Ұстаздардың кәсіподағы "Ұстаз мәртебесі туралы" заңжобасын жасақтау тобына енді
«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы белсенді түрде атсалысады. Бұл туралы аталған кәсіподақ қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жолдаудың ұстаздар қауымына арналған ең маңызды тұсы деп «Ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылдау тапсырмасын айтар едік. Сондықтан ұстаздар қауымы, салалық кәсіподақ ұйымы бұл заңнан көп үміт күтеді. Қазірдің өзінде Кәсіподақ өкілдері аталған заң жобасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі жанына құрылған жұмыс тобының құрамына енді. Айта кету керек, салалық кәсіподақтың күш-жігерінің арқасында 2007 жылы «Білім беру туралы» ҚР Заңына «Педагог мәртебесі» деген жетінші тарау енгізілген. Алайда бұл тараудағы заң нормалары тиісті деңгейде орындалмай келді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар ұстаздарғ…