Турист көзімен қарағандағы Токио
Жапон елінің астанасы Токио қаласында саяxатшыларды таңқалдырататын орындар өте көп. Солардың бірі -- жеті көшенің қиылысатын жері Шибуя. Кейбір орыс транскрипцияларында Сибуя деп те айтылады. Алғашқы барған қазақ саяxатшысына бұл жер құдды біздің бір Алматыдағы мейрам күнінде орталық алаңда жиналған адамнан асып кетердей болмаса, кем көрінбейді. Себебі жаяу жүргіншілерге жасыл жарық жанған кезде, алдында автомобиль өтіп жатқан көшелерді лезде адам басып құжынап кетеді. Бірінші көргенде өте керемет құбылыс. Құмырсқаның илеуі сияқты. Леп-лезде көше адамға лық толады. Сансыз ағылған жүргіншілер мен машиналардың қозғалысын бағдаршамдарға қосымша реттеуші адамдар тұрып басқарады -- шамасы, жалғыз электрониканың осыншама ағылған қозғалысты басқаруға күші жетпеуі мүмкін бе деп ойладым. Жалпы ба…