Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Birgemiz - Mangystau» қоры

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша «Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әкімдер мен әлеуметтік қорғау органдары ұсынған көмек алушылар тізімдеріне сәйкес табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған азаматтарға 7 санат бойынша қаржылай көмек көрсетілу көзделді.

Бүгінгі таңда төртінші кезең жүзеге асуда. Өңірлік «Birgemiz - Mangystau» қорына барлығы 120 650 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, 4 санат бойынша 2413 адамның шотына (Маңғыстау ауданы 918, Түпқараған ауданы 752, Мұнайлы ауданы 743 адам) 50 000 теңге көлемінде қаражат толығымен аударылды.

0
0
166

Осы тақырып бойынша