Мазмұнға өту
News-Aktau

News-Aktau

Сайтта 2020 ж. 2 қаңтарКазахстан, Актау

Независимый журналист. Живу и работаю в городе Актау Мангистауской области. Готов к сотрудничеству со всеми, кому интересно продвигать полезные проекты. Пишите на почту: [email protected]

рейтинг

250

жазбалар

161

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

9

«Birgemiz - Mangystau» қоры

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша «Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдеріне сәйкес табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтарға 7 санат бойынша қаржылай көмек көрсетілу көзделді.

Бүгінгі таңда төртінші кезең жүзеге асуда. Өңірлік «Birgemiz - Mangystau» қорына барлығы 120 650 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, 4 санат бойынша 2413 адамның шотына (Маңғыстау ауданы 918, Түпқараған ауданы 752, Мұнайлы ауданы 743 адам) 50 000 теңге көлемінде қаражат толығымен аударылды.

0
0
165

Праймериз - партияішілік іріктеу!

Ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 3 қазанына дейінгі аралықта партияішілік таңдау, яғни праймериз өткізу ресми түрде хабарланды. Мақсат-алдағы Мәжіліс пен маслихаттар сайлауларына партия атынан қатысатын көшбасшыларды ашық бәсеке негізінде анықтау. Партиялық тізімдерге халықпен бірлесе үндесетін, халық сеніміне ие азаматтар енуі тиіс. Ашықтық пен жариялықты қолға алған елімізде алғаш рет праймериз арқылы Мәжіліске депутаттарды іріктеу өтеді. Партия қатары креативті, заманауи бағытта жұмыстанатын жастармен толығуы тиіс. Қоғамдағы өзгерістер мен көзқарастар депутаттар белсенділігін көтеруді талап етуде. Елбасының праймериз өткізу туралы тапсырмасы партия мүшелерінің арасынан беделді, белсенді, ойлы азаматтарды іріктеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, саяси ұстанымы мен ұсынысы бар азаматтарды ел…

0
0
400

Ақтау қалалық №1 емханасының байқау кеңесінің мүшесі болғыңыз келе ме?

Конкурс өткізу күні мен орны: Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат. Кәсіпорынның орналасқан орны: 130000, Ақтау қаласы, 7 шағын аудан, 35А ғимарат.Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Ересектер мен балалар топтарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілуін қамтамасыз ету, және т.б.; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды: жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің: 1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің; 2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің; 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика…

0
0
578

Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығы байқау кеңесіне мүшелерді іріктейді

Конкурс өткізу күні мен орны: Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат. Кәсіпорынның орналасқан орны: 130000, Ақтау қаласы, 1А шағын аудан, 9 ғимараты.Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Тұрғындардың психикалық денсаулығын қорғау саласында мамандырылған медициналық-әлеуметтік көмекке деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады; Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды: жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің: 1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің; 2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесіні…

0
0
546

Партия көшбасшыларын анықтайтын жаңа мүмкіндік!

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны бәрімізге мәлім. Бұл құжат партия үшін өте маңызды, әрі партияның жаңа буынының қалыптасуына, ел арасында көшбасшыларды анықтап, оларды шыңдауға мүмкіндік береді. Праймериздің негізгі ережесін оқып, таныстым. Партияның праймеризі жақында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізгі заң талаптарына сәйкес, бұл дегеніміз партия праймеризі нормативтік құқықтық актілеріне сай жүргізіліп отыр. Праймериз билік партиясының өзі қоғамға жақын болуына, оның мұң-мұқтажын терең сезінуіне тамаша мүмкіндік береді. Сондай-ақ тиісті кадраларды іріктеуде жариялылық пен ашықтық қамтамасыз етілмек, тиісінше партияға ел ішінде сенім де оянады. Сондықтан Сізді д…

0
0
592

МӘМС: кімдер тегін стоматологиялық көмекке жүгіне алады?

Бұған дейін барлық стоматологиялық көмек ересектерге ақылы негізде көрсетіліп келді, ал үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында тегін ЖЕДЕЛ стоматологиялық көмек (яғни тісі қатты ауыратын болса) халықтың жекелеген санаттарына көрсетіледі.Шұғыл стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер; 2. 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 3. "Алтын алқа","Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналар; 4. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 5. Жасы бойынша зейнеткерлер; 6. Айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар;Жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 1. 18 жасқа дейінгі балалар; 2. Жүкті әйелдер;Ескертпе: "Міндетті шарт - электрондық жү…

0
0
796

Маңғыстауда 2019 жылы туберкулезге байланысты аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі тұрақты төмендеген

Маңғыстау облыстық туберкулезга қарсы диспансерінің бас дәрігері Қуат Титановтың айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша аурушаңдықтың облыстық көрсеткіші 2,1%-ға төмендеп,100 мың адамға шаққанда 52,3-ті құрады, 2018 жылғы көрсеткіш 53,4-ті құраған болатын.Өлім-жітім көрсеткіші 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 2,2-ні құраса, 2019 жылы көрсеткіш 2,0-ді құрады, яғни өлім-жітім деңгейі 9,1%-ға төмендеді.Туберкулез бойынша ахуалдың жақсаруына - Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйелі негізде туберкулезге қарсы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл бағдарлама іс-шаралары аясында облыста туберкулезге қарсы қызмет қайта қалыптастырылды, 55 төсек-орынды аудандық туберкулезге қарсы аур…

0
0
826

РУСЛАН БЕКТУБАЕВ: Маңғыстаудағы медициналық ұйымдар МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасауға дайын

Медициналық сақтандырудың әрбір аспектісі кеңінен түсіндірілсе ғана, белгілі бір нәтижеге қол жекізуге болады. Сондықтан да осы жұмыстарды әлі де болса жандандыра түсу қажет. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін қала мен аудандарда, ақпараттық жұмыс бекітілген өңірлік коммуникацияларға сәйкес жүргізілмек.

Тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде 51 медициналық ұйымдармен, (оның ішінде 25 жекеменшік) 71 келісім шарт жасақталып, жалпы өнімберушілер ішінде жекеменшік өнімберушілердің үлесі 46,3%-ды құрады. Жекеменшік өнімберушілерді қаржыландыруға 2 795 000 млн теңге бөлініп отыр.

0
0
241

ОЛЖАС ӘБІШЕВ: 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтап алуға шақырамын!

Еске сала кетейік, еліміз бойынша 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы жүзеге асырыла бастады. Аталмыш жүйенің маңыздылығын ескере отырып, Маңғыстау өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға көз жеткізу мақсатында ат басын тіреген Денсаулық сақтау вице-министрі алдымен Мұнайлы аудандық орталық емханасына барды.

0
0
177

Еліміздің денсаулық сақтау вице-министрі Мұнайлы ауданында болды

Мұнайлы аудандық емханасы директорының міндетін атқарушы Жанар Есенғалиқызы Досжанованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары әлі де жалғасады. 250 ауысымға арналған емхана 117 000 халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы 378 149 адамға қызмет көрсетілген. Бүгінде 1877 адамның сақтандырылған статусы анықталмай отыр. Оның бірден-бір себебі тұрғындардың тіркелген мекенжайда тұрмауы немесе көшіп кетуінен болып отыр. Десе де, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, бүгінде орталық емханада мамандар тапшылығы сезіліп отыр. Атап айтқанда 23 дәрігер жетіспейді. Ал емхана құрамында 7 дәрігерлік-амбулатория, 4 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы жұмыс жасайды. Барлық елді-мекенді қамтиды, оның ішінде Атамекен, Қызылтөбе, Батыр,…

0
0
467