"Көршілер" 7.03.2011.
Қазақ телевизиясының алғаш хабар таратқанына биыл 8 –наурызда 53 жыл толады. Жарты ғасырдан бері не өзгерді? Төріне оздырып, өзі босағасына отырып тамашалайтын патша көңілді көрерменнің сұранысына сай тұшымды дүние бар ма? Телевизияны жасайтын мамандар қалай таңдалады? Жарты ғасырдан аса тарихы бар қазақ телевизиясының белгілі бір ғылыми жүйеге түспегендігіне кім кінәлі....?! Осы және өзге де сауалдарға бірлесіп жауап іздеп көрелік. Біздің мақсат - қоғамдық пікір тудыру, ой талқысына салу. Олай болса, 7- наурызда сағат 22.10-да болатын Ұлттық арнадағы «Көршілер» ток-шоуын тамашалауға шақырамыз.
Қазақ телевизиясының шымылдығын алғаш ашқан Зұлфия Жұматова апамыздан бастап, жарты ғасыр ішінде көгілдір экранда еңбек еткен ардагерлеріміз бен орта буын және жас буын арасындағы ұрпақтар сабақтастығына көз жеткізгіңіз келсе, немесе, қазақ телевизиясының кешегісіне үңіліп, бүгіні мен ертеңіне бей-жай қарағыңыз келмесе, «Көршілер» ток-шоуының 7-наурыздағы көрсетілімін жіберіп алмаңыз, көрермен! Бұл саладағы түйткілдерді сүзгіден өткізіп, барына қанағат тұтып, болашағына үн қосқыңыз келсе, бірлесе, тізе қосайық. Ұлттық телеарнадағы «Көршілер» ток-шоуы 7 наурызда сағат 22.10-да !
