Мазмұнға өту
NurlanBekmurat

Нурлан Ибрагимов

@NurlanBekmurat

Сайтта 2012 ж. 13 ақпанКазахстан, Алматы

По образованию инженер-строитель. хобби журналистика, член Союза Журналистов Казахстана. Написал книгу \\\\\\\\"Коррупцияның көлеңкесінде\\\\\\\\". Пишу стихи на русском и на казахском.

рейтинг

100

жазбалар

187

пікірлер

7

тіркелуші

25

жазылымдар

0

Медеу, коньки, сырғанақ.

Медеу, коньки, сырғанақ. Төгілген әуен, шабытты ырғақ. Аяққа тағып мұзатты, Мінгендей тұлпар, кетесің зырлап. Медеу, әрине тамаша, теңдесі жоқ мұзда сырғанау айдыны. Тек, әттең дегізетін, бірнеше ыңғайсыздық болмаса. Біріншісі, коньки деген мұзда сырғанау құралының қазақша аудармасының қайта-қайта дұрыс баламасын таба алмай аударыла салынып келуі. 2007-2008 жылдары Медеу мұз айдының әкімшілігі "шаңғы" деп аударып, жарнамалық бағандар мен басқа да жазуға боларлық тақтайшаларға жаза салған еді, биылғы жылы "сырғанақ" деп аударыпты да: сырғанақсыз мұзға шығуға болмайды,- деп баттитып жазып тастапты, ескерту бағандарына. Тым болмаса " коньки" дегенді "мұзат", "мұзтақ" - мұз тақтайшалары, деп те көрмепті. Сырғанақтың басқа таудан сырғанау, жазық даламен шаңғымен сырғанау деген түрлері болатынд…

0
0
1686

Ұлу ма, әлде аждаһа ма?

Ұлу жылы ма, әлде аждаһа жылы ма? Он екі жылда бір келетін қазақ жыл қайыруымен келетін ұлу жылы толық жыл, високосный, немесе, "кібісе" жылына келіп отырады екен. Биылғы жылғы болған ауыртпалықтар мен кенеттен болған қазалар, осы жылдың әркез ауыр болатынын көрсеткендей. Әруақытта толық жылға келіп отыратындықтан, ұлуды қытайлар мен басқа да Азия халықтары секілді "аждаһа" жылы деген дұрыс шығар. Қазақ жыл қайыруының немесе гороскоптың жасалған кезінде толық жылды, високосный, тап басып біле алмағандығынан жыл атауындағы келіспеушілікке әкелгендей. Ұлу жылы жайлы, адам баласына өз үйін өзі арқалаған жәндіктей ыңғайлы да, жазда ғана өмір сүретін жәндіктің кейпімен келуі тиіс еді, бірақ, өткенге көз жүгіртсек әруақытта ұлу жылы аждаһадай айбарлы, белгісіз, құбылмалы, қатер мен қазаға мол ж…

0
0
830

Азат ел еркін бол жасқанба!

Азат ел еркін бол жасқанба. Қазақ елі бүгінгі таңда, азат та өз еркі бар мемлекет. Бірақ кей жайтттарға көз салар болсақ елдің өз ой пікірі, еркі жоқ секілді көрінеді екен. Жасқаншақтық пен жалқаулық жағалап алған секілді халықты. Алысқа бармай ақ келе жатқан Тәуелсіздік күнін алайық, жылда айтылып жатқан сол баяғы бір жыр: Жаңа жылға жұрт дайындалады да, ал Тәуелсіздік күні сол баяғы таз қалпында екінші дәрежедегі мереке секілді қалай болса солай тойлана салады,- деген пікір қалыптасқан халықтың санасында. Расында да солай. Себебі неде? Бірінші себебі, Тәуелсіздік күні орыс тілдестер үшін қуанышты мереке емес, сол күні қазақтар бірінші рет өз еркі жайында ойланып, қарапайым тілмен айтқанда орыс тіліне қарсы көтерілген еді. Демек халықтың жарымы үшін мереке қуанышты күн емес. Екінші себеб…

0
0
1166

Алла, ауылдың ақхалаттысынан сақта...

Ия, Алла, ауылдың доқтырынан сақта! Әбігерге түскенде ауызға Алла түседі екен, шаласауатты доқтырлардың шалағай ісінен сап-сау бала жансақтау\реанимация\ бөлімінен бірақ шыққаннан кейін, құдайға жалбарынған басқа, бүгінде ауыл адамдарының қолдарынан басқа ешнәрсе келмейді екен. Алыс-шалғай емес, экономикалық дамыған Қазақстанның бетке ұстар қаласы Алматының түбінде тұрған ауылдардағы сауатсыз медиктердің ісінен кейін, не өзіңе, не құдайға ғана сенім қалады екен. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық аумағына қарасты, Байбосын-Қаратөбе ауылының он жасар тұрғыны Дастан Б. қарапайым ғана құлақ ауыруынан отиттен, менингит ауыруына шалдығып, Каскелеңдегі инфекция жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бала болғанна кейін суға түспейтін бала бола ма, ал бұл ауылда…

1
0
1107

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухының биіктеуінде!

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухтануы мен бірлігінің нығаюында. Лондон Олимпиадасы қазақ халқы үшін өте табысты болды, егер өткен төрт Олимпиадаларда бар болғаны \ Атлантада -3, Сиднейде -3, Афинада- 1, Бейжінде -2\ 9 алтынға қол жеткізе алсақ, 2012 жылы бірден жеті алтынға қол жеткіздік. Бұл біздің тарихымыз үшін болмаған, түске ғана кіретін табыс болғаны рас. Жеті алтын туралы Қазақ спорты ешуақытта армандап та көрмеген шығар, спорт министрі Ермегияев мырзаның Олимпиада алдында үш алтын жайында планымыз бар деуі де дұрыс еді, себебі бүгінгі таңдағы спортағы биік конкуренция одан артықты болжауды, бастан асыра секірумен бірдей бағалар еді. Спорт министрі прагматикалық адам болғандықтан қол жеткізе алар биіктікті межеледі. Ал қазақ спортшылары алды да, айды аспаннан бірақ шығарды. Мұнда…

1
0
1312

Мемлекет мәртебесі - мемлекеттілікті мойындатуда.

Мемлекет мәртебесі: мойындатуда. Егер де біз Қазақ мемлекеті суверенді, егеменді деп танытсақ өзге елдерге, оны өзіміз де мойындауымыз керек еді. Тек тәуелсіздікке жиырма жыл болғанда ғана, біз мемлекеттік символдарды силау керектігін мойындап отырмыз. Әрине, ештен кеш жақсы деуге болады, бірақ баяу шабамыз деп, былжырап божып кетуіміз ғажап емес. Немесе, бұра тартып, діннің артынан жүреміз деп, тілді араб-парсы тілінің түсініксіз қоспасы да қылғандаймыз. Болмаса, ақылдан келген азап деп, қатты ақылды болып бар сөзді аудара беріп, азаптанатындаймыз. Жиырма жылда не өзгерді? Келесі қадам қандай болуы тиіс, деген сұрақтарға жауап іздесек, жарытымды қорытынды жасай алмайды екенбіз. Кей затқа көңіл толғанымен, әлі көптеген заттың жайттың, толыққанды өзгермегенін, немесе бұра тартып, лағып кет…

0
0
706

Назарбаев реформатор бола алмады, қазақ пен орыс қоғамын салыстырсақ..

Орыс қоғамының күші неде, қазақ қоғамының әлсіздігі неде? Бірінші, қоғамның күші тілде. Орыс тілінің күштілігі ол тілдің көрінген басқа тілден келіп жатқан сөздерді қорытып жіберуінде. Мысалы: Богатырь рискнув стал героем, деген сөйлемде, тек стал деген жалғаушы сөзді ғана славян сөзі деуге келеді, баһадүр парсы-түркі сөзі, риск, һерое батыс еуропа халықтарының сөзі. Қазақ тілінде орыс тілінен келіп жатқан сөздерді аудармалап бас қатыруда, ол тек тілді күрделендіріп жібереді. Ресторан, кафе, помидор сөздері сол қалпынша пайдаланылуы тиіс, қаншама аудармалағанмен газетті киоскіден аламыз, помидорды базардан, ресторанға тек мейрамдау үшін емес, анда санда тамақ ішу үшін де барамыз. Екінші, басты мәселе, ол халықтандыру саясатында. Орыстардың көп болу себебі 1897 жылғы халық санағы кезінде б…

1
1
759

Нағыз қазақ Гер аға!

Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ, Гер Бельгер Домбыраға табынғандар Тағы бірді біліңдер. Нағыз қазақ құдіретті домбыра Күмбірлейтін айызыңды қандыра Сыр шертетін және де бір қазақ бар Қазақ болып, сөз сөйлейтін Гер аға. Домбыраның құдіретін силасаң Менсіне алмай ана тілді қинасаң Жиырма жылда сорлы қазақ, созылып Өзге тілде сөйлеуіңді тимасаң. Ана тілді менсінбеген қазақтар Я казах, деп өзін өзі мазақтар Мен Қазақпын, деп жазған деп әкеміз Көрінгенге ұялмай ақ мадақтар. Сол қазақтан мың есе артық, гер Бельгер, Бұл қазаққа кіре біткен кемеңгер Өз ұлтындай силап өткен қазақты Бұл немісті, қазақ емес демеңдер. Қазақ тілдің білгірі Қазағымның Бельгері Бір қазақтай бұл тілді қазақ неміс меңгерді. Қорықпай ақ айта алатын өз ойын Қазақ емес мыңқылдайтын тоң мойын Болашақта өз орны бар адамды…

0
0
502