Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

ҚР ДСӘДМ жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспарының тұсаукесері өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілдерімен кездесті. Оның барысында ХЕҰ өкілі Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс- әрекет жоспарының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан жұмыс берушілері конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты. Жоғарыда көрсетілген жоспар жастар жұмыссыздығымен күрес бойынша тиімді шаралар қолдану үшін бағытталған. Ол қолайлы мамандықты таңдауда (кәсіптік бағдар) жастарды қолдауды, жастарды кәсіпкерлік қызметке ынталандыруды және жастардың еңбек нарығына қолжетімділігін кеңейтуді қарастырады.…

0
0
284

Жыл басынан бері 38 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы болды

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 38 мың қазақстандық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысты. Ол азаматтардың негізгі бөлігін, яғни 24 мыңға жуығын жұмыссыздар құрады, олардың 44% - ауыл тұрғындары. Жалпы жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік келісім-шарт жасасқан және өткен жылы оқыған немесе қайта даярлықтан өткен азаматтарды есептегенде 45 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты. Солардың 77% тұрақты жұмыспен қамтылды. Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркеліп, сәйкесінше шамамен 9 мың және 6 мың адамды құрады. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамт…

0
0
230

Алматыда жақын және алыс шетелдік мамандар репродуктивтік және перинатальдық денсаулықты жақсарту мәселелерін талқылауда

Бүгін Алматыда белгілі акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог ғалымдардың, жақын және алыс шетелдің ғылыми қайраткерлерінің, 10 фармацевтикалық компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Перинатологияның өзекті мәселелері» атты екі күндік халықарылық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады. Сондай-ақ іс – шараға Қазақстанның медицина академиялары кафедраларының қызметкерлері, республиканың барлық өңірлерінің дәрігерлері қатысты. Шараны өткізудің мақсаты – репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту. Ана өлімінің көрсеткіші жалпы елдің медицинасының деңгейін және акушерлік – гинекологиялық қызметінің сапасын сипаттайды. Ол денсаулық сақтау саласы жағдайының елеулі интегральдық индикаторы болып табылады. Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына сәй…

0
0
390

Мәжіліс зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөнінде заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасында: 1. Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. Зейнетақы жүйесіне қа…

0
0
238

Ұлттық ғылыми медициналық орталық «Еуропаның сапа көшбасшысы» марапатына ие болды

Ұлттық ғылыми медициналық орталық кезекті мәрте әлемдік деңгейдегі клиника ретінде танылды. Емдеу мекемесі мен оның төрағасы, профессор Абай Байгенжин «Еуропаның сапа көшбасшысы» марапатына ие болды. Жүлдені табыс ету шарасы Грекия астанасында болып өтті. Аталған марапатты жыл сайын Еуропалық сапа жөніндегі ұйым тағайындайды. Ол барынша жоғары өнімділікке ынталандыруға және сапаны насихаттауды қолдауға арналған. Жүлденің ерекшелігі, ол бірінші кезекте менеджментті жақсартуға қол жеткізген ұйым жетекшісінің еңбегін бағалайды. Айта кету керек, Ұлттық ғылыми медициналық орталық халықаралық аккредиттеуден өткен. Орталықтағы емдеу жүйесіне бес рет Еуропалық сапа менеджменті қорының жұлдызы берілген. «Бұл жетістікке жетуде еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне ерекше көңіл бөлетін Мемлекет басшы…

0
0
294

Астанада медициналық қызметкерлер арасында өткізілген «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара аясында 12 аталым бойынша өткізілген«Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Медициналық қоғамдастық алдында атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері және еліміздің медицина қоғамдастығы өкілдері (1300-ден астам адам) қатысты. Еліміздің медициналық қоғамдастығын кәсіби мерекемен құттықтаған Министр дәрігерлердің болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт д…

0
0
397

1100-ден астам дәрігер ҚР ДСӘДМ ведомстволық марапатына ие болды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, шара аясында министрліктің қызметкерлеріне ведомстволық марапат табыс етілді. Ұжымды кәсіби мерекесімен құттықтаған Министр Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау – өмірге келгеннен бастап қариялық шаққа дейін адам баласымен қатар жүретін жалғыз сала екенін атап көрсетті. Сондықтан, дәрігерлер қызметінің әр күнінде, әр минутында, тіпті әр секундында азаматтардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосады. «Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы алдына 2050 жылға қарай ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын 80 және одан көп жасқа жеткізу, халыққа медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетті және тиімді жүйесін құру, медициналық туризмді дамыту сияқты ауқымды міндеттер қойды. Бұл…

0
0
445

Жұмыспен қамтуға көмектесу жөніндегі өңірлік кешенді жоспарларды іске асыру нәтижесінде 109 мыңдай адам жұмысқа орналастырылды

Кешенді жоспарлардың атқарылу барысына жасалған мониторинг бойынша 2015 жылғы 1 маусымға дейін 159,9 мың адам немесе жылдық көрсеткіштің 50% жұмыспен қамтуға көмектесу жөніндегі белсенді шаралармен қамтылған. Еңбекпен қамту органдарына хабарласқан азаматтардың ішінде 109 мың адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылған жобаларға 14119 адам тартылды. Тағы 11087 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 5409 адам жастар саясаты аясында еңбекпен қамтылды. 78408 адам мемлекеттік қолдаусыз жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс тапты. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі қоғамдық жұмыстарға бағыттау боп табылады. Соңғы мәліметтер бойынша, оларға 44 мыңдай адам қатысты. Жыл басынан бері қайта оқуға немес…

0
0
390

7 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 7326 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 7326 азаматтың 4477-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1593 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1256 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 12…

0
0
152

Оралда есірткі тұтынушыларды емдеуді қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін Оралда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен «Аман-саулық» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында есірткінің орнын басу терапиясын дамыту перспективалары» тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармаларының, облыстық ЖИТС орталықтарының, наркологиялық диспансерлердің, құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардың туыстары қатысты. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар орнын басу терапиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ, оны Қазақстанда дамыту перспективалары жөнінде талқылады. Есірткінің орнын басу терапиясы – тәуекел топтары а…

0
0
374