Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Мәшһүр Жүсіп: Туысқан — бауырларыма бір насихат.

«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді. Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. Немесе осы болған борандарды Ысырапыл пер…

0
0
644

Мәшекеңнің «тұрмыс жайында...» мақаласы «Дала Уалаятының газеті» (Алматы. Ғылым. 1994)

Жинағын құрастырушы филология ғылымының кандидаты Ү. Суханбердина өзінің беташар мақаласында газет қазақ халқының қоғамдық- әлеуметтік ой- пікірін оятуға, мәдени, әдеби түсінігінің молая беруіне едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар, оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер білімінің пайдасын, қазақ әдебиетінің хал- қадірі қазақ оқырмандары мен ғалымдарының өмірі жайлы бірқыдыру құнды мақалалар, хабарлар жариялады. Газет бетінде Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбериевтің, Әлихан Бөкейхановтың өмір деректерін басумен қатар газет аталған авторлардың мақаларымен хабарларын үзбей беріп тұрғанын атап көрсеткен. Мұның өзі сол тұста қазақ оқырмандарының халқымыздың елеулі тұлғаларын танып білулеріне ықпал етті. Қазіргі та…

0
0
2063

Ғасыр қасіреті. Тірідей тозақ отына қақталғандар...

Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған. Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған: - Қатардағы жауынгер, Баязитов! Жұртты…

1
1
773

Риза болсын ақынның аруағы

«Желіктіріп, су бүркіп, сайтан маған, Кезім болды әділдік айта алмаған.» Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім. Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?! Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық. Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады. Сондай өлеңдерінің бірі «Емханада» Өкінішті... Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.…

0
0
908

Қияннан құйылып кеп...

«Қара таудың басынан көш келеді», Қара жорға шайқалып бос келеді. Қара күнді жамылып, қара қазақ, Қара түнді басынан кешкен еді. Ақын Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек! Поэмасы міне осылай басталады. Өлеңнің алғашқы тармағын оқыған сәтте тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атауы мен белгілі ел басына күн туған ала-сапыран заман ойға оралады. «Қара жорға шайқалып бос келеді» осы тармақ көп жайды аңғартатындай. Қара күн, қара қазақ, қара түн. Тәңірім-ау, ел басына туған қолдану арқылы ақын қалай ғана дәл бейнелеген десеңізші. Қара жауы қанатын кескен еді, Шұлғау болып қыздардың кестелері. Талай қара шаңырақ өшкен еді. Кесілген қанат, шұлғау болған қыздар төккен кестелер түйсігі бар жанның аза төккен кестелер түйсігі бар жанның аза бойын қаза етіп тітірентсе, мәңгілікке оты ө…

0
0
635

Малайсары Тархан тас тұғырда

(Ойтолғам) ... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді. Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді. -Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалы…

0
0
1393

Хантығайдың аққуы

Аңыз -Бай- Соғды хакім қайда? Хантығайдың аққуы қайда? –деп сұрады Бұрым хан өзінің сарай қызметшілерінен. -Менің мемлекетімнің даңқы және мақтанышы көзіме көрінбеуі неліктен? Қуаныштың мөлдір тамшысы, жұбанышымның жылы жымиысы, ар-ожданымның мөлдір нұры Хантығайдың аққуы- Бай-Соғды хакім қайда? Бұрым ханның салтанатты шатырына жиналған мырзалар, бектер, шейхтер, тайшалар, князьдер бастарын төмен тұқырып, өз әміршілеріне тура қарауға батылдары жетпей, өздерін кінәлі сезінгендей кейіп танытқан. Шындығында, олар әншейін Бұрым ханды шерлі хабармен қынжылытқылары және оның наразылығын тудырғылары келмеген еді. -Сендер неліктен үнсізсіңдер?- деп сұрады Бұрым хан ақ кірген бурыл қаһарлы қастарын дамылсыз қозғап. -Неге сендердің бір де біріңнің шындықты айтқыларың келмейді?.. Дегенмен көрер көзі…

0
0
1228

Біз сөкті деп...

Мына жарық дүниеге келген әр адамның діттегені болып, ойлағанның орайы келіп, асығы алшысынан түсіп, қайғы - мұңсыз өмір кешуі ежелден - ақ екіталай дүние екені талас тудырмасы анық. Алайда «біреудікі біреуге қыз көрінер» демекші әр тағдыр иесісі өз басына үйірілген сәтсіздіктің қара бұлтын ғана көріп, айнала төңірегіндегі адамдардың тағдыр - талайына жете мән бермеген. Олардың да шуақты күндерімен қатар басына бұлт үйірілген сәттері аз болмайтынын есепке ала бермейді. Ең бастысы, өз басындағы сәтсіздіктің бастау көзі қай тұста, оған не себеп екендігіне ой жүгіртіп жатпайды. Қиыншылыққа қарсы тұру, оған қарсы күресу қаперіне кіріп шықпайды. Содан барып тәңірге, қала берді жарық дүниеге өкпе артады. «Жалған дүние...» осы бір сан көкіректі жарып шыққан өкініш пен өксікке толы сөз тіркесі ат…

0
0
780

Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға

Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен…

1
0
1027

Әбраханың Қағбаға жорығы

(Аңыз) Шөл далада шөліркеп өмір кешкен, Арабтарды жәһилия айырды естен. Адам деген атауы қалса дағы, Қараңғылық түнекте өніп-өскен. Ада болған иманнан, рухтан да, Адасқандар ақ жолдан мұны ұққан ба? Күпірлік пен азғындық құныққанға. Адам адам болудан қалған заман, Шіріктің, надандықтың аулынан. Малша өрген ояна сап тұрып таңда, Ат басын бұрғызатын күпірліктен Түбіне жететұғын сәулелі адам. Туса деп тілесе де тілін тістеп, Зорлық пенен қорлыққа өзін күштеп. Көндірген құл да болған, күң де болған, Күрсініп күңіренген тынып іштен. Сол тұста сенім-наным дегендерің, Секілді еді көп құдайға көгендеулі. Тас, тақтай, халуадан пұт жасап жұрт, Солардан тілек тілеп, елеңдеді. Ештеңеге сенбейтін біраздары, Аятта бұлар жайлы былай деген. -Сендерге өмір берген Құдай деген. Өлтіретін, қияметте тірілтеті…

0
0
1637