Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Сенбілік таң». Марк Ахметтің отбасымен сұхбат

Бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Лондон қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Хемель-Хемпстед қаласы.  Архитектурасы ерекше көз тартатын қаланың  бүгінде 100 мыңға жуық тұрғыны бар.

Ұлыбританияның шығыс бөлігіндегі  Хардфордшир графтығында II Дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа қала ретінде бой көтерген. Оған дейін XVIII ғасырда елді мекен ретінде танылған шағын аумаққа қала дәрежесі 1539 жылы берілген.

«Сенбілік таң» хабарының бүгінгі қонағы – осы қаланың тұрғыны баспагер, татар ұлтының өкілі Марк Ахмет.  Ол Қазақ елінің дамуына қандай үлес қосуда? Кейіпкердің есімін Марк деп өзгертуіне не себеп?

Бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан «Сенбілік таң» бағдарламасын көріңіз.

0
0
330

Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ

Геннадий Головкин - Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек 2016 жылдың ең тартысты айқасы болады, деп жазады америкалық Badlefthook.com сайты. «Сауль Альварес Мигель Коттоны жеңген кезде өзінің мықтылығын дәлелдей алды, бірақ, оның Геннадий Головкинмен айқасуға әзірмін деген сөзіне қарамастан, «Golden Boy» тарапынан бұл айқасты ұйымдастыруға келгенде аздап батылсыздығы байқалды. С.Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді. Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес. Альваресті толыққанды 160 фунтта жұдырықтасқанын көру керемет болар еді. Өзім аралық санат мәселесі бойынша аса алаңдамаймын, алайда идеалда орташа салмақтағы чемпиондық осы санат бойынш…

0
0
198

Қызылордада метал қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады

Жақында Қызылорданың Сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Шах-Исмаран» ЖШС-нің металл қалдықтарын өңдеу зауытының эскиздік жобасы талқыланды.

Жобаны аталмыш мекеме басшысы Мейрамбек Қалиев таныстырды.

 

Оның айтуынша, зауыт Қызылорда қаласындағы индустриялды аймақта салынады.

 

Құрылыс жұмыстары келер жылдың басында басталып, жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

 

Зауыттың қуаттылығы жылына 18 мың тонна металл қалдықтарын өңдеуге жетеді.

 

Сондай-ақ, жаңадан 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Кеңес отырысында бұл жоба мақұлданып, зауыт соңғы заманауи құрылыс жабдықтарымен салынатын болды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

0
0
377

Нұрлан Әбдірахман 44 жыл бойы саз аспаптарын жасаумен айналысып келеді

Шебер осы саланы толық меңгеру үшін «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінде жұмыс істеген. Нұрлан Әбдірахман сапалы саз аспаптарын жасаумен айналысады. Ол 44 жыл бойы қолөнердің қыр-сырын игеріп, бүгінде білген-түйгенін балаларына үйретіп жүр. Шебер осы саланы толық меңгеруі үшін «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінде жұмыс істеді. «Шама келгенше аспапты музыкадан хабары бар адамдар жасағаны абзал. Бұрынғы заманда да біздің сал-серілеріміз аспаптарын өздері жасаған ғой. Бойына, ыңғайына, саусағына, дыбыс шығару жүйесіне сай икемдеп. Шебердің музыкалық білімі болғаны жақсы»,-дейді қолөнер шебері. Дәл қазір Нұрлан Әбдірахман аса күрделі аспаптың бірі жетігеннің құлақ күйін келтіруде. Оның дыбысын реттеуге біраз уақыт кетеді. Өйткені, бүл – жетігеннің жетілген түрі. Қыл ішектің орнын…

0
0
279

Анаят Әкімбеков: Қолымнан келгенше, қолөнерді тастамаймын

Мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберінің арманы – шәкірт тәрбиелеу. Анаят Әкімбеков – тумысынан жүру қабілетінен айырылған азамат. Бірақ, бүгінде ол тағдырына мойынсұнбай бойына дарыған өнерін көңіліне жұбаныш етеді. «Мен көбіне ағаштан, малдың сүйектерінен түрлі қолөнер бұйымдарын жасаймын. Мүйіз, тоқпан білік, кәрі жілік, жамбас сүйектерінен өз қиялымдағы түрлі дүниені шығарамын. Мүгедекпін, таяқпен жүремін дегенді ойламаймын. Қолымнан келгенше, қолөнерді тастамаймын. Жастарға бар білгенімді үйретіп кетсем деген ниет бар»,-дейді шебер. Алғашқыда жасаған бұйымдарын автобекетте сататын. «Бірақ, кейін келе, заттарымды көргендер «аға, мыналарыңыз керемет, неге Алматыға апармайсыз?»,-деген ниет білдірді»,-дейді ол. Қолөнершінің арнайы шеберханасы жоқ. Шағын ғана бөлмеде талай көркем дүниені өмі…

0
0
229

«Саз керуен». Желтоқсан айы бойынша үздік әнге дауыс беру басталды

Дауыс беру тікелей эфирде [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. «Шалқар» ұлттық радиосының «Саз керуен» бағдарламасында - жаңа айналым. Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жалғасуда. Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар. Дауыс беру тікелей эфирде [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады. Ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады. Айта кетейік, қараша айының қорытындысы бойынша әнші Бейбіт Қорғанның орындауындағы «Сен қуанышым»әні үздік деп танылды. Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ. Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейс…

0
0
445

«Kazsport» телеарнасы гандболдан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы 5-20 желтоқсан аралығында Данияда гандболдан қыздар арасында өтетін 2015 жылғы Әлем чемпионатын көрсетеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатында «D» тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласпақ. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады.

Біздің құрама турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді. Біздің команданың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін Әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.

0
0
223

Зейнеп Ахметова: Атаның өсиетін жастарға айтып қалуға тырысамын

Жазушының жастармен кездесудегі айтқандарын толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

«Ұлттың ұлттығын ұлықтайтын, оның ұлттық жанын сақтайтын – әйел». Бұл – Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың сөзі. Оның әр сөзі жастарға өнеге. Инабаттылық пен кішіпейілділік сияқты қасиеттерді жас ұрпаққа насихаттаған Зейнеп апай дәстүр жалғастығы, бабалар аманаты үзілмесе екен, дейді.

«Атаның маған айтқан әңгімелерінің барлығы кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты.  Мен соны ішімде тұншықтырмай, өсіп келе жатқан жастарға атаның өсиеті ретінде айтып қалуға тырысамын»,-дейді жазушы-этнограф.

Зейнеп Ахметова құтты шаңырақтың келіні болуды – жауапкершілік әрі абырой деп ұққан жан.

Жазушының жастармен кездесудегі айтқандарын толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
424

«Айтуға оңай...». Қыс мезгіліне Сіз қалай дайындаласыз?

Несіпхан Шоқанова студияда қырыққабат тұздаудың оңай тәсілін көрсетті. «Қыс қамын, жазда ойла»,-дейді халқымыз. Қысқа табиғат та, адам баласы да, жан-жануарлар да бейімделіп дайындалады. Ал, Сіз қыс мезгіліне қалай дайындаласыз? «Айтуға оңайдың» кейіпкері Несіпхан Шоқанова қыс қамына жазда емес, ерте көктемнен кіріседі. Күн жылына басталысымен, ауласына түрлі жеміс-жидек, көкөніс егеді. Биыл да қыс мезгіліне тыңғылықты дайындалған Несіпхан апай 250-дей банкі салат жапқан. Бұрын тосапты көптеп қайнататын Несіпхан Шоқанова бүгінде жеміс-жидекті ұзақ мерзімге сақтаудың жолын тапқан. Ол үшін терілген жидекке аздап қант салып, мұздатқышқа қою керек. Бар сыры осында. «Мұндай тәсілдің пайдасы мол. Себебі, жемістің бойындағы бар дәрумен сол күйі сақталады»,-дейді ол. «Қазір келіндер уақыт тапшы д…

0
0
713

Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды

Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Бүгін «Балапан» телеарнасының көрермендері сүйікті арналарында қонақта болды. Телеарна ұжымы 4-10 жас аралығындағы балалар  арасында фокус-группа әдісін ұйымдастырды.

Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Айта кетейік,  «Балапан» телеарнасы бағдарлама сапасы мен сұранысын анықтау, балалардың ой-пікірін білу мақсатында жылына екі рет фокус-группа өткізіп отырады. Сондай-ақ, телеарна 10 мыңнан астам көрермен арасында сауалнама жүргізді.

Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі алдағы жылы жарық көретін бағдарламалардың жанрын анықтауға негіз болады.

0
0
448