Мазмұнға өту
MediaNet

MediaNet

Сайтта 2009 ж. 28 қазанКазахстан, Алматы

Содействует развитию гражданского общества, укрепляя потенциал независимых СМИ, поддерживая общественные организации и защищая права человека

рейтинг

100

жазбалар

57

пікірлер

30

тіркелуші

45

жазылымдар

13

Төрт жылда — тек 22,6 пайыз

Қазақстан төрт жыл ішінде Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарына жасалған ұсыныстардың тек 22,6 пайызын ғана орындап, өз міндетін толықтай атқара алмады.

Ұлттық жоспар 14 бөлімнен тұрады, әр бөлім белгілі бір құқық түріне арналған. Сарапшылар осы 14 бөлімнің бесеуі бойынша құқықтық ахуалдың жақсаруын емес, тіпті нашарлауын атап өтеді:

  • еркін бірлесу құқығы
  • ойлау, ар-намыс және дін бостандығы құқығы
  • бейбіт жиналыстар мен митингілер құқығы
  • сөз бостандығы және
  • мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (әділ әрі еркін сайлау).

Ұсыныстардың ең көбін "Бала құқығы" бөлімі аясында қабылдаған.

Толығырақ мына жерден оқуға болады (орыс тілінде).

0
0
402

Қазақстанға бала және әйел құқығы саласында құқықолдану тәжірибесін жақсарту қажет, — сарапшылар

Қазақстандағы балалар құқығы және әйел құқығы саласындаағы құқыққолдану тәжірибесі заңнамалық белгілі бір оң өзгерістерге қарамастан одан әрі жақсартуды қажет етеді. Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспары бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысушылар осындай шешімге келіп отыр. Еуропалық Одақ қаржыландырып отырған «Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимылдар жоспарына мониторинг жүргізу» жобасын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (АҚмЗСЖҚХБ), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырып отыр. «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті Евгения Козырева Ұлттық жоспар Қазақстан заңнамасы мен құқыққолдану тәжірибесіндегі…

0
0
2441

Күн сайын(!) 39 000 қыз бала қалыңдық атанады

Халық саны бойынша БҰҰ қоры (UNFPA) ақпаратына сәйкес, 2011 және 2020 жылдар аралығында 140 миллионнан астам қыз бала қалыңдық атануы мүмкін. Бұл жылына 14,2 миллионды құраса, күн сайынғы көрсеткіш 39 000 қызға дейін барады.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған 140 миллион қыздың 50 миллионы әлі 15 жасқа да толмаған.

Көбірек ақпаратты мына жерден алуға болады (ағышлын тілінде).

0
0
910