Мазмұнға өту
NurlybekRAHMANOV

Нұрлыбек РАХМАНОВ

@NurlybekRAHMANOV

Сайтта 2014 ж. 2 желтоқсанКазахстан, Уральск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

8

Қазақтың тұңғыш фотографы

Қазақ жаңалықтан қалыспаған ғой. 1839 жыл Францияның Париж академиясында Луи Дагер мен Джозеф Ньепс деген ғалымдар фотографияны өмірге алып келген. Үш жылдан соң, 1841 жылы Жәңгір хан Ордада мектеп ашқанда арнайы фотограф алдырып, оқушылармен бірге суретке түскен. Жәңгір мектебінен шыққан қазақ зиялыларының көпшілігінің суреті бар. Ал қазақтың тұңғыш фотографы – Шәңгерей Бөкеев (суретте) екенін көп ешкім біле бермейді. Яғни, қазақ фотоөнері Батыс Қазақстан облысынан бастау алды деп сеніммен айта аламыз. 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдығы аталып өткенде Петерборға қонақ ретінде шақырылған Шәңгерей Бөкеевке Николай ІІ патша барлық құрал-жабдықтарымен фотоаппарат сыйлаған. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы, Жасқұстағы хан ордасында дүние…

2
0
5250

Жылқы ұстаудағы бір айлық тәжірибем

ЖЫЛҚЫНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАДЫМ? Алты ай жылқы таңдаппын. Тіпті су төгілмес жорға бар деген соң мамырдағы демалыстарда Оралдан 600 шақырым Нарын құмына да барғам. Онымен жорғаның иесі үйірін таба алмай, кешке дейін күтіп, құр қайтқанмын. Бұйырмай тұр ғой. Жылқыны сұрастырып та, интернеттен де іздеп-іздеп, ақыры өз ағаларымнан алдым. Олар да бірге іздесіп шаршады-ау. Жөнді жылқы жолықпай жүргесін Ғарифолла ағам екі ұлымен ақылдасып, "саған осы Шағала қолайлы болар, атым бар деп ұялмай мініп жүр" деп ақ тұлпарын берді. Әрине, тегін алмаймын ғой. Өзіме де ұнап жүрген. Тек "құлын кезінен баптағасын қимайтын шығар" деп қолқа салуды жөн көрмегем. Қуанып кеттім. Арқыраған айғыр емес, алысып жүретін асау емес, жуастау, тұқымды, әдемі ат іздегем. Таңдауыма дөп келді. Шағаланы құлын кезінен таңдап, тайынан…

4
0
8120

Барон сыйға берген қыз

Ауыл жақтан «Терезя апай қайтыс болды» деген хабар келді. Былтыр Ресейдің көршілес Волгоград облысына осы кісіні арнайы іздеп барған едік. «Терезясы кім?» деп отырған шығарсыздар? Әңгімені әріден бастайық ендеше… Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында Геннадий Оспанов деген дәрігер болған. Көбі есімін қазақшалап Ғафу дейтін. Кейбірі тіпті Құспан, кейде Құсайын деп те атай берген. Керемет білімді, күрделі операцияларды ауылда-ақ жасай беретін әскери дәрігер. Ол алдына келген науқастардың тамырын ұстап та ауруларын айтып беретін болған. Сырқаттарға бір жапырақ қағазға диагнозын жазып, өзінің «Оспанов» деген жазуы бар мөрін соғып береді екен. Саратовтың ауруханасындағы дәрігерлер ол кісінің жазып берген қағазымен қаралуға барған науқастан қайта анализ алмай-ақ, бірден емдеуге қабылдайты…

4
0
1131