Төрт жылда — тек 22,6 пайыз
Қазақстан төрт жыл ішінде Адам құқығы саласындағы 2009-2012 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарына жасалған ұсыныстардың тек 22,6 пайызын ғана орындап, өз міндетін толықтай атқара алмады.
Ұлттық жоспар 14 бөлімнен тұрады, әр бөлім белгілі бір құқық түріне арналған. Сарапшылар осы 14 бөлімнің бесеуі бойынша құқықтық ахуалдың жақсаруын емес, тіпті нашарлауын атап өтеді:
- еркін бірлесу құқығы
- ойлау, ар-намыс және дін бостандығы құқығы
- бейбіт жиналыстар мен митингілер құқығы
- сөз бостандығы және
- мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (әділ әрі еркін сайлау).
Ұсыныстардың ең көбін "Бала құқығы" бөлімі аясында қабылдаған.
Толығырақ мына жерден оқуға болады (орыс тілінде).
