Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Бүгін – «Келін» эфирге шығады

Қалың көпшіліктің жүрегін жаулап алған басты кейіпкерлердің шытырман оқиғалары қайта жалғасын таппақ.

Ұлттық арна көрермендерінің сұрауы бойынша, бүгін 22:00-де «Келін» телехикаясы эфирге қайта шығады.

«Келін» - керемет актерлік құрамы бар, әдемі киім үлгілерімен, қайталанбас шығыс колориті бар үнді кинематографиясындағы үздік туындылардың бірі.

Жаңа маусымда көрермендерді көгілдір экранда көптеген сезімдерге толы ғажап сәттер, құштарлық пен толқулар және шытырман оқиғалар күтіп тұр.

«Келін» телехиякасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 22:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
324

Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

Бүгінгі жаһандану заманында мықты мемлекет болу үшін алдымен білімді болу шарт.  Біздің қоғамда жоғары біліммен қатар, орта біліммен де жұмыс істеп жүргендер баршылық. Осы орайда орта білім мен жоғары білімнің қайсысының  экономиканың дамуына әсері жоғары, деген заңды сауал туындайды.

Дамыған елдерде экономиканың даму деңгейінің көтерілуіне байланысты білім деңгейінің дамуы қатар жүреді.  Біздің қоғам бұл межеге қашан жетеді? Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

0
0
544

Айбек Қалиев: Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін

«Таңшолпан» бағдарламасының қонағы – айтыскер ақын Айбек Қалиев.

Алматыда қала күніне және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтуде.

«Заманға сай айтыс та дамып келе жатыр. Көптеген жас ақындар шықты. Олардың алымы да, қарымы да мықты. Сондықтан, айтыс жасарып келеді. Өнердің қай түрі болмасын, бірде өрлеу, бірде құлдырау, енді бірде кері шегіну болады. Бұл - қалыпты құбылыс.

Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін. Орынды сын болса, әрине, қабылдаймын», дейді ақын.

Толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
255

Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды

«Таңшолпаннан» көріңіздер. Панкратионнан Еуразия Кубогының жеңімпазы Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды. Оның спорттан уақытша қол үзуіне аяғынан алған жарақаты себеп болған. «Бұлай жарақат алғандар тіпті спортпен қоштасып жатады Қазір Бердібек тыңғылықты дайындық үстінде. Қабілеті ерекше. Кезінде сегіз, алты бұрышты рингтерде талай рет жеңіске жеткен. Осылайша, жаттығуын үзбейтін болса, оның биіктерді бағындыратынына сенімім мол», дейді бапкері Ағабек Ілиясұлы. Қазіргі кезде кәсіби панкратионнан жерлестеріміз әлемдік жарыстарда олжа салып жүр. Ардақ Назаров бастаған«Alem Fighters» клубы да талай жеңістерге жетті. Бүгінде жаттығуын үзбей, үлкен спортқа қайта оралған Бердібек «жекпе-жек клубтарынан шақырту түссе, қарсылығым жоқ», дегенді айтады. Толығырақ «Таңшолпан…

0
0
302

«Bala Turkvizyon» байқауының жеңімпазы Тұрсынхан Еркін — «Таңшолпанда» қонақта

Тұрсынхан Еркін Түркия елінде өтетін гранд-финалда Қазақстан атынан сынға түседі. «Таңшолпанның» қонақтары - «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар ән байқауының жеңімпазы Тұрсынхан Еркін, әкесі Ержан Еркінұлы және тәлімгері Нұржан Керменбаев. Тұрсынхан Еркін енді желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылатын«BalaTurkvizyon» байқауында ел намысын қорғайды. «Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Балалар үшін маңызды жобалардың бірі. Тұрсынхан талантынан бөлек, өте байсалды бала. Енді алдағы екі айды Түркия елінде өтетін жарысқа дайындықпен өткіземіз», дейді тәлімгері Нұржан Керменбаев. 21 мемлекеттің өнерпаздары қатысатын гранд-финал 18 желтоқсанда Стамбул қаласында өтеді. Тұрсынхан алғаш сахнаға қай уақытта шықты? Әкесі ұлы топтан озып шыққанда қандай сезімде болды? То…

0
0
241

«Ұлы Дала дауысы». «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда

Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады. IV Халықаралық «Ұлы Дала дауысы» радиофестивалінің «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән»аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Радиофестивальге қатысушыларға дауыс беру 24 қыркүйекте тоқтатылады. Ән додасында Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Мәдина Сәдуақасова, «Жігіттер» квартеті, Айқын Төлепберген, «Melo'Men» тобы, Жазира Байырбекова, Ернар Айдар, «Rin'Go» тобы, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова, Мөлдір Әуелбекова, Әлихан Дүйсенбай, Жаңабай Өтегенов, «Алашұлы» тобы және т.б өнер жұлдыздары бақ сынауда. Айта кетейік, интернет қолданушылар арасында көп дауыс жинаған үміткерлер 40 пайыздық дауысты иеленіп, жартылай финалға жолдама алады. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz с…

0
0
697

«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин – фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайды.

«Тағдырын іздеген екеу» - әйгілі мюзиклге құрылған романтикалық комедия. Фильмде Со Чжу Ву атты бойжеткен жас кезінде Үндістанда кездейсоқ кездестірген алғашқы махаббатын тағы кездестіруді армандайды. Ким Чжон Окты  ұмыта алмай жүрген ол детектив агенттігіне баруға бел байлайды.

Дәл осы уақытта Хан Чжи Юн «Сіздің алғашқы махабатыңызды тауып береміз» деген жеке агенттік ашады. Ал, Со Чжу Ву сол агенттіктің алғашқы клиенті еді.

Режиссер Чан Ю Чжонның фильмінде басты кейіпкерлерді Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин сомдайды.

Қызыққа толы комедияны бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:50-де тамашалай аласыздар.

0
0
173

«Ғасырлар сазы». Еділ Құсайыновтың шығармашылық кеші

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:30-да көре аласыздар. Еділ Құсайынов – қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Әнші оқуды аяқтап, «Отырар сазы» оркестрінде қызметте жүрген шағында музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев кішкентай ғана сазсырнай аспабын сыйға тартқан. Симфониялық оркестрде жүрген жас музыкант «жұдырықтай сазсырнайдан қандай әуен шығуы мүмкін», деп таң қалғанын, әуелі менсінбегенін айтады. «Кейін құйқылжыған тылсым дауысын естігенде менің өмірімнің арнасы өзге бағытқа бір сәтте бұрылып сала берді»,-дейді композитор Еділ Құсайынов. Ұлттық музыка өнерін насихаттап жүрген әншінің «Ғасырлар сазы» атты шығармашылық кешін…

0
0
510

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бейнеқорынан. «Айтыстан үзінді»

Бүгін 12:15-те көріңіз.

Айтыс өлеңдерінің әдебиет тарихынан алатын орны мен мәні ерекше. Өйткені, бұл өнер аса бай халық әдебиетінің ертеден-ақ өнімді де арналы жеке бір саласын құрап келді. Тіпті, ол бүгінгі өмірімізді бейнелеуге де елеулі үлес қосып отыр.

Сол себепті, еліміздің рухани өмірімен ертеден біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан қайталанбас өнер ұлттық мақтаныш ретінде бағалануы тиіс.

Ұлттық арнаның алтын қорында сақталған түрлі айтыстардың үздік үзіктерін бүгін 12:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
327

Ұлттық арнада — «Баламен бетпе-бет»

Бүлдіршіндердің шынайы сұхбатын бүгін сағат 11:05-те көріңіз.

Сәбидің өз әлемі бар. Олар өтірік айту, қулаққа басу дегенді білмейді. Ересектерге қарағанда, ойындағысын бүкпесіз айтады.

Олар үшін бәрі қызық. Қоршаған ортаның  әрбір жаратылысына қызыға қарайды. Оны өздігінше зерттеп-білуге тырысады.

Алмас Кішкенбаев әр жексенбі сайын студияның кішкентай қонақтарымен бетпе-бет кездеседі. Түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасады.

Бүлдіршіндердің шынайы сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:05-те көріңіз.

0
0
473