Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Сұлтанмахмұт сүйген сұлу

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі - Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы! Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды. Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған…

1
0
846

Аңызға айналып барады...

Абай ақын: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп қалай ғана нысанаға дөп тигізіп айтты екен?! Белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаев туралы жазарда ұлы ақынның осы өлеңі ойға оралды. Рас, «артына өлмейтін сөз қалдырған» қаламгердің екінші мәңгілік ғұмыры басталды. Ол кеткен жоқ, «өлмейтін сөздерімен» қалың қазағының ортасында қалды. ... Бірде Алматыдан қаламгердің қызы Баян хабарласты. Уақыттың жақын қалғанын (қазан айының аяғында Қалмұқан ағаның жылы өтпек), әкесінің қолжазбасының кітап болып шыққалы жатқанын айтты. Кітап! Қуаныш қой бұл, үлкен еңбек! Рас, Қалмұқан аға көп еңбектенген, талай-талай сүбелі дүниелерді жарыққа шығарған қаламгер. Шығармашылығы халықтың көз алдында. Ал отбасындағы, был…

0
0
1342

Экспо: Ел ертеңі – балалар

Үлкен ұлым Асылбек: «Келініңіз Сәндігүлді жұмыс орнынан Астанаға, ЭКСПО - 2017- ге, жіберіп жатыр. Анасымен бірге Нұрфарабиді де көрмеге жібермекпін. Билетін сатып алып қойдым»,- дегенде ел көріп, жер көргелі отырған құрттай құлыным, тұңғыш немерем, үшін жүрегімде қуаныш сезімі билеген. Сол сәт 2012 жылы 22 қаңтарда аталған көрмені Астана қаласында өткізу жөнінде шешім қабылданғанда Нұрфарабидің бар болғаны үш жаста екені есіме түсті. Енді міне... Баязит әулетінің атынан көрмеге барғалы отыр. 10 маусым күні көрменің салтанатты ашылуын ел қатарлы теледидардан көріп, шаттығымыз еселей түсті. -Әлемнің әр қиырынан ағылған халықтың, ығы-жығы кісілердің арасында құрттай бала Нұрфарабиді айтам,- деп маған аңтарыла қараған әжесі Ырымкеш Мадиқызы ,-адасып кетпесе жарар еді. Баланы бекер жібердік-а…

-1
0
799

Созылмалы кеселі

(сықақ) Банкоматқа тұрып Жатып кезекке Әдетімен жеңіл мінез жезөкше Еркектерге қылмың – қылмың еткен - ді. Уыздай жас әйтсе - дағы етжеңді, Әлдебіреу бұған назар еткен - ді. -Сіз бе соңы? Көзін қысып, күлім етіп, Еріндері жыбыр етіп: -Иә, - деген бұл - дағы. -Жақсы, - деген анау бұған тақалып. «Өзі сұлу, өзі алып жігіт» екен деп, Тұрды Жайна ойға кетіп, таңқалып: «Мұндай жанды бұрын - соңды көрмегем». Анау болса мұны баяу тергеген. -Қай көшеде тұрасыз? Қайда істейсің дегендей? Жайна болса, жауап беріп елеңдей, Оның жайын сұраған. -Атым - Еламан. -Е-ла-маан, әдемі екен есімің... -Кезегіңіз... - дейді анау сұрағандай кешірім, Банкоматтан саулап теңге жөнелді. «Ақымақ қатын... ақша алып тұр көлемді, Мұны текке жібермеймін мен енді»,- Деген ойға бекініп. Құлағына әлденені сыбыр етті таянып, Т…

0
0
357

Мақалға терең үңілсек

Қол бұлғады

«Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.

 

Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.

 

Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.

Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.

 

Сүлеймен Баязитов

0
0
374

Дүрліктірді төңіректі

(Сықақ)

 

– Мына көрші ауылда

Мал құлағы саңырау...

Кешегі қатты дауылда

Жеті үй жанып ...

-Жаным-ау!

Тіптен дымы қалмапты,

Шиеттей-шиеттей үш баланы

Өрт ұшқыны жалмап кетті

Деген келінін

Енесі бір сәт ірікті.

– Өтірік екен, әй, мұның,

Көрші анығын біліпті.

Тек, әттең,

Өтірік өсек

Елден елді шарлап кетті.

Ұзын құлақ былай қалып,

Интернет, БАҚ біткен зарлап кетті.

Ауылдан шалғайда  жүргендер,

Бұл хабарды естіп білгендер,

Жүректері нашарлары талып қалды.

О, дүниенің

Есігіне емініп барып қалды.

Дәрігелер дәрі беріп, ине салып,

Аман алып қалды.

Естерін жиған соң,

Білмек боп барып халді,

Жер түбінен келіп жетті.

Осылай

Өтірік- өсек пәлеңіз,

Жұрттың

Біразын еңіретті,

Дүрліктірді төңіректі.

 

Сүлеймен Баязитов

-1
0
350

Қазақ пен арақ

(Сықақ)Қазақ пен арақтың ара- жігіҚашан біріккенін,Аз - мазырақ жілік тегін.Қашан болғанда...ҚазекеңЕртеден арақ - шараптың дәмін біліп жүрген,Қара таяқтар,Ішіп алып ыржақтап күліп жүрген.Бірақ араққа бой бере қоймаған, Ақыры,ХX - ғасырдың екінші жартысындаАракеңҚазақты мықтап сүріндірген.Шал - кемпірі,Ұлы - қызы, жұрағатыКүн демей түн демей,Суша сімірген.Ішпесе тұра алмайтын күйге жетті.Сөйтіп арақ қазақтыКүйзелтті, күңірентті,Талай жайсаң келмеске бұрды бетті.Өртеніп өлгені, ығып өлгені,Өзіне - өзі пышақ сұғып өлгені.Асылғаны,Аварияда күлі шашылғаны.Өзгесін бұлай қойып,Уға бас ұрғаны,Сандаған мыңға жеткен болар.Мұны бір деңіз,Орыспен қосылып іргеміз,Тыңды игеруге білек түргенбіз.Оған дейін аз ішкенбіз,Қоныстас болған соң бәсекеге түскенбіз.Олар етігін жуса,Біз де жуғанбыз.Тауығы жұмыртқ…

-1
0
869

Тек ақылмен...

(Әңгіме) -Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,- деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады. Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты –Сәмен. Ол Акашамен бір сыныпта оқитын. Акаша ол басын көтерген тұста бұған барлай көз салып: -Үстінде сол көнетоз көйлегің... Сол баяғы шалбарың саған әке…

0
0
590

Әнші Шақтай — Айдындағы аққулар

Көршіміз, Шақтай ақсақал,әлдене толы көнетоз сөмкесін арбаға салып жатып шешеме : -Бәйбіше, ақсақалың бүгін түске қарай келіп қалар,- деп ескертті. -Өзіңіз жол жүріп... -Иә, жұмыс қой фермаларға барамын,- деп арбасына отырып, қыр асып бара жатты. Араға 3-4 күн салып оралды. Ал бұл тұста Қатынкөлге жайлауға көшіп келген құлағалы тұрған балағандарға жайғасқан. Қойлы ауылдың адамдары кәдімгідей-ақ ен жайлауда серпіліп, сергіп қалғандай еді. Әкем кешкі шай үстінде: «Шақаң ертең қозы суарам дейді. Сен де көмектес»,- деген. Ертеңгісінде құлқын сәріден ауылдың үлкендері де, кішілері де осында еді. Тек олардың арасында Шақаң көрінбеді. Бірер сағаттан соң қозыларды бөліп те болдық. Отар өріске беттеді. Қойлар да, қозылар да жақ жаппай маңырап, айнала төңіректі азан-қазан етіп жіберді. Ауыл әйелдер…

0
0
843

«Шанин» атын ауылдың жөн сақтаған

(Ұстазым Қабдолла Кәлиұлы Смағұловқа) Кешегі Абылайдың заманында Батқан сәт су болды ма дала мұңға. Сарыарқа жатты талай қанға бөгіп, Қазақ қыры жаулардың табанында. Білесіз езілгенін, жаншылғанын Ұмытып дала иесі Алаш барын. «Қынадай бірін қоймай қырыңдар!»- деп Тепсініп тексіз жоңғар төкті зәрін. Сәтінде Абылай Бұқарды шақырғанын Кеңесін ұйып тыңдап данышпанның. Сан рет тас-талқан қып жауын жеңіп, Жаңғақтай кей тұстарда шағылғанын. Қазақтың күш қуатын танытқанын, Жоңғарды айласымен сан ұтқанын. «Абылай» деп төбесіне көтерсе де ел, Ардақ тұтқан Бұқардай данышпанын. Ал Бұқар: «Әй, Абылай»,- деуден де тайынбаған, Ашық айтып, бедерлеп ойын әман. Хан- ханымды шашар деп іркілмеген, Жыр толғаған. -Әй, Абылай! Айтам саған Жырларына жұрт таныс Сол жырлармен –ғасырдан біздерге алыс. Жеткен сөзді…

0
0
440