Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Ақын Қалижан туралы бірер сөз

Шілде айының соңында күні-түні үзбей жауған жаңбыр әп - сәтте-ақ қырдың үгіле бастаған көдесін көтеріп, жасыл құрақ жайқалып, арнасы кепкен бұлақтарға кәдімгідей жан бітіп,сарқырап, күркіреп тасқындай ағып дала сәнін арттыра түскен. Тұлпарлар тұяғының дүбірі мен жылына бір рет дүр сілкініп, сонан кейінгі кезеңде өлі тыныштық құшағына жататын Мойылды алқабында киіз үйлер тігіліп, ат шабыс өтетін айналым тазартылып тегістеліп, мұқият тексерістен өткен. Міне, жылдағы еңбек озаттарының дәстүрлі аудандық слетінің жалауы желбірей көтерілді. Аудан басшылары, еңбектерімен ерекше көзге түскендер, еңбек ерлері атанғандар, әр деңгейдегі депутаттар, бір сөзбен, ауданның бетке ұстарлары Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданынан арнайы келген өкілдер алаңдағы президиумға жайғаса бастады. Тек жиын баста…

0
0
1033

«Тың өлкесі»: Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім. Ал мақала авторы мен қатарлылардың кезінде балаң ойын тербетіп, әдебиет атты қияға көз тіктіріп, қанатымыздың қатаюына ықпал еткен «Тың өлкесі» газеті туралы сөз бастамастан бұрын біз жоғарыда келтірген жалғыз сөйлемде әншейін сөздің сыралғысы ретінде жаза салмаған екен. Оған «Сарыарқа самалының» маңызы қандай, қажеттілігі…

0
0
831

Жазылар естеліктер мен туралы...

Жол басында Екібастұзда алғаш қазақ тіліндегі «Отарқа» газетін ашуға ұйтқы болған Аманкелді Қаңтарбаевтың есімі аймаққа, әрине, қолына қалам ұстаған қауымның бәріне жақсы таныс. Неге? Өйткені ол қаламгер ретінде де, әділдікті ту етіп көтеріп, кез келген ортада ой-пікірін бүкпесіз айтатын турашылдығымен де, ең бастысы ұлтжандылық қасиетімен көпшілікке танылған гуманист азамат еді («... еді» деп айту қандай ауыр). Қаңтарбаевтың ана тіліміздің өркен жаюы үшін, ұлттық руханият, игілік үшін атқарған еңбегін айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың: «... Тән көмілер көмілмес еткен ісім, Ойлайтын да мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дейтін өлең жолдары үнемі тіл ұшына оралады. Рас, ол елдің ертеңі үшін қызмет етті, денсаулығын да, тіпті бар өмірін осы…

0
0
683

Шамаң келсе...

Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын- тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек. Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса,- деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес. Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек. Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң ба…

0
0
499

Газет және оқырман

Айтсын деп ақиқатты тіл берілген Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар. Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой. Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б. Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес. Кешегі кеңес кезінде партияның айтқаны жүріп, айтқанымен…

0
0
640

Есепке қалайсың?..

Әжем менің төрт сиыр, Екі ешкіні сауады. Неше емшек сауғанын, Қане кім тез табады. (жиырма) Неше мүйіз танада, Неше табан шанада. Айта қойшы сана да. (екі мүйіз танада, екі табан шанада). Неше көз бар қарғада, Доңғалақ нешеу арбада. (екі көз, төрт доңғалақ). Әкемде де бар көлік, Шешемде де бар көлік. Екеуінің нөмірі Сексен бестен бірі кем. Қанша сонда болады, Айта қойшы білсең сен. (әрқайсының нөмірі қырық екі). Әнегүні Желтауға үш сағатта шығып ем, 180 - минут жұмсадым сол сапарға бүгін мен. (екеуінде де үш сағаттан). Қарақаттың литрі 25 - теңге тұрады, 75 - литр сатсаң сен Қанша ақша шығады. (1,875) Сан басында бір тұрады білесің, Содан кейін әр ондықтан алады бір үлесін. Жүзге дейін неше бір бар екенін, Қане, қайсың білесің? (бір он рет келеді). -Еу жұрнағы, - ау жұрнағы Кей сандарда к…

0
0
847

Ағзамның ақыр заманы!

(Сықақ) -Аздап ішеді айыбы, -Әйтпесе... -Деп күрісінетін зайыбы. Соңғы күндері Ағзамды Танымай қалды. Сап тыйып жүз грамды, Құран кәрімді қолына алды. Төр алдында жүгініп, Белі бүгіліп, Еріндері жыбырлап. Кейде көзі жұмылып отырғаны. Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі. Түн баласында жайнамазға жайғасып, Таң атқанда көз іледі. -Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы Шамалы ма, дерсің оқығаны. Оқыса да, Не керең, не соқыр - дағы. Әйтпесе ақыр заман болады дегенде, Неге шошынады, Әлгі молда біткен осындағы? -Деп тамағын кенеген Ағзам отырғандарға қарады. -Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік Кімге қалады? -Деп сойдақ шал тіл қатқан. Ағзам айтарын айта салмай, бірден Бір мүләйім күйге кірген. Сонан соң орағытып әріден: -Қорықпаған бір Алланың кәрінен. Қозғалақтап ырғалып. -Құр қалмақшы бәрінен, Ең…

0
0
538

Ақбалық (Әбділдә) хазірет

 

Бабамыз Ақбалық хазірет,

Ерекше жаратқан құдірет.

Жиырма жасында жалданып,

Бір сартқа етіпті  қызмет.

Ташкентке мал  айдап барғанда,

Жол салып арналы орманға,

Медресеге оқуға түсіпті.

Аллаға

Сыйынған тектен тек қалған ба?!

Бұхарда

Сонан соң оқуын жалғаған,

Ізетпен талпынған, талмаған.

Қырық төрт жасында «Хазірет» атанған,

Өмірін еліне арнаған.

Ақылын, білімін, білігін,

Мойындап ұлысы ұлының.

Мұса мырза

Қарындасын қалыңсыз беріпті,

Ұлына Сырымның.

Сартауда мешіт, медресе салдырған,

Білімге сусаған,

Жұртының сусынын қандырған.

Сол жерде мәңгілік мекені,

Бір Алла жарылғар алдынан.

 

Сүлеймен  Баязитов

Тұсаукесер! Презентация!

Ура! Наконец-то в нашем городе произошло грандиозное событие, которому искренне порадовались не только писатели и библиотекари, но и все любители литературного слова нашей области: к 25-летию независимости Республики Казахстан по инициативе управления культуры, архивов и документации Павлодарской области было издано десять книг пятнадцати павлодарских авторов! Отбор произведений производился на конкурсной основе в нескольких номинациях. Новорожденные издания были презентованы читателям 21 декабря в Областной библиотеке города. Порадоваться за своих талантливых земляков и за самих себя-читателей пришли представители библиотек, культурная общественность города. Право «разрезать путы малышам», отпуская их в читательскую жизнь, была предоставлена заместителю акима Павлодарской области Бегента…

0
0
967

«Оқшау ойда» ой салар тұстар көп...

Жүрдек қаламды сергек ойлы журналистер қашанда кез келген газеттің айдынын асырып, абыройын асқақтатқан. Бұл кеше де, бүгін де солай. Солай болып қала да бермек. Тек кеше газеттегі билік басындағылар қарамағындағы қалам ұстаған жас журналистерге: «Сендер газеттің партиялық орган екенін, цензура барын неге ұмытасыңдар осы»,­ – деп тілші байғұстың айтпақ ойын өзінше шұбарлап, бірін- бірі сәулелендіріп тұрған сөз тіркестерін сызып тастайтын. Әдеби тіл, көркем ой, олардың бағамдауларынша, сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде ғана орын алуға хақылы болатын. Бұл күнде сол тәртіп келмеске кеткен. Оған біз өзіміздің «Сарыарқа самалы» газетінің әр санында тұрақты берілетін «Оқшау ой» және де басқа да айдарларындағы материалдарды оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. «Оқшау ойда» га…

0
0
496