Ауыл ,,ностальгия,, , қысқаша айтсақ, шіркін!
Қамзар! Уй, қашты, анау қашты! Ұста анау жаумауызды! Әкейінің баласы! Әкел асықтарды! Уй боқмұрын! Шіркін! Ауылдағы табиғатты айтсаңшы! Пах! Қоңыр желімен, көк жайлау белі осы белгілер әрбір ауылға тән. Бала кезімде тесігі бар оң мен сол қалтамды асықтарға толтырып, үйдегі ескі құрттың иісі шығатын дорбаны қолға алып, ұттайын деген оймен кішкене Тузик есімді күшігімді бірге алып, АСЫҚ ойнауға аттанатынбыз!Асық десең болды ішкен асымды жерге қойып, барлық ынтамды іске асырып ойнайтынмын. Бір қызығы ұтқан асығың да, ұтылған асығың да алма-кезек ауыл арасында алмасып жүретін.Өзіңмен бірге кем дегенде 3 САҚА жүру керек. Әйтпесе қорғасын құйылған, қошқардың сақалары ойынға тігіліп кететін кездері болады. Ауыл баларының асық ойнауға деген қызуғышылықтырын көрсеңіз! Әлгі топ болып жиналған жерді…