Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Жайдарман». «Туған күн – 2015»

Бүгін 22;40-та Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Жазда «Қазақстан КВН Одағының» 10 жылдық мерейтойына орай «Туған күн – 2015» республикалық арнайы жобасы өткен болатын.  Мұндай жобаны ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналған.

Ойынның басты ерекшелігі — соңғы төртжылдықтың чемпиондары мен Жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген командалар бірігіп сайысқа түседі.

Сайыскер командалар:

  1. «ҚазҰУ құрамасы » және «Жаснар»
  2. «Назар аудар» және «Сағыз»
  3. «Экспресс» және «Күлтегін»
  4. «Аралас» және «Қармақшы құрамасы» болып бірікті.

Әзіл кешіндегі түрлі қызыққа тағы бір батамын десеңіз, бүгін 22:40-та Ұлттық арнаны қосыңыз!

0
0
745

Эксклюзив «Түнгі студияда»: Баян Есентаеваның жаңа жобасының тұсауы кесіледі

Баян Есентаева жаңа топтың шығармашылығымен жақын арада таныстыратынына уәде берді. Қарашаның 30 жұлдызында алғаш рет, тек «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Түнгі студияда» Баян Есентаева өзінің жаңа ер балалардан құралған музыкалық тобымен таныстырмақ. Халықтың сүйікті тележүргізушісі және продюсері Баян Есентаева осыдан біраз уақыт бұрын ерлер құрамынан тұратын музыкалық топтың продюсерлік етуін бастап келеді. Бірақ осы күнге дейін баршамызға жаңа топтың құрамы жайында ақпарат беймәлім болды. Осы кеште Баян жаңа тобымен көрермендер алдында арнайы «Түнгі студия» бағдарламасы үшін өзінің ерекше стилімен таңқалдырмақ. Баян Есентаева жаңа топтың шығармашылығымен жақын арада таныстыратынына уәде берді. Ал, біз өз кезегімізде «Казақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендеріне Баян Есентаеваның B…

0
0
296

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы Рио Олимпиадасына 10 лицензия ұтып алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгінге дейін 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Қазірше жалпы медаль бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 орында. Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл көрсеткішпен 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Жазғы Олимпиадасына 10 лицензия (алты ер және төрт әйел) ұтып алды. Қазақстандық ауыратлетшілер тұңғыш рет Олимпиадалық ойында толық құраммен қатысады

Еске сала кетейік, бүгін Әлем біріншілігінің соңғы күні. Ұлттық құрама сапынан жарыс алаңына қыздар арасындағы 75 келі салмақта «В» тобында (сағат 00:00-де) Александра Аборнева, ал, «А» тобында Надежда Ногай (сағат 05:30-да) шығады. Тікелей эфир «Kazsport» телеарнасында.

0
0
357

Илья Ильин Александр Зайчиковты жеңісімен құттықтады

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өзінің твиттер әлеуметтік парақшасында Александр Зайчиковты Әлем чемпионатында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

«Александр Зайчиков 105 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Шын жүректен құттықтаймын!» - деп жазды спортшы.

Еске сала кетейік,  қазақстандық Александр Зайчиков Хьюстондағы Әлем чемпионатында 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.

0
0
315

«Сенбілік кездесуде» — Әбдімомын Желдібаев

Күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әбдімомын Желдібаевпен болған сұхбатты бүгін 21:00-де көріңіз. Әйгілі күйші Әбдімомын Желдібаев сұхбаттарының бірінде: «Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар»,-дейді. Жетісу күйшілік мектебінің өкілі Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған туындыларының бірі - «Ерке сылқым» күйі. Күйдің шығу тарихы жөнінде күйші: «Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн, тағдыр бiз…

0
0
1148

Ауыр атлетика. Әлем чемпионатында Алмас Өтешев — күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс аяқталды. Тартысты өткен сайыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып - күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтеріп, қола медальді иеленді. Алмас бірінші мүмкіншілігінде 220, одан кейін 230 келіні еркін еңсерген еді. Алайда, үшінші мүмкіншілігінде 234 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады. Жасұлан болса, бірінші жолы 221 келіні еркін бағындырғанымен, екінші және үшінші мүмкіншілігінде 231 келіні еңсермеді. Әлем чемпионы атағы қос сайыста 405 келіні көтерген беларусь Вадим Стрельцо…

0
0
244

Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Жазира Жаппарқұл — күміс медаль иегері

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақ санатындағы әйелдер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеру сайысында 116 келіні бағындырып, төртінші орынға табан тіресе, Майя Манеза небәрі 100 келіні ғана бағындыра алды. Ал, екінші серпе көтеру сайысында Жазира - 140 келі, Майя - 135 келі көтерді.

Қос сайыстың нәтижесінде 256 ұпай жинаған Жазира Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 235 келіні бағындырған Майя үздік ондыққа ілікті.

Әлем чемпионы атағы екі сайыста 263 келі көтерген қытайлық Сян Янмейге бұйырса, ресейлік Анастасия Романова қола медальді қанағат тұтты.

0
0
592

«Таңшолпанда» қонақта — «Үш жүз» тобы

«Үш жүз» тобының мүшелері - Дайыр Темірғалив, Мейірлан Қалиев, Руслан Меңдіғүл және Жанәділ Совет - «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Қазақ ырымшыл халық. Тобымыздың бұлай аталу себебі - алты Алашқа атымыз мәлім болсын деген ниет. Әзірге репертуарымызда 10-ға жуық ән бар. Продюсеріміздің қойған талабы - өзге тілдерде де ән орындау. Жан-жақты болуға тырысып жүрміз», дейді топ мүшелері.

Сондай-ақ, әнші жігіттер тыңдармандарымен байланыс жасауда әлеуметтік желіні жиі пайдаланатындықтарын жеткізді.

Топтың алдағы уақытта қандай  жоспарлары бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

0
0
823

Суретші Мәулен Көпбаев 7 жылдың ішінде 2700 портрет салған

Бір портретті толық салып шығу үшін 2-3 сағат, кейде 2-3 күндей уақыт кетеді екен. Суретші Мәулен Көпбаев қазақтың нар тұлғаларының портретін салып жүр. Қылқалам шебері үшін алғашында бұл жай ғана әуестік болса, қазір сол өнерін кәсіби деңгейге жеткізіп, классикалық бағытқа түбегейлі ден қойған. Бір портретті толық салып шығу үшін 2-3 сағат, кейде 2-3 күндей уақыт кетеді екен. «Түпкі нәтиже кейіпкердің келбетін айнытпай салудан емес, ішкі табиғатын тап басып, танудан білінеді». Жас дарынның еңбектері ғаламторда көптің көңілінен шығып үлгерген. Суретші 7 жылдың ішінде 2700 портрет салыпты. Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Мағауин, Дінмұхаммед Қонаев, Қанапия Телжанов сынды майталмандардың суреті маңдай тердің арқасында дүниеге келген. Бүгінгі өнер жұлдыздарынан Мәуленнің коллекциясында Бекболат Т…

0
0
541

Киізден тігілген киімдердің денсаулыққа пайдасы зор

Отандық дизайнерлер заман талабына сай, сәнді, ұлттық нақыштағы киімдердің үлгісін жасаудан аянып жатқан жоқ. Қазақтың ұлттық киімдері бүгінде тек сахнада ғана қолданылады. Күнделікті киіп жүретін орта қалыптаспаған. Дегенмен, отандық дизайнерлер заман талабына сай, сәнді, ұлттық нақыштағы киімдердің үлгісін жасаудан аянып жатқан жоқ. Солардың бірі - киізден күнделікті тұрмысқа қолайлы киім тігетін «Асыл мұра» шеберханасы. Мұнда бас киім, қамзол, көйлек, пальто сияқты киім түрлері мен белдемше, сөмке сынды бұйымдарға тапсырыс көп. Табиғи жүннен жасалғандықтан, олардың денсаулыққа да пайдасы зор. «Киіз біріншіден өте жеңіл. Температураны бірқалыпты ұстайды. Екіншіден, жуған сайын жаңарады. Сондықтан, бірнеше жыл киюге болады», дейді дизайнер Эльвира Нұрланқызы. Толығырақ «Таңшолпаннан» там…

0
0
1907