Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Табиғатты сағындым

Былтырғы күздің басында осындай ойлар маған тыныштық бермеді. Қазір оқып, күзді емес, жазды елестетіп кеттім. Мүмкін қыстың аязынан шаршаған жандарға көмек болар:)

Ыстық күндері қалалы өлі техникалық өркениетте табиғат өз қызығын көрсететін зат – терек мамығы(тополиный пух) . Көзіңді жұмып, бір мезетте ормандағы ағаштар арасынан өтетін күннің жылуы бетіме түсіп тұрғанын сеземін. Терек мамық күннің жарығын одан ары түрлендіріп, көзіңнің қытығын келтіреді.

Бірақ қаланың ауасын орманның таза ауасымен салыстыруға дәтің бармайды. Алматының көлеңкесі күннің ыстығына қарамастан суықты жақсы ұстайды. Екі-үш минут көлеңкеде тұрсаң, денеңе суық лебіз ұрып, үсті-басыңды тондырта бастайды. Осыдан қайтадан күннің ыстығына шығуға тура келеді. Қыркүйектің ыстығын жаздыкінен айырмашылығы бар, жаз бойы терің ыстыққа үйреніп қалғаннан кейін, күзгі күннің ыстығына денең әбден сүйсіне рахаттанады.

Көліктер дүниенің басқа үлкен-кіші қалаларда сияқты. Таң ертең және кешкісін пробка құрайды(жасайды). Барлық көшелерде Кеңес Одағы кезінен жигулилардын бастап, жаңа енді шыққан шетелдің маркалық көліктерге дейін жүреді. Мен көшелерді Африканың қалың орманында жиі-жиі ағатын сирек өзендер торына қатты ұқсатамын. "Көшенің арғы бетіне өту керек" дегеннің орнына "Көшенің ана жағалауына шығу керекпіз" деген сөздер аузымнан кей-кезде шығып кетеді. Оны құрбыларым күлкі жасайды.

0
0
635

Осы тақырып бойынша

Табиғатты сағындым - Yvision.kz