Салмақ қоса алмай жүрсіз бе?
Бір адамға арықтау арман болса, енді біріне нағыз трагедияның өзі. Тым жүдеу жанның келбеті ұсқынсыз көрінеді. «Арықсың, толмайсың ба?» деген сұрақ, ол үшін жанына бататын ауыр сөздердің қатарында. Томпақ болғандағы суреттерін қарап, «неге қазір арықпын?» деп өзін-өзі жеп қояды-ау. Диетолог Зарина Керуеновадан мән-жайды анықтап білген едік. Себептері: * Салмағы аз адамның қан қысымы төмендеп, гемоглобин мөлшері де аз болады. Ағзаға темір жетіспей, анемияға шалдығып жатады. * Қалқан безі артығымен қызмет атқарса, бөліп шығаратын гармон мөлшері тым көп болады. Метоболизм жылдам болғандықтан, адам салмақ қоса алмайды. * Көп жағдайда әлдебір дәруменнің жетіспеушілігінен осындай жағдайға тап келеді. Ағзаңыз шаршағыш болып, депрессияға тез берілгіш келесіз. * Орта жасқа келгенде өздігінен салма…




