Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

«Поэзия падишасы- Фариза» атты жаңа кітаптың тұсаукесері болды

ҚазАқпарат, 04.03.2014

Бүгін Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде адалдық пен әділдіктің туын жықпай өткен көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова еске алу кеші өтті.

Мәдени шара барысында студенттердің ақын туралы жырлары мен көркем сөздері, поэзия жанашырларының, замандастарының  және жас ақындардың естеліктері мен өлеңдері енгізілген «Поэзия падишасы- Фариза» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жастар қазақ халқының ардақты ақынының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Еске алу кешіне жыр саңлағының жақындары мен танымал ақындар мен жазушылар қатысты.

0
0
1480

Мерейлі Мергенов

Егемен Қазақстан, 04.03.2014 Елордадағы қазіргі за­ман­ғы өнер мұ­ра­жайында Қа­зақ­станның халық сурет­шісі, шы­ғар­ма­шылығына Ре­сей, Ан­г­лия, АҚШ ғалымдары мен өнер­та­нушылары жоғары ба­ғасын берген атақты мү­сін­ші Ер­кін Мергеновтің жеке көр­­ме­сінің ашылу салтанаты өтті. Еркін Мергенов Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің түлегі, В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының мүсін факультетін тәмамдаған тарлан. Алғашқы қадамдарынан бастап мүсіншінің жұмыстары өз заманынан озық тұрды. Оған жоғарыдағы оқу орнында өнерге деген сенімді, шығармашылық үмітті академик, өнер теориясының беделді тұлғасы, профессор Юрий Колнинский санасына сіңірген. Алғашқы қызметті мектепте ұс­таздықтан бастаған жас су­рет­шінің еңбек жолы тарамда­лып келіп, Алматы театр жән…

0
0
633

«Мәңгілік Ел» ұғымы барлық ұлт өкілдеріне етене жақын — С.Погодин, БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы

ҚазАқпарат, 01.03.2014 Елбасы Жолдауында алға қойылған мақсат-міндеттерді орыс мәдениеті орталығының өкілдері де қалың бұқараға жеткізуге атсалысуда. Бұл туралы БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы Сергей Погодин мәлім етті. Жолдауда Елбасы алдымызға қойған басты міндеттің бірі - «Мәңгілік ел» патриоттық актісін даярлау, деді Сергей Погодин. Мәңгілік ел болу - халықтың ғасырлар бойғы арманы. Бұл ұғым Қазақстанда тұратын, ата-бабалары ежелден осы жерді мекендеп, бір-бірімен мидай араласып кеткен әр ұлт өкіліне етене жақын. «Жұмыла көтерсе, жүк жеңіл», дегендей, ел біріксе, алынбайтын қамал жоқ. Олай болса, таяудағы жылдары әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылсақ, ата-бабаларымыз армандаған Қазақ елі - мәңгілік ел болатыны сөзсіз. Сондықтан біз басқа да ұлттық- мәдени бірлестіктермен…

0
0
544

Көкшетауда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық акциясы ұйымдастырылды

ҚазАқпарат, 25.02.2014 Көкшетау қаласындағы "Көкшетау" мәдениет сарайында республикалық "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық акциясы өтті. Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясын қолдауға арналған салтанатты іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Рәшит Әкімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жабал Ерғалиев, сондай-ақ еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері, жергілікті жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты шара еліміздің әнұранымен басталды. Бұдан кейін шараға жиналғандарға "Мәңгілік Ел" бейнеролигі көрсетілді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында алғаш рет «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жариялаған болатын. Бүгінгі акция осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша қол…

0
0
516

Ою таңбалы өрнек

Егемен Қазақстан, 25.02.2014 Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі сурет­ші Бақ­ты­бек Тал­қамбаевтың шығар­машылығына арналған «Мәңгілік Ел» атты көрмесі ашылды. Көрме Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауында айтқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдайды. – Мемлекет басшысының ұлттық идеясы бізді рухани талпынысқа, шығармашылық ізденістерге ынталандырады. Соның дәлелі осы өнерге арналған көрме, – дейді бұл шараның басында жүрген Роза Жүсіпова. Суретшінің кескіндемеле­рінен таби­ғаттың сан түрлі көрінісіне көз салсақ, ою-таң­балы еңбектерінде бояуды құбылтып отырады. Оюлы өнер, оның табиғатпен, ғарышпен, тарихпен байланысын ашып тұр­­ғандай. Ұлттың мәдени ділі­нің құ­пиясына тереңдеп барып, иірім­дерін құбылтып жібереді. – Елбасының Жолдауындағы соны т…

0
0
450

Еуразиялық кеңістіктегі қазақ мәдениеті туралы халықаралық конференция өтеді

ҚазАқпарат, 24.02.2014 2014 жылдың 14-15 мамырында «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдени орталығы өңірлік қоғамдық ұйымының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы qazaq-alemi.kz хабарлайды. Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі, Археология және этнография институтының Омбы филиалы, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен өңірлік қоғамдық ұйымы, сібірлік «Мөлдір» қазақ мәдени орталығы ағымдағы жылдың 14-15 мамыры аралығында «Мөлдір» мәдени орталығының 25 жылдығына арналған «Еуразиялық кеңістіктегі қазақтар: тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-мәдени үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен…

0
0
787

В Астане презентован 100-томный сборник казахского фольклора «Бабалар сөзi»

Казинформ, 20.02.2014 В Национальной академической библиотеке РК состоялась презентация 100-томного сборника казахского фольклора «Бабалар сөзi». «Это богатство, собранное нашим народом на протяжении многих веков», - сказал министр культуры и информации РК Мухтар Кул-Мухаммед на презентации сборника. Министр подчеркнул, что Глава государства в своем Послании народу Казахстана в 2003 году дал поручение Правительству подготовить программу «Культурное наследие», в рамках этой программы было задание выпустить сборник казахского фольклора. Теперь казахстанцы, открыв эти книги, смогут соприкоснуться с устной народной литературой. Как отметили составители сборника, 20 томов издания посвящены героическим эпосам, 13 томов посвящены исторической тематике. В сборник включены религиозные дастаны, нов…

0
0
256

Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық — М.Құл-Мұхаммед

ҚазАқпарат, 20.02.2014 «Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық деп ойлаймын. Бұл туралы бүгін Астанадағы Академиялық кітапханада өткен әлемдік деңгейдегі теңдессіз «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты. «Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы 2003 жылы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке орта мерзімге арналған «Мәдени мұра» атты арнайы бағдарлама жасауды тапсырды. Осы бағдарламаның шеңберінде қазақ халқының арғы-бергі тарихында жинақталған бай фольклорлық мұрасын жүйелеп басып шығаруды міндеттеді. Содан бері ең алғашқы томы 2004 жылы жарық көрген 100 томдықтың ең соңғы томы биыл оқырманымен қауышып отыр. Бұл үлкен еңбек!…

0
0
439

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Масаёси Камохара мырзамен кездесті

Кездесу барысында Министр екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалады. Өз кезегінде Камохара мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, жапондық тарап Қазақстанның өңірдегі өсіп келе жатқан ролін және жапон компанияларының Қазақстанға қызығушылығын атап өтті.

0
0
488

«Бабалар сөзі» қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасының тұсаукесер рәсімін өткізді. Шараның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорын қалың жұртшылыққа, ел-жұртқа толықтай таныстыру, фольклорымыздың түр жағынан да, мазмұн жағынан да, жанрлары мен көркемдігі жағынан да баға жетпес асыл мұрасын бүкіл жаһанға паш ету. Қазақ фольклоры – халықпен бірге жасасып келе жатқан зор руханият. Ол – қазақ қоғамы үшін бұрын да, қазір де үлкен мәдени, тарихи тағылымға толы танымдық рөл атқарушы рухани күш. Баяғы дәстүрлі қоғамда фольклор әрі әдебиеттің, әрі өнердің, әрі педагогиканың қ…

0
0
3274