Жоғала беретін пультты іздеп шаршасаңыз...
Жоғала беретін пультты іздеп шаршасаңыз... Қазіргі күні адамның ақыл-ойының дамуы күн сәулесінің жылдамдығымен бірдей деуге болады. Бұдан бұрын елестете алмайтын жаңалықтар әлемді күн сайын дүр сілкіндіруде. Бүгінгі құлақ түрерлік хабар – адамның ойының күшімен теледидарды басқару. Тарихи инновация «Netflix Hack Day - Winter 2017» технологиялық шарасында таныстырылған болатын. Netflix телеарнасының YouTube-каналына салған кішігірім бейнеролик MindFlix-тың жұмысын көрсетеді. Аталмыш құрылғы ойдың күшімен арналарды ауыстыру, тоқтата тұру сияқты қалаған іс-әрекеттерді дистанционды пульттей орындайды. Бұдан бір жыл бұрын ресей ғалымдары ойдың күшімен жұмыс істейтін әскери экзоскелеттерді ойлап тапқан болатын. Бірақ оның әлі өзгертетін қырлары бар. Атап айтсақ, адам миының белгілерін(сигналды)…