Тіл жанашырлары!
http://rukhpentil.org/?p=1376 Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру өзімізден, тұрып жатқан үйімізден, орналасқан көшемізден, қарапайым дүкенімізден басталады. Сондықтан қазақ тілінің жағдайын өзгерту, оны нағыз мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізу өзіміздің ғана қолымызда! Осыған байланысты «Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы Қазақстандағы барлық тіл жанашырларын өзінің тұрғылықты жері бойынша мекеме, дүкен маңдайшаларының, көше атауларының, жарнама жазуларының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес жазылуын қадағалап, заң бұзушылықтарды анықтап, онымен күресуге шақырамыз! Қазақ тілінің қорғаны болатын «Тіл сақшысы» атаныңыз! Ол үшін сіз аталмыш заңдарға қайшы кемшіліктерді, орфографиялық, стилистикалық қателіктерді суретке түсіріп, жергілікті Тілдер басқармасына оны шағым хат рет…