Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

2017 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда электрондық еңбек биржасы іске қосылады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Электрондық еңбек биржасын құру мен жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтығандарды есепке алудың жаңа құралдарын енгізу» тақырыбындағы брифинг барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Ол өз сөзінің басында, елімізде, 1 наурыздан бері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғанын еске салды. Мұндағы басты межеленген міндеттер: азаматтардың өздігімен жұмысқа орналаса алу көкжиегін кеңейту үшін сұранысқа ие кәсіптерге жаппай оқыту, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау және де жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мен еңбекке жұмылдыруды қолдау. Бағдарламаны жүзеге асыру сәтінен бастап, оған қатысқан 80 мыңнан астам адамның 31 мыңы…

0
0
220

С. Жақыпова журналистерге Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңадан көрсетіле бастаған әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерін таныстырды

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындауға азаматтардан құжаттар қабылдау, жұмыссыз жандарды тіркеу әрі оларды әрі қарай еңбекпен қамту мәселелері бойынша кеңес беру жүргізілетін әлеуметтік қызметтер көрсетудің жаңа сектор жұмысын таныстырды. «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен және ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен, 1 сәуірден бастап, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жекелеген секторлары өз жұмысына кірісті. Бұған халыққа көрсетілетін қызмет сапасын көтеру мен ХҚКО мекемелерінің көмегіне жү…

0
0
437

Қазақстанда жаңа Ұлттық қызметтер жіктеуіші жасалды

Бұл туралы, бүгін, Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мәселелеріне арналған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Шараға ҚР ЕХӘҚМ басшылары, министрліктегі Қоғамдық кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік органдар, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ ұйымдары өкілдері, ҚР ЕХӘҚМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық мекемелер жетекшілері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. «Елбасы өзінің мақаласында негізгі алты бағыт бойынша Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңіне арқау болатын басты қадамдарды атап көрсетті. Бұл тұста, біз, әлеуметтік-еңбек саласын әрі қарайғы дамытудың маңыздылығы мен аса…

0
0
573

Т.Дүйсенова әр қазақстандықтың өз мәртебесін анықтауының қаншалықты маңызды екенін түсіндірді

Бүгін, Астанада, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру (әрі қарай – бағдарлама) жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында, ведомство басшысы, жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және халықты толық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мақсатында азаматтардың мәртебесін анықтауға қатысты жайттарды егжей-тегжейлі сараптап берді. Шараға Астана мен Алматы қалалары, облыс әкімдері орынбасарлары, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, салық органдарының өкілдері, «Қазпошта» АҚ қыз…

0
0
324

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының 47 мыңға жуық тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (29,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (17,3 мың адам) қатарындағы 46 мың 974 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 80%-ы. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 8 мың 925 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 мың 363 адам; - жастар тәжірибесіне - 1 мың 246 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 9 мың 138 адам ; - кәсіптік оқытуға 2 мың 406 адам жіберілсе, оның ішінде 576 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 19 мың 899 адам мемлекеттік қолда…

0
0
267

Министрлік өкілдері Шымкент қаласындағы балаларын жалғыз асырап отырған көпбалалы анаға тез арада мүгедектік алуға көмектесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (әрі қарай – ЕӘҚКК) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы 6 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Ділбар Құттыбайға жеделтілген тәртіпте мүгедектігін анықтауға көмектесті. Бір жыл бұрын бұл әйелдің бойында қатерлі ісік бар екені анықталған. Ділбар Құттыбайға ота жасалғанымен, ауруы асқына түскен. Дегенмен жергілікті денсаулық сақтау органдары науқас жанды 088-у формасы арқылы мүгедектікті алу жөніндегі мәселені қарастыруға жіберуге асықпаған. Қорғансыз әйелдің тағдыры жайлы БАҚ бетінен белгілі болғаннан кейін, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың тапсырмасымен, ОҚО бойынша ЕӘҚКМ департаментінің мамандары, облыс…

0
0
456

2017 жылы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 258 нысаны мүгедектер ыңғайына бейімделді

Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 258 нысаны мүмкіндігі шектеулі жандар мұқтаждығы үшін ішінара бейімделіп, оның ішінде 46-сы жергілікті бюджет есебінен жаңаша кейіпке енсе, 212-сін нысандардың меншік иелері өз қаржысына жөндеді. Елімізде жылдың аяғына дейін бейімдеу жоспарланған 3 мың 996 нысан аясындағы 29 ғимарат пен құрылым Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы ауқымында қажетті деңгейге келтірілсе, 1 мың 263 нысан жергілікті бюджет есебінен, 2 мың 704 нысан нысандардың меншік иелері қаражатына тиісті дәрежеде ыңғайланады деп күтілуде. Елордада үш айдың ішінде 3 нысанды меншік иелері бейімдеді. Тағы 21 нысанды Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы жеті…

0
0
391

Қазақстанда үздік әлеуметтік жобалар байқауы басталды

Елімізде «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының алғашқы (өңірлік) кезеңі бастау алды. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында өтінімдерді қабылдап, жеңімпаздарды іріктеумен айналысатын және құрамына әкімдердің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері жөніндегі кеңесшілері, үкіметтік емес ұйымдардың (әрі қарай – ҮЕҰ), «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар енген комиссия өз жұмысына кірісті. Бүгінде 13 қатысушы тіркеліп үлгерді. Байқауда өмірде қиын жағдайға тап болған жандардың бастарына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге азаматтық қоғам назарын аудару, оларға күнделікті тіршілікте және шығармашылық қабілеттерін дамытуда тең жағдай жасау мақсат тұтылып отыр. Жеңі…

0
0
367

Мәжілісте азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасы таныстырылды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттарға Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды. ҚР ЕХӘҚМ басшысы жоғарыда аталған заң жобасында: - 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру; - 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының көлемін 20%-ға өсіру; - жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің қарастырылған мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыр…

0
0
344

2016 жылы Батыс Қазақстан облысының 22 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Батыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (20,3 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (2,4 мың адам) қатарындағы 22 мың 674 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 77,2%-ы. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 1 мың 980 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 мың 15 адам; - жастар тәжірибесіне - 1 мың 326 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 7 мың 185 адам ; - кәсіптік оқытуға 1 мың 211 адам жіберілсе, оның ішінде 289 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 9 мың 527 адам мемлекеттік қолдау…

0
0
252