Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Құрқұдық

- Шәкерім Құдайбердіұлының қалай мерт болып, қалай, қай жерде жерленгені, арада 30 жыл уақыт өткенде 1961 жылы ұлы Ахаттың қалай қазып алғаны жөнінде ауылдастары, туыстарының естеліктері бар,-дейді Құралай Мұхамедшайыққызы. – Соның бірі Мұхтарғазы Момынғазиннің естелігі. Ол кісі Кәрімқұлдың Қабышынан жазып алған екен. Шәкерімнің шәкірті болған Қабыш ағамыз жақсы әнші, әсіресе қажы атаның әндерін нақышына келтіріп шырқайтын болған. Ол аңшылықтың да қыр—сырын жақсы меңгерген екен. Қасқырдың бөлтірігін күзде енесі болып ұлып шақырып, сан рет атып алған, күшігі інде болған кезде тамақ әкелген енесінің қыңсылаған дауысына салып, іннен шыққан күшіктерді қапқа тоғытатын өнері болған дейді. 1931 жылы қажы атылғанда Қабыш 18-19 жаста екен. Қабыштың әкесі Кәрімқұл НКВД-нің адамдары Шәкерім атаны ат…

Текті әулеттің тағдыры

Мақсат Жаппарханұлы айтады: Ұмытпасам 2008 жылы Семейдегі Шәкерім атындағы университеттегі Шәкерім орталығына біраз тарихи фотосуреттер мен қолжазбалар тапсырдым. Өмірінің соңында анам жазуға отырып, аталарының қолжазбаларын ақтарды. Сексенінші жылдардың ортасында үйге Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхамедханов, тағы бір үлкен жазушылар келді. Анам сол кісілерге атамнан қалған қолжазба, фотосуреттерді берді. Сол жылдарда Шәкерім атаның ақталғаны туралы хабар жетіп, анам марқұм екі күн жылағаны есімде. Жазушылар одағының сол кездегі төрағасы Олжас Сүлейменов анамды шақырып алып: «Қазақстанның қай қаласынан болса да пәтер бергізем, таңдаңыз» дегенде ол кісі Талдықорғанды айтыпты. Олжас аға сол қаладан бір бөлмелі пәтер алып берді. Жалғыз бізге емес, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың отбасына үш– төрт әу…

0
0
756

Құдайберді ұрпақтары

Шәкерімнің әкесі Құдайберді - Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған жалғыз баласы. Ақылды, дәулетті адам болған. Құдайбердінің Төлебике (қолы ашық болғандықтан жұрт Дәметкен деп атап кеткен) және Ботантай деген әйелі болған. Дәметкеннен Омар, Мұртаза, Шәке, Шәкерім туған. Шәкерімнің бәйбішесі Мәуеннен Суфиян, Тауфық, Мәйміне, Ғалия есімді екі ұл, екі қыз туған. Суфиянның жеңгелей алған әйелінен Шәмел, одан Бану туған. Осы Бану мақаланың басында біз сөз еткен әнші Құралайдың анасы болып шықты. Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан Ғафур, Қабыш, Ахат, Кәмпит (ол жас кезінде қайтқан, Жәкіш (Жәкібала), Гүлнәр мен Зият туған. Ғафурдың Ақлима, Мәкей атты әйелдері болған. Мәкейден Баязит, Ләбиба, Нағима, Кәмилә туған. Жоғарыда анасының естелігін айтқан Мақсат Жаппарханұлы Кәмиланың баласы. Шәк…

1
0
838

Аз-кем шегініс

Шәкерім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келген. Әкесі Құдайберді мен ақын Абай бір әкеден – Құнанбайдан туған. Құдайберді 36 жасында қайтыс болып, жетім қалған 7 жастағы Шәкерімді Абай тәрбиесіне алып, оқытқан. Шәкерім 5 жасында хат таныған, 9 жасынан бастап өздігінен жүйелі түрде оқып, білімін көтере берген. Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымын, физиканы, сөз өнерін, музыка өнерін оқыған. Дене еңбегімен айналысқан, шеберлікті үйренген. Ұлттық киімдердің үлгісін жаңарту, ас пісіру, көшпелі ел жағдайында, қыста қар үстінде шырпысыз от жағу, үй-үйдің, іргелес қыстаулардың арасында сымды қатынас орнату сияқты тұрмыс мәдениеті жөнінен халыққа өзі тапқан тәсілдерін ұсынған. Ауырып, сырқаттанғандарға медициналық жәрдем көрсеткен. Лев Толстойды ұстазым деп соның өнегесін қолдан…

1
0
1102

Шантаж құрбандары

(Әңгіме) Андақұлдың шешесінің көрші ауылда тұратын сіңлісі қайтыс болып, соның намазына жүретін болды. Кетерінде ол: -Құлыным, ана қасқа сиыры құрғырды мал өрістен қарсы алып, қораға қама. Далада қалмасын, ұры-қары бар дегендей,- деп қатты тапсырған. -Апа, ұқтым!- деді бұл сөзін бөліп. -Қой, көліктен қалып қоярмын, қозғалайын. Шешесі кеткен соң, ол үйге бір кіріп, бір шығып қара кешті, малдың өрістен қайтар шағын асыға күтті. Ақыры, күн ұясына қонып, өрістен қайтқан малдың тұяғынан көтерілген қара шаң ауылдың шетіне іліккен тұста, бұл да шешесінің сиыр қайырғанда қолына ұстайтын шыбығын алып, малдың алдынан шыққан. Е-е, міне, қасқа сиырлар да көрінді. Тек сол сәтте ғана мұның өзінің сиырын жыға танымайтыны есіне түсті. Сұрай қоятын бақташы да көрінбейді. Қап! Сол сәт өзіне қарай беттеп ке…

0
0
854

Боямасыз өмір — Келнене

Кәкима ойда жоқта хабарласты. Біз оқу бітіргелі көп жыл өтті ғой. Ұмытпапты. Хал-жай сұрасқан соң, ұлының тойына шақырды, Алматыға. «Келетін бол, әйтпесе ренжимін» деді. «Достарым көп, бірақ сенің жөнің бөлек еді мен үшін» деді. Сосын жылап алды. Телефонымды қайдан, қалай алған... сұрамадым. Өйткені, Кәкиманың таппайтыны, білмейтіні жоқ болатын, анау студенттік жылдарда. «Келші, сені көргім келеді». Жағдайды, жол алыстығын, жұмысбастылықты алға тарттым. «Ол сылтау емес, кел. Құдаларым мынау деген адамдар. Шалқып-тасып, солармен бірге төрде отырасың». Күмілжідім. Еңбек демалысым бітуге таяу-ды. Құдалармен шалқып-тасып бірге отыруға дәм жазбады. «Сен бәрібір келесің, келтіремін». «Келемін» деген уәдемді естіген соң, кезінде қызық, жоқ, шыжық болған отбасының кейінгі жағдайын әңгімеледі. ...…

0
0
683

Үшеудің жазасы

«...ұмытуға болмайтын да жайттар бар, кешегі тарихымызға тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес.» Бұл - белгілі қаламгер Медеу Сәрсекенің сөзі. Медеу Сәрсеке көпшілікке беймәлім тарихи ақтаңдақтар құпиясы, белгілі адамдар өмірінің күңгірт тұсы жайлы талай-талай деректі туындылар жазған. Соның бірі сталиндік зобалаңның құрбаны болған ағайынды Асылбек, Мұсылманбек және Мұратбек Сейітовтер жайлы еңбегі. Бұл ағайындар өз ортасынан қара үзіп шығып, өткен ғасырдағы әлеуметтік күреске белсене араласқан, ұлт жанашырларының алдыңғы сапында болған азаматтар. Біз Медеу Сәрсекеге хабарласып, Сейітовтер туралы әңгімелеп беруін өтінген едік. Ол былай дейді: - Сейітовтер туралы мен Қаныш Сәтбаев туралы мәліметтер іздегенде кездестірдім. Дегенмен олар жайлы егжей-тегжейлі жаза алмадым.…

1
0
1934

«Отарқа» талапты жастардың мектебі еді

Иә, шын мәнінде солай болды. «Отарқа» жаңадан ашылған тұста қалада кәсіби журналисті ашық күнде шаммен іздесе де табылмайтын. Бірақ Аманкелді аға әдебиеттен аз кем хабары барларды газетке тарта білді. Жассерік Сәдуақас газетке біржола орналасты, редактордың орынбасары болды. Оған әр басшының табалдырығын тоздыра жүріп, қоярда қоймай үш бөлмелі пәтер алып берді. Екібастұз ауданына қарасты Өлеңті орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген менің әдебиетке деген қызығушылығымды, сөз саптасымды байқап (аудандық байқауға қатысып, баллада оқып, жүлделі орын алған едім) газетке – журналистикаға келуіме бірден бір себепкер болған, осы мамандықтың әліпбиінен бастап тәрбиелеген осы Аманкелді Қаңтарбаев болатын. Ол жылдары шет тілінің маманы аз, Екібастұз аймағындағы көптеген мектептерде шет…

0
0
911

Игі қадамдар

Газеттің алғашқы нөміріне Аманкелді Қаңтарбайұлы «Ағайынға арнау сөз» атты сүйіншілеген мақаласы мен газеттің екі құрылтайшысының, облыстық, аудандық газеттердің құттықтаулары, жерлес жазушы, белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаевтың «Өткір бол, «Отарқа» атты құттықтау-батасы жарияланды. Иә, айтары жоқ, уақыт өте келе «Отарқаның» мән-мазмұны жақсара түсті. Бір атап өтерлігі, «Отарқа» облыстағы қазақ басылымдарының арасында алғашқылардың бірі болып, 1996 жылдан бастап компьютермен теріліп, беттеліп, офсеттік басылыммен шыға бастады. Мемлекеттік тілдің қанат жаюы, ата дәстүр, ата кәсіп, ұлттық руханият сынды тақырыптар бірінші кезекте қамтылды. Халқымыздың тарихына, тарихи тұлғаларға газетте көп орын беріліп, ұлттық мәселелердің жүзеге асуына айтарлықтай ықпал жасады. Мәселен, қала мен ауылдарда…

0
0
502

Отты Арқада «Отарқа»!

Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін «Алға» - «Вперед» газеттерін қаржыландырып тұрған Екібастұз ауданының бюджеті нашарлай бастады. Міне, осы кезеңде Аманкелді Қаңтарбайұлы әлі ешкім ойға ала қоймаған тың қадам жасады. «Впередті» жауып тастап, «Алғаның» негізінде қала мен ауданға бірдей тарайтын қазақ газетін ашуды қолға алды. «Впередтің» жабылып қалуынан ештеңе жоғалмайтын еді, өйткені Екібастұз қаласында сол жылдары қалалық «Заветы Ильича», «Шахтастрой», «Ленинская Искра», «Угольный Экибастуз», «Огни Экибастуза» дейтін салалық орыс тілді газеттер бар. Редактордың бұл ұсынысын сол кездегі беделді, ұлтжанды азаматтар мен ақсақалдар - Адам Мұхамеджанұлы, Көбен Төлепбергенұлы, Серік Жақсыбаев, Нұржан Тишпаев, Іргебай Сат…

0
0
586