Имидждік мақала
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады. Соның ішінде, өзім біліп алып жатқан Филология және әлем тілдері факультетіне тоқталғым келіп отыр. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаев сияқты ұлы тұлғалар негізін қалаған факультет өзінің тарихын тереңнен бастау алады. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Факультет жылдан-жылға толығып, дамып келеді,соның дәлелі- биылғы оқу жылынан ашылған “Шетел тілі: екі шет тілі ” мамандығының м…