Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады

2015 жылдың басында Ұлттық құрама футболшылары рейтингте 139-орында еді.

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы желтоқсан айындағы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылап, 2015 жылды 129-орынмен аяқтады.

Жыл басында Юрий Красножан шәкірттері рейтингте 139-орында тұрған еді. Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы саны 9 ойын өткізді. Оның 6 ойыны Еуро-2016 турнирі аясында өтсе, 3 ойын жолдастық кездесу.

9 ойында Ұлттық құрама футболшылары 1 рет жеңіске жетіп, 4 ойында тең ойнаса, 4 ойында жеңілген.

ФИФА рейтингі, 3 желтоқсан:

1 (1). Бельгия - 1440 ұпай

2 (3). Аргентина - 1383

3 (6). Испания - 1370

4 (2). Германия - 1347

5 (5). Чили - 1273

6 (8). Бразилия - 1251

7 (4). Португалия - 1219

8 (7). Колумбия - 1211

9 (9). Англия - 1106

10 (10). Австрия - 1091,

...129 (131). - Қазақстан - 266

0
0
331

Бауыржан Ретбаев «Таңшолпанда» жаңа әнінің тұсауын кесті

«Қазақстан дауысы» жобасының былтырғы жеңімпазы, әнші Бауыржан Ретбаев бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Жуырда өткен «Turkvysion-2015» байқауына іріктеу кезеңінде екені орын алған әнші: «Бұл байқауға дайындық аз болды. Оған өзімнің жеке шығармашылығыма көп көңіл бөлуім әсер еткен болар. Бүгін «Таңшолпанда» жаңа бейнебаянның тұсауы кесілмек. Бейнебаян Украинаның Киев қаласында түсірілді. Клип көңілімнен шықты. Сапалы дүние»,-дейді.

Биылғы «Қазақастан дауысы» жобасы туралы ойымен бөліскен Бауыржан Ретбаев: «Жобадағы үміткерлер шетінен мықты. Арасында өзім араласатын достарым да бар. Бәріне бірдей жанкүйермін»,-дейді.

«Жобадан кейін менің өмірім күрт өзгеріп кетті.  Жобаның маған бергені мол. Көп нәрсе үйрендім».

Әншінің  «Саған ғашық» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
263

Досхан Жолжақсынов: «Құнанбай» фильмі – қазақ үшін

Бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларынан толықметражды «Құнанбай» фильмі көрсетіле бастайды. Бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларынан толықметражды «Құнанбай» фильмі көрсетіле бастайды. Осы фильмнің режиссері, продюсері әрі басты рөлді сомдаушы Досхан Жолжақсынов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Фильмнің тұсауы осыдан алты ай бұрын кесілген болатын. Прокатқа араға біршама уақыт салып шығуының себебімен бөліскен Халық әртісі: «Алғашқыда жасы үлкен ағаларымыздың батасын алсақ деген ниетпен көрсеттік. Тоқмейілсуден аулақпыз. Дей тұрғанмен, мұның барлығы бізге үлкен жауапкершілік. Келешекке деген үміт, арман. Бұл кино – қазақ үшін»,-дейді. «Алғаш тұсауын Қарауылда кестік. Одан кейін Астана, Алматы, Семей, Талдықорған, Тараз қалаларын аралап келдік. Бір естен кетпес жағдай болды. Семейде…

0
0
1066

Күйші, журналист Қызырбек Жанасылұлы «Таңшолпанда» қонақта

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 70 жылдық мерейтойына Қытайдан арнайы шақыртумен келген күйші бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Бүгінде ҚХР, Бейжің қаласы Орталық халық радиостанциясы қазақ бөлімінің аға дикторы болып қызмет ететін Қызырбек Жанашырұлы радионың тыныс-тіршілігіне тоқталды. «Орталық халық радиостанциясы 1971 жылы құрылған. Мен радионың 10 жылдығында қызметке келдім. Содан бері 35 жылдай уақыт жұмыс істеп келемін. Ол жақтағы қазақ тілінің қолданыстағы орны жақсы. Бұрын біздің редакциямыз 7-9 сағат көлемінде хабар тарататын еді. Ал, қазір эфир уақыты 18 сағатқа ұзарды. Сондай-ақ, Үрімшіден тағы бір редакция құрылды. Осылайша, қамту көлемі бұрынғыдан кеңейіп жатыр»,-дейді Қызырбек Жанашырұлы. «Бүгінде ел мен елдің арасы жақындаған заман. Өйткені, түрлі…

0
0
430

«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқа мен сүттен уыз көже дайындаудың тәсілі

Уыз көже жаңа сауылған сүттен әзірленеді.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Майра Ілиясова «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының студиясында уыз көжені жылдам дайындау тәсілдерін көрсетті.

Ол үшін тек сүт пен жұмыртқа қажет. Шамамен 1 литр табиғи сүтке 3 дана жұмыртқа езіледі.

Есте сақтар жайт: Сүт суық болуы керек. Сондай-ақ, жұмыртқа да ұзақ сақталмаған болғаны абзал.

Шикі жұмыртқаны сүтке қосып, езгеннен кейін отқа қоямыз. Одан соң қайнағанша араластырып тұру керек. Ең жоғары температурада шамамен 10 минут қайнату жеткілікті. Кейін талғамыңызға қарай тұз немесе қант қоса аласыз.

Толығырақ

0
0
878

«Түнгі студияда» Алтынбек Қоразбаевтың жаңа әнінің тұсауы кесілді

Назарларыңызға Алтынбек Қоразбаевтың орындауындағы «Таудағы көктем» әнін ұсынамыз. «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Таудағы көктем» әнінің тұсауы кесілді. «Мен бір әнді бір жыл немесе екі жыл жазуым мүмкін. Мысалы, бүгін Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған«Таудағы көктем» деген әнін орындаймын. Бұл әнді екі жылдай жаздым. Осы студияда тұсаукесері жасалмақ. Себебі әнді әлі еш жерде орындамадым», - деді композитор. Назарларыңызға Алтынбек Қоразбаевтың орындауындағы «Таудағы көктем» әнін ұсынамыз. Әні: А.Қоразбаев, сөзі: М.Мақатаев Сай-саланы, Аймалады, Жоталардан жел есті. Көк қарағай. Көп баладай, Күбір-күбір кеңесті. Қасқа бұлақ, Тастан құлап, Бара жатыр шапқылап. Шыңылдаған, Сыбырлаған, Айхай, тастар - саққұлақ. Бір жүрекпен, Дір-дір ет…

0
0
683

Бесікті қалай таңдайсыз?

Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.

Қазақ үшін бесіктің орны бөлек. Ал, сіздің балаңыз бесікке жата ма? Біздің халықта көбіне сәбиін ырымдап атадан балаға мирас болып келе жатқан бесікке бөлеп жататындар бар. Жалпы, жаңа  бесікті қалай таңдайсыз?

Отбасылық бәліш: ет қосылған бурегті 15 минутта пісіру мүмкін бе? «Бірге таңдаймыз!» ұсынған ас мәзірін түртіп алыңыз.

Әдетте, дүкеннен сатып алған әдемі көйлектеріңіздің сәні кетіп немесе бірнеше рет киген соң ұнамай қалатыны болады.  Сол сәтте ешімде жоқ ерекше көйлек тапқыңыз келеді.

Ұлттық нақыштағы дизайнерлік көйлекті қолдан тігуді үйренгіңіз келе ме? Ол үшін не қажет? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.

0
0
253

«Кедергісіз келешек»

Бүгінгі «Әйел бақыты» хабары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмақ.

Адам баласы қашанда қоғамның толыққанды мүшесі болуға тырысады. Он екі мүшесі сау адамзат, қоршаған ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады.

Ал, бүгінгі біз сөз еткелі отырған жандар ше? Мүмкіндігі шектеулі жандар қиындықты қалай еңсеріп жүр?

Оларға мемлекет тарапынан қандай көмек бар? Мұндай жандардың өмірге деген құштарлығының сыры неде?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз.

0
0
354

Ақорданың ішін көргіңіз келе ме?

Бүгін 17:55-те «Бағаналы орда - басты орда» арнайы жобасын көріңіз!

Ағайынды сәулетші Байғұтты мен Арапбай Тортаевтардың Ақорда ғимаратының жобасын сызған сәулетшілер екенін біреу білсе, біреу білмейді.

Архитекторлар «Ақорда», «Министрліктер үйі», «Жоғарғы сот» ғимараттарының жобасын сызған. Ал, Байғұтты Тортаевтың қызы Индира Тортай 15 қаладағы «Назарбаев зияткерлік  мектептері» ғимараттарының авторы.

Бүтін бір сәулетшілер әулеті Астананың архитектуралық келбетіне қолтаңбасын қалдырған. Қызығы сол, өз қаламынан туған Ақордаға архитекторлар әлі бас сұғып көрмепті.

Ақордаға саяхат жасағыңыз келсе, бүгін 17:55-те Ұлттық арнаны қосыңыз.

0
0
1361

Жүкті әйелдер қалай тамақтану керек?

«Таңшолпанның» пайдалы кеңесін тыңдаңыз! Жүкті әйел өзінің ғана емес, бала денсаулығы үшін де жауапты. Бұл ретте келіншектерге тамақтанудың маңызы зор. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек? «Таңшолпан» ұсынған бірер маңызды кеңеске құлақ түріңіз: Жемістердің пайдасы айтпаса да белгілі. Жеміс-жидектердің дені тоқ ішекті қатерлі ісіктен қорғап, дене салмағын реттейді. Әсіресе, алма тіс, өкпе дертінің алдын алады. Кез келген жемістің құрамы жасушаға бай болғандықтан, жүкті әйелдерге оң септігін тигізеді. Дәрігерлердің айтуынша, болашақ аналарға тары, жүгері және сұлы жармасының пайдасы зор. Олардың құрамында темір, көмірсу, дәрумендер мен минералдар бар. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында нәрестенің сүйектері дами бастайды. Сондықтан, сүт өнімдерін мәзірден түсірмеген дұрыс. Ас тұзын…

0
0
565