Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы Рио Олимпиадасына 10 лицензия ұтып алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгінге дейін 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Қазірше жалпы медаль бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 орында. Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл көрсеткішпен 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Жазғы Олимпиадасына 10 лицензия (алты ер және төрт әйел) ұтып алды. Қазақстандық ауыратлетшілер тұңғыш рет Олимпиадалық ойында толық құраммен қатысады

Еске сала кетейік, бүгін Әлем біріншілігінің соңғы күні. Ұлттық құрама сапынан жарыс алаңына қыздар арасындағы 75 келі салмақта «В» тобында (сағат 00:00-де) Александра Аборнева, ал, «А» тобында Надежда Ногай (сағат 05:30-да) шығады. Тікелей эфир «Kazsport» телеарнасында.


0
0
358

Осы тақырып бойынша