Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақша кітаптар бар жаңа шығарылған қосымшасының ерекшелігі неде?

Бұрыннан бері телефон немесе планшетіңіз арқылы қазақша кітаптарды оқыңыз келді ме? Енді осындай мүмкіндікті  «Zero To One Labs» компаниясы сыйлады. Аталған компанияның программисті Данияр Муханов арнайы RUSSKAZ паблигі үшін сұхбат берді.

 

Біз осы Oyan қосымшасын Бағдат Мусин (бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы) тапсырысы бойынша жасадық. Бір кездері ол кісі «Абай жолы» кітабын оқыған екен. Бірақ түсініксіз жерлерін астын сызып қойған болатын. Осы түсініксіз жерлердің аудармасы болуы керек деп айтқан болатын.

 

Қазіргі кезден бастап кез келген адам Play market және iOs жүйелерде осы Oyan қосымшасын жүктей алады. Осы Oyan қосымшасының ерекшелігі қазақ тілінде әдеби кітаптарды жүктеп алып, түсініксіз сөздердің аудармасын көре алуға болады. Кез-келген адам түсініксіз сөздердің аудармасын өздері белгілеп бере алады.

 

Осы қосымша Wikibilim қоғамдық қоры, iKitap.kz порталы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты қолдауымен жасалған. Бүгінгі күнге Oyan қосымшадағы кітаптар - 166 санына жетті. Олардың ішінде «Абай жолының» 4 томы, өлеңдер жинағы, айтыстар және т.с.с. аудармалар бар.

 

Бүгінгі күнге Play market платформасында 1000 астам адам Oyan қосымшасын жүктеп алды. Адамдар Play market-те  «Абай жолы» деген іздеу жасаса, біздің Oyan қосымшамыз шығады. Біздің қосымшада кітаптар тегін болады және жарнама болмайды.

 

Егер де адамдар нақты бір кітап қажет деп жатса, бізге техникалық жағынан оларды жүктеуге қиын емес, сондықтан да біз оларды жүктеуге тырысамыз, тек қосымшаның ұсыныстарында жазу керек болады.

 

Сұхбат алған: Almas Myltykbayev

Біздің парақшаларымызға жазылыңыздар:

Facebook

Vk.com

Instagram

Telegram/RUSSKAZ

5
0
1752

Осы тақырып бойынша

Қазақша кітаптар бар жаңа шығарылған қосымшасының ерекшелігі неде? - Yvision.kz