Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы (әрі қарай – ҰОС) ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді шараларды қолға алуда. Қазақстанда, ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет - 971,3 млн теңге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теңге). 3 мамырдағы жағдай бойынша 838,2 млн теңге сомасында 39,1 мың біржолғы материалдық көмек берілді; 8,2 мың ардагерге 205,9 млн теңгеге коммуналдық қызметтер төленді; 52 ардагер 821,3 мың теңгеде жанармаймен қамтамасыз етілді; 56,2 мың ардагер 296,4 млн теңгеге тең жеңілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамтылды; 476 ардагерге 11,8 млн теңг…