Павлодарда өңірлердегі әлеуметтік мәселелер жайы қаралды
Павлодар облысында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйытқы болуымен, “2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Шаралар жоспарын кешенді түрде іске асыру туралы” тақырыбында екі күнге арналған республикалық семинар басталды. Семинар барысында Қазақстандағы 650 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның басындағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарлануда. Шараға мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құрылған Республикалық үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары мен мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілерінен, сондай-ақ, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының ба…