Мазмұнға өту
Olympic_bear

Н С

@Olympic_bear

Сайтта 2011 ж. 18 қазанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

9

пікірлер

6

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Қазақтың барлық шыңын бағындыруды арман еткен...

Моңғолияның ең биік шыңы Баян-Өлгей жерінде. Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан дәл осы суы мен ауасы балдай өлкені қазақ ауылдары мекендейді. Ресейдің қыспағынан ата-бабалары атамекеннен алыстауға мәжбүр болған қандастарымыз өзгенің елінде тұрса да, салт-дәстүр, дін мен ділді сақтай білген. Осы ауылда қазақ балаларын спортқа баулып, болашақта олардан нағыз чемпиондар шықса екен деген тілекпен жүрген Жанарбек Ақыбиұлы ағамыз тұрады. Осыдан бір жыл бұрын онымен ғаламтор желісінде таныстым. Ол «Көк бөрі» лақап атпен күллі қазақ блогерлеріне танымал. Мені қызықтырғаны, оның биік-биік шыңды бағындыруға құштарлығы. Жанарбек ағаның тұратын жері, күнделікті шұғылданатын ісі мен үшін ертегідей көрінетін. Жақында Жанарбек аға Астанаға ат басын бұрды. Ағамыздың Елордаға келгенін естіге…

1
0
872

Таңдаған спорты тап өзіндей сұлу болса... Кейде қазақ қыздарының өнімсіз бірдемеге айналғанша спортпен достасқанын қалаймын. Әрине, өзіндей сұлу спортпен.

Осы ауыр атлетика, бокс, күреске нәзіктік тән бе?! Спорттың бұл түрлері ерекше физикалық дене күші және психологиялық төзімділікті талап етеді. Ал, мұндай қасиеттер, әдетте, ер адамға ғана лайық. Дегенмен, біреудің өкінішіне, біреудің қуанышына орай, спортта табиғатынан нәзік болуы шарт қыз балалар көбейіп келеді. Тіпті соңғы кездері кей спорт түрлері бойынша әлем біріншіліктерінен ерлер командасы құр алақан қайтып, әйелдер жасағы жүлдемен оралатын жағдай жиі орын алып жүр. Сол кезде қара көз қыздарымыздың Қазақстан абыройын асқақтатып, медаль әкелгені үшін не қуанарыңды, не осы жолды таңдап, нәтиже көрсетіп жатса да, ақ тер-көк тер болып жұлынып жүргеніне күйінеріңді білмейсің. Бұл айтқанға мысал көп. Әсіресе, ауыр атлетикаға қыздардың қызығушылығы ерекше артып келеді. Кем дегенде өзінен…

0
3
2539

Өзге елдегі "сұлтандар"

Елімізде кей спорт түрлерінде келімсектердің көптеп келуі қынжылтады, әсіресе еркін күрес, ауыр атлетика, футболда көбінесе ТМД елдерінен келетін «қонақтар» қаншама. Оларға кейде тіпті қазақ жерінің суын ішіп, топырағын басып өскен спортшылардан гөрі жақсы жағдай жасалынатыны жасырын емес. «Өзіміздің спортшылар әлдеқайда тәжірибелі әріптестерінен үйренеді» деп ақталады мамандар. Алайда бұл тақырып аз айтылып жүрген жоқ, кейде тіпті бізге келген шетелдіктерді санаймыз деп жүріп, өзіміздің талантты спортшы, не басқа да спорт мамандарының шетел асып кеткендерін байқамай қалып жатамыз. Бізде ондай жағдайлар аз емес және бүгін біз Қазақстанда көп жыл жаттығып, Олимпиада, не әлем чемпионатының медалін алу арманын жүзеге асыру үшін басқа елдің азаматы атанған отандастарымыз жайында әңгіме қозғам…

0
0
1462