Ауыл ,,ностальгия,, , қысқаша айтсақ, шіркін!

Қамзар! Уй, қашты, анау қашты! Ұста анау жаумауызды! Әкейінің баласы! Әкел асықтарды! Уй боқмұрын!
Шіркін! Ауылдағы табиғатты айтсаңшы! Пах! Қоңыр желімен, көк жайлау белі осы белгілер әрбір ауылға тән. Бала кезімде тесігі бар оң мен сол қалтамды асықтарға толтырып, үйдегі ескі құрттың иісі шығатын дорбаны қолға алып, ұттайын деген оймен кішкене Тузик есімді күшігімді бірге алып, АСЫҚ ойнауға аттанатынбыз!Асық десең болды ішкен асымды жерге қойып, барлық ынтамды іске асырып ойнайтынмын.
Бір қызығы ұтқан асығың да, ұтылған асығың да алма-кезек ауыл арасында алмасып жүретін.Өзіңмен бірге кем дегенде 3 САҚА жүру керек. Әйтпесе қорғасын құйылған, қошқардың сақалары ойынға тігіліп кететін кездері болады. Ауыл баларының асық ойнауға деген қызуғышылықтырын көрсеңіз! Әлгі топ болып жиналған жерді таптап шыққан шаңды көрсең! Ауылдың сыртына шығып, жанағы ойын аланынан шыққан шанға қарасаңыз. Сол ойын алаңында балалар емес бір көкпар болып жатқандай көрініс береді.

Мен қарапайым ауылдан шыққан қазақ баласымын. Жас кезімдегі зор армандарымды іске асырайын деп Алматыға келіп оқуға түстім."Студентер қаласы" деген мәртебесі бар қалада оқып жатырмын. Қала десен қазандай қайнаған тіршілік екен. Осы жағынан маған қалаға деген қызуғышылығым зор. Ата - анам ай-сайын шәй-пәй салып жібереді. Шәй-пәй дегенде сол салып жіберген пәкетінде:Таба нан, Құрт, Сүт, Ет, Алма болатын. Сол шәй-пәйді қасымдағы студентермен жарыса отырып бір-екі күнде тауысып қоятынбыз!
Қорынтындыла келгенде қазақтың бір керемет мақалымен аяқтағым келіп тұр.
Ауылға барсаң қона бар,
Қамысты көлде сона бар, - демекші Ауылға жиі барып, қуынышымызды ауылдағы кең дастархан басында бірге бөлісіп жүре берейік!
