Армандарды орындайтын қалашық
Білімнің қара шаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің салыну тарихы да ерекше. Керегесі -қия жартас, уығы - сыңсыған ағашпен көмкерілген студенттер қалашығының келісті келбетін Алатау күмбезі көркемдеп тұр. Тау етегінен орын тепкен «армандар қалашығының бүгінгі тынысы туралы сөз қозғамас бұрын, тарихына тоқталғым келіп тұр.Осыдан сексен сегіз жыл бұрын 54 қана студентті табалдырығынан аттатқан білім ордасы бүгінде отыз мыңға жуық білім алушылардың алтын бесігіне айналып отыр. Киров көшесінде тұсауы кесілген оқу орнын алып қалашыққа айналдыру сол кездегі ректор Асқар Закариннің идеясы болған екен. Швейцариядағы студенттер қалашығын көріп келген ректор, елге келген соң басшылықпен кеңесіп, дәл сондай құрылысты бастауға рұқсат алады. Асқар Закарин Дінмұхаммед Қона…