Бүгін 10 қате өзгерді, ертең 1000 қате өзгереді
Толығырақ:http://rukhpentil.org/ «Рух пен тіл» жастар ұйымы мемлекеттік тілге қатысты заңдардың орындалуын өз бақылауларына алмақ. «Тіл сақшысы» атты жобасы аясында бүкіл Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртбесін көтеріп, Қазақстанға мемлекеттік тілдегі атауларды қайтарып беруді мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, жастар кеңестік ескерткіштер, атау-жазуларға тыйым салу керектігін де айтты. Жастардың бүгінгі ұйымдастырған баспасөз мәслихаты да осы мәселелерге арналды. Осы жылдың маусым айынан басталған «Тіл сақшысы» жобасы кезінде Алматы қаласында ондаған мекеме, дүкен, жарнама, көше атаулары «Тілдер туралы», «Жарнама туралы» Заңдарында мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес өзгертілген. Қараша айының өзінде ұйым жастары Көк базар, Ахмет Байтұрсынұлы, Абылай хан атындағы көшелерге арнайы рейд жа…