кездейсоқ келген жоқ. Оның бала кездегі арманы адастырмады. Іштегі бір тылсым күш әрдайым сахнаға жетелейтін де тұратын. Сол кездегі Алматыдағы мемлекеттік көркем театры институтының актерлық бөліміне түскен бойжеткен қыз сахна өнерінің саңлақтары Рабиға Қаныбаева, Ыдырыс Ноғайбаевтардың ұстаздық тәлім-тәрбиесін бойына сіңіруге тырысты. Бүгінде Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы. Сондай-ақ, ол осы театрдың қабырғасын қалаған, ыстығына күйіп, суығына тоңған жандардың қатарында. «Біз өнер академиясының алғашқы түлектеріміз. Біздің Бақытпен сахнадағы серіктестігіміз сол студент кезден басталды. Бақыт топтағы басты кейіпкер болды. Сахналық тектілі…

0
0
1129

Сүйікті «Келін» қайта оралады!

Барлық жанкүйерлерді қуанышты хабармен құттықтай келе, көптен күткен «Келін» телесериалының жаңа маусымының басталуын асыға күтеміз. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендердің жүрегін жаулап алған басты кейіпкердің шытырман оқиғаларға толы тағдыры жайлы шынайы түсірілген «Келін» сериалының жаңа маусымының ашылуымен қуантпақ. Еліміздің түпкір-түпкірінде, алыс ауылдардан бастап, үлкен қалаларда тұратын көптеген жанкүйерлер «Қазақстан» телеарнасының редакциясына және әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram) хаттар жолдап, эфирде «Келін» сериалының жалғасын қоюды өтіне сұрауда. Бұл хаттардан аға буын өкілдерінен бастап жастарымызға дейін аталған жобаға деген халықтық махаббаттын көруге болады. Мысалы, үзінділер келтіре кетсек, Астана қаласының тұрғындары Жүсіповтер, Ам…

0
0
1152

Любимая «Келін» возвращается!

Поздравляем всех поклонников с радостными известиями и начинаем считать дни до долгожданной премьеры новых серий «Келин». Национальный канал «Казахстан» по многочисленным просьбам телезрителей, порадует открытием нового сезона Индийского телесериала «Келин». Популярнейший сериал успел завоевать славу своей правдивой, жизненной историей главной героини с непростой судьбой. Многочисленная армия поклонников со всего Казахстана: из далеких аулов и больших городов, пишут в редакцию, a также на все адреса (ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram) социальных сетей телеканала «Казахстан», которые очень просят возобновить показ сериала «Келин» в эфире. Из этих писем можно увидеть к данному проекту большую народную любовь со старшего поколения до наших младших телезрителей. Например, вот что пишут…

0
0
676

Астанада оқушыларға арналған картинг пен мотокросс сабақтары ашылады

Астанадағы Оқушылар сарайында мотокросс пен картингтен екі жаңа үйірме ашылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауыр атлетика мен үстел теннисінен спорттық секциялар ашу жоспарлануда. Бүгінде Оқушылар сарайы - елордадағы қосымша білім беру мекемелерінің бірі. Мұнда спорт, ғылым және өнер бағыттары бойынша 127 секция жұмыс істейді. Оған мектептен тыс уақытта 10 мыңға жуық бала қатысады. Үйірмелердің 60 пайызы - тегін. Атап айтқанда, техникалық сабақтар, робототехника, жеңіл атлетика. Ақылы секциялардың құны - айына 3000-7000 теңге аралығында. Айта кетейік, Оқушылар сарайында виртуалды ғылым мұражайы ашылды. Балалар мұнда тек Қазақстан аумағында ғана емес, әлемдегі ғимараттар мен зауыттардың құрылысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Экскурсия бағасы - 500 теңге. Астаналық Оқушылар сарайы 201…

0
0
207

«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді

Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазанда сағат 11:00-де басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

Турнирге Қазақстан, Грузия, Қырғыз елі, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан құрамаларының палуандары қатысады. Әр команда бапкер мен жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары: 55, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіге дейін.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі. Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды.

Ал, Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

0
0
372

«Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі.

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалияның  «Бенфика»  командасы 2:0 есебімен басым түсті.

Бірінші голдың авторы Гайтан болса, екінші допты Митроглу соқты. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы  ойнайды. Ал, «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчы  қашан өтетіні əлі  белгісіз.

Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетті: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга.

«Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнады.

0
0
182