Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғала беретін пультты іздеп шаршасаңыз...

Жоғала беретін пультты іздеп шаршасаңыз...

Қазіргі күні адамның ақыл-ойының дамуы күн сәулесінің жылдамдығымен бірдей деуге болады. Бұдан бұрын елестете алмайтын жаңалықтар әлемді күн сайын дүр сілкіндіруде. Бүгінгі құлақ түрерлік хабар – адамның ойының күшімен теледидарды басқару.

Тарихи инновация  «Netflix Hack Day - Winter 2017» технологиялық шарасында таныстырылған болатын. Netflix телеарнасының YouTube-каналына салған кішігірім бейнеролик MindFlix-тың жұмысын көрсетеді. Аталмыш құрылғы ойдың күшімен арналарды ауыстыру, тоқтата тұру сияқты қалаған іс-әрекеттерді дистанционды пульттей орындайды.

Бұдан бір жыл бұрын ресей ғалымдары ойдың күшімен жұмыс істейтін әскери экзоскелеттерді ойлап тапқан болатын. Бірақ оның әлі өзгертетін қырлары бар. Атап айтсақ, адам миының белгілерін(сигналды) дұрыс әрі нақты қабылдамауы.

0
0
487

Осы тақырып бойынша

Жоғала беретін пультты іздеп шаршасаңыз... - Yvision.kz