Мазмұнға өту
NurlanBekmurat

Нурлан Ибрагимов

@NurlanBekmurat

Сайтта 2012 ж. 13 ақпанКазахстан, Алматы

По образованию инженер-строитель. хобби журналистика, член Союза Журналистов Казахстана. Написал книгу \\\\\\\\"Коррупцияның көлеңкесінде\\\\\\\\". Пишу стихи на русском и на казахском.

рейтинг

100

жазбалар

187

пікірлер

7

тіркелуші

25

жазылымдар

0

Асан қайғы, Жерұйық.

Жер ұйық Қайда сонда сен іздеген Жерұйық Аласұрып жанұшырған жанқиып Таптым деген жер жанаты жанында Тынышталып дем алдың ба ес жиып. Жерұйығың сен іздеген бүгінде Аты мәлім Қазақ елі дүйімге Желмаямен жер ұйыққа жеткізген Алты Алашың сені еске алар сүйіне. Асан қайғы Асан қайғы не іздедің жанұшыра жанығып, Біле алмай дал боламыз, даурығып. Сенің тапқан Жиделі Байсын жерінде Қазақ халқың тұрып жатыр, шар құрып. Қайғы жұтып, Желмаямен жер кездің Болашақты ойға ұстап, қиялдана тербелдің. Әз Жәнібек, ер Керейге жол сілтеп Шар тарапты шарлап шықтың, көмкердің. Асан қайғы, бір құдайдан көмек деп, Күн түн демей дала кездің безектеп. Көре білдің, келешекке көз тастап Қазаққа да, бақытты өмір келет деп. Бас иеміз Асан баба, еңбегіңіз еш емес, Баға беру біздерге де кеш емес Даналықпен көрімпаздық…

1
1
2898

Желтоқсан жайлы

Желтоқсан жайлы бір толғау... Сен сұрадың балақай Желтоқсан деген не зат деп? Неге сонша сол жайлы Қалам ұстап, жазар көп. Тығырыққа тіредің Ойға шомдым, толғандым Мен де соның бірі едім Білгенімше қорғандым. Ойға қалдым артынан Желтоқсан деген не зат деп? Шынымен ақ, бүгінде Пайда табар зат бопты Жылдар жылжып өткенде Жай ғана бір ат бопты. Желтоқсан атын жамылып Білгенше қарар қаттапты, Осы атты жамылып Билікке барып жағынып Төсіне медаль шаптапты. Пайда тапса, әрине, Желтоқсан зат болғаны Ойламайық, тойлайық Керегі не толғанып. Желтоқсан, бірақ, зат емес Рухы емес пе еді халықтың? Көтерілген күшіне Кеңестер деген алыптың. Желтоқсан деген зат емес Ар, ұят, намыс, ожданы, Намысқа ұлтық тигенде Кеткен едік қозғалып. Көтеріліп қолға алып Плакатты: Қазақ,- деп Зорлық қылған биліктің Істеген…

0
0
414

Канада қазағының Манифесті

Канада қазағының Манифесті Немесе, Өз-өзін бағаламаған халық жайында Канаданың Онтарио провинциясына, Торонто деген қалаға, баламызды оқытамыз деп өзіміз де барып қалған едік. Иммигрант болсаң оқу бағасы да төмен болады екен. Канада қос тілдес мемлекетке жатады, негізгі тілі ағылшын тілі болғанымен, бір провинция Квебек үшін барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тіл ретінде қос тіл қолданылады. Тіл үйренемін дегенге мүмкіншілік мол, ESL, LINC, және одан да басқа көптеген программалармен тіл уйрену мәселесі кеңінен қамтылған. Бір Торонтоның өзінде қай ауданда тұрсаңыз да қасыңыздан тегін тіл үйрету курстарын таба аласыз. Шіркеулерде кешке қарай ESL \Ағылшын Екінші Тіл\ деген бағдармен сабақ береді, оқытушылар көбіне волонтерлер, тегін тіл үйретушілер, олардың арасында инженер, доқтыр,…

0
0
543

Potluck и құдай тамақ

Potluck и құдай тамақ Пишу небольшими порциями о том, что мне удалось познать за океаном, не могу сказать, что я стал экспертом по Канаде, но пожив там немного, хочу поделиться с теми, кто ещё только строит планы. Может кому-то будет просто интересно видение и наблюдения бывшего Каскеленского казаха, который хочет стать Канадским казахом. Это всё первые впечатления, может потом что-то изменится, а пока... Схожесть и различия: Кому выгодно мигрировать из Казахстана в Канаду Менталитет Как живётся в Канаде Работа в госорганах Дороги и авто Кому в Канаду? Когда вопрос стоит ехать или не ехать, то поездить и посмотреть наверное нужно всем. Просто нужно понять, а зачем она вам. К примеру, я раньше был немного озлобленным и слишком патриотичным, то теперь пожив там пару лет я даже на коррупцию…

4
4
4161

Potluck и Құдайы тамақ

Мерила для Мэров. Мы всегда сравниваем: а как у нас и как же у них, иногда наши могут фору дать ихним. Если сравнить акима Торонто Роб Форда и мэра Алматы Ахметжана Есимова то наш аким по сравнению с мэром Торонто окажется супермэром. Роб Форд курит марихуану, имеет алкогольную зависимость, бывший стортсмен, но в настоящее время за своей формой не следит. Что их обединяет, наверное они хорошие хозяйственники. Иногда мне кажется что Казахстан не такая уж отсталая, как мы представляем себе. Все зависит от того что мы имеем. Да, у нас диктатурная структура правления или назначения, но с таким форматом проблем как у бедного Робби Форда он не смог бы быть акимом у нас, а в Канаде это возможно. Если бы столько жалоб накатали бы на Есимова, или бы столько негатива написали бы о нем во всех пресс…

0
0
394

Бомжының соңғы сәлемі.

БОМЖы Болаттың сәлемі. Қазақ халқында ұлы ақынның аты беріліп, жетістіктерге қол жеткізген, ұлы ақынға аттас адамдар кем де кем шығар. Сондай жандардың бірі қазақ армиясының генералы А. Т. деген азамат менің жездем еді. Төменгі шеннен бастап сонау генералға жету екінің бірінің қолынан келе бермес іс. Талайлар тапырақтап полковниктен аса алмай қалады, кейбіреулер тіптен майорға мыжырайа жете жығылады, милисса болса тіптен сол «страшный сержант» кейпінде келешекке кете барады, сол шенге жетіп алып, қолды көрінгеннің қалтасына салып, қазынадан да алып, жүргіншіден де алып, жүргізушіден де қарпып, қарсы тұрғанды тарпып, беттерінен майы тамып, инспектор деген атаққа ие болып, қазаққа қара күйе болып, майпара болып, жайпара жапыра жеп, желіп жүре береді. Жездеке сенің жеткен жетістігіңе әбден р…

0
0
512

Фариза Оңғарсыноваға көңіл айту

Сол кісі күзде ауырып жатыр деген кезде жазылған еді, аққайыңды бейнелеген ару ақынға арналған еді. Хош бол Фариза ақын, топырағың торқа болсын. Ақ қайыңды, кейбіреу терек деген Көлеңкесіз, ол кімге керек деген, Не көлеңке, не жеміс бере алмаса Неліктен ынтығады, жүрек деген. Ақ қайың махаббаттың белгісі ме Ақ қайың сұлулықтың үлгісі ме Жалғыз жан, қалсадағы сүйсінетін Айналмас тоғышардың күлкісіне. Ақ қайың, сұлулықпен жарасады Мәңгілік белгісіне жанасады Пәктікпен бозбалалық белгісіндей Көңілде көктемменен таласады. Күз келсе, жаз, көктемді сағынамыз Табиғат тірлігіне бағынамыз Көңілдің күзі келіп, күйбеңменен Тәңірдің құдретіне табынамыз. Маххабат ақ қайыңды армандаған Жүрегің жыламаса, ән болмаған Адам боп келгеннен соң бұл өмірге Сұлулық іздейді екен бұл жалғаннан. 22.09.2013 Жалғыз…

0
0
913

Эзотерика мен Заманауи қазақы софылық

Қазақы софылық пен Эзотерика жайында. Ля и ля хи ил-Алла, Мухаммед расул иншалла ,- деп бастайық, сопылық деген тақырыпты, жаратқан Алла мен Мухаммед пайғамбарға бас ие отырып, өзге де әулие- әнбилерге тағзым қылып, бұл сенімді бізге берген Мұса пайғамбарға, Дамытқан Иса пайғамбарға, Жалғыз жаратқан үшін өз баласын құрбандыққа шалуға даяр болған, Құрбан айт мерекесінде атын атап өтетін - Ибрахим пайғамбарларға зор алғысымызды білдіре отырып сөз бастауға рұқсат сұраймыз. Муһхамедтей соңғы пайғамбардың өзі сенген пайғамбарлар болғандықтан оларды атап өтпеске болмайды. Одан басқа Қазақ деген халықтың аруақтары мен бұл фәни дүниеде бізді қолдап қорғап жүрген Түркістандық ұстазымыз Ахмет қожа Яссауиге басымызды иеміз. 1. Сопылық туралы Сопылық дегенді әр адам өзінше түсінеді, әрбір елдің салты…

1
0
9935

Күз келгенде, аққайың келеді еске

Ақ қайыңды, кейбіреу терек деген Көлеңкесіз, ол кімге керек деген, Не көлеңке, не жеміс бере алмаса Неліктен ынтығады, жүрек деген. Ақ қайың махаббаттың белгісі ме Ақ қайың сұлулықтың үлгісі ме Жалғыз жан, қалсадағы сүйсінетін Айналмас тоғышардың күлкісіне. Ақ қайың, сұлулықпен жарасады Мәңгілік белгісіне жанасады Пәктікпен бозбалалық белгісіндей Көңілде, көктемменен таласады. Күз келсе, жаз, көктемді сағынамыз Табиғат тірлігіне бағынамыз Көңілдің күзі келіп, күйбеңменен Тәңірдің құдретіне табынамыз. Маххабат ақ қайыңды армандаған Жүрегің жыламаса, ән болмаған Адам боп келгеннен соң бұл өмірге Сұлулық іздейді екен бұл жалғаннан. 22.09.2013 Жалғыз қайың Жиделі орман, қараағашпен қаптаған Дуылдасып, ауыздарын жаппаған Өсіп, өніп мәуелеген мерейлі Бірін-бірі, қолдап-қорғап жебейді. Қараағашт…

0
0
1191

Қазақ шежіресіндегі Шыңғысханның орны.

Қазақ шежіресінде неге Шыңғысхан тиісті орнын алмаған. Исай Калашниковтың "Жестокий век" атты тарихи романын алар болсақ, қазіргі қазақ тайпаларының бас бірігуінің ұйтқысы болған сол Бөріжеген Қияттан шыққан Темуджин екеніне көз жеткіземіз. Ал керейлер болмаса, немесе Керейдің ханы Тоғырыл Есугей баһадурмен анда болмаса, онда Шыңғысханның болу болмасы екіталай болар еді. Бірақ, Шыңғысханды қазаққа жатқызуға болмайды, себебі ол кезде қазақ атауы да болмаған, бірақ қазақ "қайжақылық" жасауын сол кездерден бастаған деуге де болады. Жатжұраттық Темуджиннің андасы Жамқаның айтқан сөздері мен Шыңғысханға қарсы істеген қылықтары оның, еркіндік сүйгіш ер болғанын көрсетеді. Қайжақылық қазақтың қыршаңқылығы болса да, осы қасиетімен өз еркі бар, мен деген менмендігі бар маңызын көрсететіндей. Шежір…

0
0
1333