Имидждік мақала
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.

Соның ішінде, өзім біліп алып жатқан Филология және әлем тілдері факультетіне тоқталғым келіп отыр. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаев сияқты ұлы тұлғалар негізін қалаған факультет өзінің тарихын тереңнен бастау алады. Алғаш қаланғаннан қазіргі күнге дейін қаншама түлектер білім алып, елімізді көркейтуге ат салысып жүр. Факультет жылдан-жылға толығып, дамып келеді,соның дәлелі- биылғы оқу жылынан ашылған “Шетел тілі: екі шет тілі ” мамандығының магистратура бөлімі. Жақында ашылғанына қарамастан, магистратура бөлімі басқаларынан асып түспесе, кем түспейді. Бізге, яғни магистранттарға университет беретін мүмкіндіктер қаншама, ел ішінде немесе шет елдерге академиялық ұтқырлық, ғылыми-конференциялар, өндірістік іс-тәжірибелер және т.б. Факультетте заман талабына сай халықаралық байланыс жақсы жолға қойылған. Америка, Канада, Голландия, Ресей , Испания, Франция, Түркия сияқты әр түрлі елдерден келген мұғалімдер студенттер мен магистранттарға сабақ беруде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, ТМД-ның «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Тек елімізде ғана емес, басқа елдерде де танылып, бағындыруда. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-дарынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына еніп, 207 орынды бағындырды. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді. QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.
Бүгінгі талапкер – тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білім ордасында оқу- әрбір түлектің арманы десек қателеспейтін шығармыз. ҚазҰУ әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.
«Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасының магистранты – Сартаева К.Д.
Ғылыми жетекшісі - PhD докторы Алдашева К.С.
