Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Төлеутай Дәрібайұлы: Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын

Дәстүрлі әнші Төлеутай Дәрібайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Жуырда әнші Миланда өткен EXPO-2015 көрмесіне барып, өнер көрсеткен. Сол турасында әңгіме өрбіткен әнші: «Біз Миланда Қазақтың дәстүрлі әндерін, халық әндерін, халық композиторларының әндерін алты ай бойы насихаттадық. Күніне 10-12 концерт қойылып жатты. Бізді 2-3 ауысымға бөлді. Бір әнші бір концертте төрт әннен айтқан кезде, бес концертте шығармашылық концерт беріп тастағандай әсер алдық»,-дейді. «Қазақтың әндері Италияның әндеріне өте жақын. Әннің кеңдігі жағынан, әуезділігі жағынан өте ұқсас. Мысалы, біздің әндер жоғары нотада басталса, оларда жоғары нотада аяқталады. Концерт барысында бір орындаған әнімізді екінші қайтара сұраған кездер де болды». Әншінің орындауындағы Байғабылдың «Домбыра» әнін «Таңшолпаннан» тыңда…

0
0
393

Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады

Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті.

Кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін.

«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті біріктірсек, сәтті  комбинация болады, деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - дейді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, бұрын Роман Гонсалес Геннадий Головкин – кіші Вилли Монро және Геннадий Головкин - Давид Лемье бокс шоуларында шаршы алаңға шыққан.

0
0
318

Жаңа маусымда Ұлттық арна көрермендерін ерекше жобалар күтеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік медиаиндустрияның тренді болатын барлық талаптарға сай жұмыс атқаруда. «Hilton garden Inn Astana» қонақүйінде ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ басшылары үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телевизиялық өнімдерінің таныстырылымы өтті. Шара «Қазақстанда жасалған!» тақырыбында ұйымдастырылды. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова сөзінде корпорация үшін мемлекеттік ақпаратттық саясатты орындаудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысының 2015 жылдың атаулы күндерін өткізуге байланысты берілген тапсырмаларының маңыздылығына тоқталды. Олар - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы,…

0
0
344

«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл арнайы келді. «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы бір ай бұрын байқау жариялаған болатын. Яғни, жылдың айтулы оқиғалары арқау болған сұрақтарға белсенді жауап берген жеңімпаздар анықталды. Марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл арнайы келді. «Таңшолпанға» тұрақты түрде хабарласып, күн сауалына жауап беріп жүрген Дархан Қожахметов марапатталды. «Бүгінгі күн мен үшін аса қуанышты күн. Ұлттық арна қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды бүгінгі Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын»,-дейді жеңімпаз. Ал, екінші жеңімпаз астаналық Гүлмира Сейілова тек «Таңшолпан» бағдарламасы ғана емес, сондай-ақ, Қазақ, «Шалқар» мен «Астана» радиола…

0
0
576

«Таңшолпанда» — Мәдина Сәдуақасова

Сұхбат барысында әнші «Қазақстан дауысы» жобасы туралы айтып өтті. Әр уақытта түрлі шараға қатысып, белсенділік танытып жүретін әнші: «Бастысы, адам өзіне мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін еңбектену қажет. Әрі әркім өз-өзіне талапшыл болғаны жақсы»,-дейді. «Сұлулықтың ең басты құпиясы – махаббат екен. Махаббатқа ие болған адам ажарлы, көркем болып шыға келеді. Оны өзімнен де байқауға болатын шығар. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрынғы Мәдинадан гөрі қазіргі Мәдина сұлу деп білемін»,-дейді әнші. Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысы» жобасына тоқталған әнші: «Жобада тәлімгер болу оңай емес. Өйткені, мыңдаған өнерлі жанның арасынан небәрі 10-ақ үміткер таңдайсың. Талай уақыт бірге дайындалып, бауыр басып қаласың, ал ол үміткер жобадан шығып кетсе, көңілің босайды. Кей…

0
0
207

Астанада мұз қалашығы бой көтерді

Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Мұздан жасалған  түрлі мүсін қала көркіне көрік қосып, бала біткенді қол бұлғап шақырып тұрғандай. Мұз қалашығы 20 күннің ішінде салынып бітті. Астанада соңғы бір аптадағы  күннің жылынуы құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізді, дейді шеберлер. Дегенмен, олар жаңа кешеннің жұмысын уақытында аяқтады.

Мұз мүсіндер орналасқан аумақтың көлемі 2 мың шаршы метрге жетеді. Айта кету керек, бас қалада мұндай алаңның тағы үшеуі салынады. Олар – Есіл өзенінің жағалауында, Тәуелсіздік монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасады.

Мұз мүсіндерді жасауға 200 шебер тартылған. Қытайдан арнайы 70 маман шақыртылған. Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
991

«Шал» драмасын көріңіз

Режиссері – Ермек Тұрсынов.

Бұл фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бірақ, мұнда оқиға теңізде емес, сайын далада өтеді.

Туындыда  шал мен келіні және немересінің өмірі бейнеленеді. Фильмнің идеясы «Адамды өлтіруге болады, бірақ, оның рухын жеңе алмайсың», дегенге саяды.

Ерболат Тоғұзақов, Орынбек Молдахан, Исабек Әбілмәжінов басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:10-да тамашалай аласыздар.

0
0
642

«Бәрекелді!» әзіл-сықақ кешін көріңіз!

Бүгін сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

Кезінде көпшілік тамсана қызықтаған, бүгінде сағынышқа айналған «Тамаша», «Бауыржан шоу» театрларының актерлары бас қосып, «Бәрекелді!» атты жоба ашқан болатын.

Алғашқы кеште тұрмыстық тақырыптағы әзілдер айтылып, адам мінезіндегі мін-кемшілік көрсетілді, тілдік ахуалдың түйткілі де нысанаға алынды.

«Қуандық пен Бақыт» театры, Мұқаметжан Мырзакеев (Гитеке), Асқар Наймантаев, Алмат Сақатов, Жанатбек Бәйтеков,  Нұржан Тұтов, «Күлкістан» театры, Бауыржан Орда мен Кенжебек Шайқақ қатысқан әзіл кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:40-та тамашалай аласыздар.

0
0
399

Ұлттық арнада — «Әндер мен жылдар» кеші

Бүгін 15:10-да көре аласыздар.

Бүгінгі хит ән, жылдар өткен соң да маңыздылығын жоғалтпай, жүректерде сақталары анық. Біреудің бала кезі, біреудің жастық шағы, енді біреулердің орта жасқа келгендегі өмір белестерімен сәйкес келген әндер әлі де көңілден кеткен емес.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Әндер мен жылдар» кешінің мақсаты – айтар ойы бар, көрерменнің көңілін дөп басқан қазақ әндерін халыққа кеңінен насихаттау.

Концерттің құпиясы сол, мұнда аға буын да, жастар да өнер көрсетеді. Бүгін 15:10-да Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
633

Ұлттық арнада — «Көк айдаһар атты тостақ» драмасы

Режиссері -Джей-гон Сон.

«Көгілдір айдаһар» деп аталатын кішкентай кесе ежелгі Минь әулеті дәуірінен бері келе жатқан ыдыс-аяқтың бірі еді.

Құштарлық пен қызыққа толы тартысты оқиға осы кішкентай кесеге байланысты өрбиді.  Ол ыдыстың не қасиеті бар? Бүгін 01:05-те Ұлттық арнадан «Көк айдаһар атты тостақ» драмасын көріңіз.

Фильмде басты рөлдерді  Хан Сок Кю, Ким Хэ Су, Шин Дон Хо, Пак Вон Сан сомдайды.

0
0
391