Бапан шешеннің айтқаны
Жағалай елің қонбаса, Суы тұщы болмаса, Мал-жанның бәрі сусындап, Мейірі онан қанбаса, Көл дегенің немене?! Ынтымақ-бірлік болмаса, Елдікке мойын бұрмаса, Үлкеннің айтқан сөздерін, Кішісі қолдап тұрмаса, Ел дегенің немене?! Еліне құрбан болмаса, Абырой-бедел қонбаса, Ағайын, туыс, ел жұрты, Батырым-ау деп тұрмаса, Ер дегенің немене?! Шайырлы шөл болмаса, Түлігің жайлап толмаса, Қатар өсіп мал мен бас, Қуанып елің қонбаса, Жер дегенің немене?! Желден пана болмаса, Қарды бөгеп тұрмаса, Аңдары қойдай өрмейтін, Қызығын адам көрмейтін, Қадірі жоқ қырқалы Бел дегенің немене?! Адал жүрек болмаса, Сөзіне опа қылмаса, Түзулікті бұрмалап, Өтірікті шындаса, Кең дегенің немене?! Атан түйе атамай, Ат-айғырдай матамай, Шын икемге келмесең, Түзу жөнді білмесең, Төл дегенің немене?! Арыңды сатпа, малың с…