ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

тақпақ

Би үстінде

Құс боп ұшып, берілдің бе көңілге,

Аққудай жүзе алдың ба сен көлде!?

Міне,міне самғап енді ұшарсың,

Көңіл-күйді тәуелді етсең сезімге.

 

Мың бұралу  аз екен бұл өнерде,

Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.

Бар сезімді көрерменге жеткізу,

Мақсат екен орындалған әр биде.

 

Бұл өнердің де тарихы бар өзіндік,

Білесің бе реформаны Новерлік?!

Ал Мария Тальони ше әйгілі,

Балеттің жұлдызы ғой әлемдік!

 

Әкеме

Өмірдің түзу жолын сен көрсеттің,

Саған бақыт  биік шыңға жеткенім.

Адал болғын,ақ ниетті көздеген,

Деп соғады, әке, сенің жүрегің.

 

Жан әке, асқар тауым сен менің,

Өрлігінен қуат алып келемін.

Мен –тал шыбық,сен – ормансың қорғаным,

Көкке бойлап өсу менің арманым.

 

Өзің барда қуаныш та, бақ та бар

Мен гүл болсам,сен –құнарым нәр алар.

Мендегі бар ізгіліктің ұшқыны

Әке, сенің тұнығыңнан басталар.

 

Жан ана

Өмір есігін паш ететін,

Періштем боп мәңгі өтетін.

Жалғыз адам сенсің, ана,

Жүрегімде сыр сезетін.

 

Дүниенің кереметін,

Бақыт қып көрсететін.

Жаныма жыр жылуын,

Жан ана сен ғой беретін.

 

Тербететін көңіл жырын,

Үйрететін өмір сырын.

Тағдырына ауыр тисе,

Аямайтын өз жылуын.

 

Рахмет саған, жан ана,

Мәпелеп мені баққанына.

Ризамын бұл өмірге,

Сендей анам болғанына!