Алматыда кезекті веломаусым басталды
Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты. Жарыс әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлытау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президент саябағына дейін ұласты.Мәреде вакцина салдырған қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен алты велосипед ойнатылды. Бүгін оның иегері Абылай атанды. «Қаламызда веломаусым ашылды. Бұл өте керемет! Спортпен айналысатын адамдардың иммунитеті мықты болады. Оны бәріміз білеміз. Алдында мен Спутник-5 вакцинасын салдырдым. Енді қай жерге барсамда, жол ашық. Міне, бүгін велошеруге қатысып, осындай велосипед ұтып алдым. Спорттық Алматыға көп рахмет.» -дейді қала тұрғыны Абылай.Айта кетер жайт, осы велошеру Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді. Аталмыш бағдарлама мегаполис…