Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Армандарды орындайтын қалашық

Білімнің қара шаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің салыну тарихы да ерекше. Керегесі -қия жартас, уығы - сыңсыған ағашпен көмкерілген студенттер қалашығының келісті келбетін Алатау күмбезі көркемдеп тұр. Тау етегінен орын тепкен «армандар қалашығының бүгінгі тынысы туралы сөз қозғамас бұрын, тарихына тоқталғым келіп тұр.

Осыдан сексен сегіз жыл бұрын 54 қана студентті табалдырығынан аттатқан білім ордасы бүгінде отыз мыңға жуық білім алушылардың алтын бесігіне айналып отыр. Киров көшесінде тұсауы кесілген оқу орнын алып қалашыққа айналдыру сол кездегі ректор Асқар Закариннің идеясы болған екен. Швейцариядағы студенттер қалашығын көріп келген ректор, елге келген соң басшылықпен кеңесіп, дәл сондай құрылысты бастауға рұқсат алады. Асқар Закарин Дінмұхаммед Қонаевтың қолдауымен университетті шет елдік стандартқа сай салу үшін лайықты мекен-жай тауып «армандар қалашығы» өмірге келіпті. Оқу орын ботанткалық бақ пен "Весновка" суағарының арасындағы аумаққа орнықтыру жұмысы келесі ректор Өмірбек Жолдасбековке жүктелген екен. Жастардың ректорға деген ықыласының мол болғаны соншалық, қомақты құрылысқа жұмыс күші жетіспеген кезеңдерде, студенттер де еңбекке араласып, жүкті жұмыла көтерген. Құрылыс 1974 жылы аяқталып, келесі жылы алғашқы жатақханалар бой көтере бастады. Сол жылдары Алматығы ең биік ғимарат та дәл осы қалашықтан орын тепкенін бірі білсе, бірі бейхабар. Күні бүгінге дейін қалпын сақтаған ҚазҰУ ректораты, сәулеті тасқан басқа ғимараттармен иық тіресіп-ақ тұр. Армандар қаласы бүгінде 25 мыңнан астам студенттің ортақ үйіне айналып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – жасампаз еліміздегі жоғарғы оқу орындарының көшін бастап тұрған беделді университет. Республикамыздың жоғарғы білім беру орындарының ұлттық рейтингінде іріктелген 135 ұстаздың жартысынан астамы біздің университеттің оқытушылық құрамында бар. Түлектерді жұмыспен қамту бойынша жүргізілетін рейтингтер бойынша да оң нәтиже көрсетіп 251 орынға көтерілген Орта Азиядағы тұңғыш оқу орны да Қазақ Ұлттық Университеті. Дүниежүзіндегі жоғарғы білім беру мекемелерінің рейтінгіне посткеңестік елдер бойынша еніп, үздік нәтиже көрсеткен тек екі университет бар. Соның бірі, әлемнің 800 озық оқу орындарының ортасынан ойып тұрып орын алып 220 орынға көтерілген де біздің «қара шаңырақ». Ғылыми кітапхана, үздіксіз жұмыс істейтін интернет орталығы, спорттық кешендер, технопарк, жайлы жатақханаларды қамтитын университет кампусы студенттердің білім алып, дұрыс өмір салтын ұстануына жағдай жапсап отыр. ҚазҰУ қалашығында орналасқан Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында болатын шаралар мен концерттер, қосымша үйірмелер – менің шығармашылық қабілетімді шыңдай түсті. Аталмыш университет мені тек мамандығыма баулып қоймай, өмірлік қызығушылықтарымды оятып, дамушы ортамен табыстырды. Дәл осы жерде білікті ұстаздардан тәлім алып, армандарым мақсатқа айналып келеді. Университет студенттері сабақтан тыс кезде көптеген ұйымдар мен клубтарға мүше бола алады. Жастар жасаған жобалар бүгінде кең өріс алып үлкен әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешіп жатуы соның жарқын көрінісі. «Жас Отан», «Сенат» сияқты маңызды ұйымдар мен жастардың зияткерлік дағдысын дамытатын «Алтын сапа» дебат клубы, ізгі істермен айналысып қоғамға пайдасын тигізіп жатқан «Көмек» еріктілер ұйымыстуденттердің рухани өмірін байытып келеді. Университтетің осындай ұйымшыл, жаңашыл жастарын қарап Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз армандаған «Қайырымды қала тұрғындары» жайлы идеясы шындыққа айналды деуге болатын тәрізді.

Мен әлемнің үздік оқу орындарымен иық тірестіріп тұрған, заман талабына сай, озық университеттің студенті болғанымды мақтан етемін.

Момбекова Меруерт

Жетекшісі: Түркология және тіл теориясы

кафедрасының аға оқытушысы Т.Н. Калбирова

0
0
325

Осы тақырып бойынша

Армандарды орындайтын қалашық - Yvision.kz