Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

9 жасар Әмір Әнуарұлы 550 рет кеудесін жерден көтеру әдісін жасаған

Жас спортшы Қазақстанның рекордтар кітабына осымен екінші рет еніп отыр. Қазақ хандығының 550 жылдығына түрлі сала өкілдері ел болып үлес қосуда. Соның бірі 9 жастағы Әмір мерейтойға орай отжимание жасаудан жаңа рекорд орнатты. «Қабылхан атамдай болғым келеді»,-дейтін Әмір 550 рет кеудесін жерден көтерген. Әмір Әнуарұлы бір жылдай акробатикамен айналысқан. Әкесінің айтуынша, оның мұндай жаттығумен айналыса бастағанына жарты жылдай уақыт болған. Алғашында бірден 250 рет жасаған екен. Баласының спортқа деген бейімін байқаған әкесі қазір жаттығуын үзбейміз дейді. «Бір жылда осындай жетістікке жетіп отырмыз. Алда әлі талай рекорд жасайтын боламыз»,-дейді әкесі. Әмір Қазақстанның рекордтар кітабына осымен екінші рет еніп отыр. Алғашында ол «Street Workout» бойынша Ақмола облысында өткен чемпио…

0
0
210

Ибрагим Ескендірдің шығармашылық кеші өтеді

Әнші жуырда «Қазағым» атты әніне бейнебаян түсірді. Әнші Ибрагим Ескендір «Қазағым» атты әніне бейнебаян түсірді. «Жалпы, бейнебаян көңілімнен шықты. Себебі, алыс-жақындағы қандастармен бірігіп түсірілген бейнебаян. Әнді Ұлыбритания, Қытай, Еуропа елдеріндегі қазақ студенттері бірігіп орындадық. Негізгі мақсат – қазақ баласы әлемнің қай бұрышында болса да туған елін, жерін, Туын, бірлігін ұмытпайды дегенді жеткізу. Бағасын халық бере жатар»,-дейді әнші. Жуырда өткен «Алтын тұлпар» додасында Ибрагим Ескендір ат үстінде «Алтын тұлпар» әнін орындады. Бұл турасында өзі: «Атқа міну қазақ баласы үшін таңсық дүние емес. Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында керемет сөз айтты. «Біз, қазақ халқы, бабалар тұлпарының тұяғымен тарих жазған халықпыз»,-деді. Расымен де, осы…

0
0
321

«Бенфика» — «Астана» матчы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залынан көрсетіледі

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі матч бүгін түнде, яғни 15-нен 16-қыркүйекке қараған түні сағат 00:45-те басталады.

Ұйымдастырушылар матчты «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында көргісі келетіндер болса, ертерек келулерін сұрайды. Себебі, киноконцерт залының сыйымдылығы – 946 орын ғана. Ал, залға сыймай қалған көрермендер үшін «Қазмедиа орталығының» сыртындағы Лед экраннан көрсетілмек.

Трансляцияны Әнуар Нұрпейісов пен Абзал Ғарифуллаев жүргізеді.

Еске сала кетейік, «Бенфика» - «Астана» матчы португалияның Лиссабон қаласында бүгін түнде Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады.

0
0
171

Геннадий Головкин BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінің үздік үштігіне кірді

ВoxRec.com сайты салмақ дәрежесінен тыс (P4P) үздік боксшылардың рейтингін жаңартты.

Америкалық Флойд Мейвезер спорттық мансабын аяқтағаннан кейін рейтингті украиналық боксшы Владимир Кличко бастады. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екінші орынға көтерілсе, үздік үштікті Сауль Канело Альварес қорытындылап тұр.

Айта кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин 17 қазан (Астана уақытымен 18) күні АҚШ-та канадалық боксшы Давид Лемеьге қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
233

В новом сезоне за новыми советами телеканал запускает программу «Бірге таңдаймыз»!

Домашние хлопоты знакомы каждой хозяйке, нужно одновременно воспитывать детей, самостоятельно выбрать мебель, обои для дома, починить или забить гвоздь в стенке. При всем при этом всегда хочется остаться красивой женщиной, мамой и женой. С 21 сентября на телеканале «Казахстан» стартует новый тележурнал о полезных советах на каждый день «Бірге таңдаймыз». В программе наша обаятельная ведущая и эксперты покажут и расскажут, как хорошо выглядеть, как выстраивать семейные отношения, избегая конфликтов и при этом радоваться каждому дню. Для любителей вкусно поесть, эксперты расскажут, как приготовить оригинальные блюда, а для модниц поведают о самых последних тенденциях в мире моды. Также в данном тележурнале будут открывать советы, как изменить свою жизнь к лучшему, как в отношениях, так и в…

0
0
278

«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа маусымда жаңа кеңестер алу үшін «Бірге таңдаймыз» атты бағдарламасын ұсынады!

21-қыркүйекте «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналдың тұсауы», - деп хабарлайды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз-қызметі. Жаңа жоба әрбір көрермен өзіне керегін ала-алатын көңілді, жеңіл әрі танымды тележурнал болмақ. Бағдарламада асүйдегі шеберлік пен тағамдарды таңдаудан бастап, көлік жөндеу, мерекелер ұйымдастыру, жихаз таңдау және жөндеу, үйдегі абаттандыру жұмыстары, сантехниканың қыр-сыры, аналарға кеңес, бет және дене күтімі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас, жасөспірім баланың тәрбиесі секілді барлық отбасы мүшелеріне арналған пайдалы кеңестер ұсынады. Бір сөзбен айтар болсақ, аталған тележурнал ең көкейкесті тақырыптарды көтере келе, өмірдің әрбір кезеңдеріне пайдалы кеңестер береді, тұрмыста және әртүрлі жағд…

0
0
453

Тері күтімі туралы кеңестер

Бет терісін қалай күтуге болады? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.

Ай жүзді, ажарлы, көрікті   –  әйел адамның сұлулығына айтылар теңеулер сансыз.  Ал, бірінші көзге түсетіні – адамның бет-әлпеті. Сондықтан, тері күтіміне аса назар аудару қажет.

Безеу, қара дақтар, басқа да мәселелердің басты себебі неде және оларды қалай шешуге болады? Бойжеткен қыздарға да, 50-60-ты еңсерген апаларға да маңызды тақырып бүгін 15:00-де «Әйел бақытында».

1
0
763

Тәндегі жасанды таңба

Ал, сіз білесіз бе? 6 мың жыл бұрын пайда болған денеге шұра салу ру-тайпалардың белгісі саналған. Сондай-ақ, ежелгі адамдар аңдарды қорқыту үшін арнайы боянып алатын болған. Сенесіздер ме, ХVІІІ ғасырға дейін Еуропада татуировкаға тыйым салынып келіпті. Египетте, Қытайда, Жапонияда, Мексика мен Никарагуада масқаралау үшін таңбалаған. Қазақта «сүйекке таңба болып басылды», «жүзі қара» деген қарғыс сөздер қаратпаға айналып бара жатқаны өкінішті. Арнайы белгілерді малға ғана енгізген апаларымыздың өзі бүгінде қастарын сыздырып алған. Қолжетімді болғаны соншалық, екінің бірінде жасанды кірпік, жасанды қас. Таңба түскен тәнін көрсетіп жүру үшін жеңіл киінуге әуес болып барады. Қала берді құлағы, мұрны, кіндігі, тіпті тіліне пирсинг жасатып алатындарды көріп, жаға ұстамайтын болдық. Көтерілген…

2
0
1735

Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады

«Халық Маркасы» жобасының жетекшісі бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 2015 жылдың басында Елбасының бастамасымен Республика бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы жарияланды. Бүгінгі таңда акцияны қолдау мақсатында «Халық маркасы» жалпы ұлттық конкурсы ұйымдастырылуда. Конкурстың марапаттау рәсімі қараша айының 16-да Италияның Милан қаласындағы ЕХРО-2015 көрмесінде, ҚР павильонында жарияланады. Осы орайда «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева «Таңшолпанда» қонақта болып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті. «Халық маркасы» жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 шілдеден бастап жарияланды. Еліміздің барлық өңірінен тауар өндірушілер шақырылды. Бұл кезең 9 қыркүйек күні аяқталды. Бір қуанарлығы – өзіміз 50-60-тай бренд жинаймыз деп күткен едік. Алайда, жобаға қатысуға 100-ден а…

0
0
277

Бөтелкедегі суды сатып аларда нені ескеру керек?

Құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Бөтелкедегі суды сатып алар кезде нені ескеру керек екенін білесіз бе? Түбі бүгін болса болғаны деп жүре беруге болмайды. Денсаулықты қорғау үшін бұл жеткіліксіз.

Пластикалық бөтелкелердің жапсырмасында ыдыстың қандай материалдан жасалғаны туралы жазба болады. Бұл ақпарат өте маңызды. Себебі, кез келген пластиктен әр түрлі дәрежеде қауіпті химикаттар бөлінеді.

Жалпы, PS және арнайы белгілері жоқ пластмасса пластиктің ең зиянды түрі саналады. Пластикалық затты сатып аларға осыған мән беріңіз.

Ал, құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
248